|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

       Қазақ поэзиясының тәңірі…

               AbaiPainting

      Биыл, 2020 жылдың 10 тамызында ұлы ақын, ағартушы, ғұлама, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ халқының мақтанышы, қазақ әдебиетіндегі қайталанбас зор тұлға Абай Құнанбайұлына 175 жыл толды. Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.                                            

       Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келіп, 1904 жылы дүниеден қайтқан. Абай өзінің балалық шағын әжесі мен анасының қасында өткізді. Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Ол ауыл молдасынан дәріс алып, сауатын ашқаннан кейін білімін жетілдіру мақсатымен Семейдегі Ахмет-Риза медресесіне оқуға барады. Абай медреседе оқып жүрген кезде Шығыс, Батыс ақындары мен ғұламаларының еңбектерін оқиды. Шығыс классиктерінен Низами, Сағди, Науаи, Физули, Жәми және тағы басқаларын оқыса, екінші жағынан  Пушкин, Герцен, Некрасов, Толстой, Крылов, Достаевский, Тургенев мұраларын оқып, Спиноза, Спенсер, Льюис сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді. Абайтанудың білгірі Мұхтар Әуезов Абай туралы естеліктерінде: «Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан анағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып және бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды оқып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады.» – деп, Абайдың зеректігі мен оқуға деген ынтасын дөп басып көрсетеді. Жазушының сөзіне қарағанда, Абай бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдерін кәрілікке жеткен уақытына дейін ұмытпаған.

Әкесі Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа жеткен адамдардың бірі болған. Төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт күтеді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, ел басқару ісіне араластырады. Басында «барып кел, шауып келмен» жүрген жас Абай аз уақыттың ішінде жуан би және ел-жұртының қамын жейтін азамат болып шыға келеді. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін, ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, өлеңдермен насихаттамақ болды. Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлы. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек» – деп, Абайдың қайталанбас ұлы тұлға екенін сөз етті.

Абай алғашқы өлеңдерін 80-інші жылдардың ортасында жазған. Абай өлеңдерін үзбей жазуға тырысқан. Бірақ, сол кездегі ел арасындағы тартыстар біріңғай ақындықпен айналысуға мүмкіндік бермеген. Абай ақындық жолға бет бұрғанда өлең жолдарын білімге, өнер мен мәдениетке арнады. Ол 1885 жылы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» – деген тұңғыш шығармасын жазған. Абай поэма жанрын да меңгерген. Оған «Масғұт», « Ескендір», «Әзімнің әңгімесі» шығармалары дәлел. Абай өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да ерекшеленіп тұратын үздік туындылары көп. «Көктем», «Жаз», «Сегіз аяқ», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» секілді өлеңдерінің әрбіреуі тың дүние, шығармашылық жаңалық.

Абайдың қара сөздері – ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, даналық дүниетанымын көрсететін прозалық шығарма. Жалпы 45 қара сөзі бар. Оның бес-алты қара сөзі қысқа болса, кейбіреуі тақырыбы жағынан ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың көркіне ғана назар аудара қоймай, сонымен қатар шығарманың тереңдігі мен идеясына зер салған. Оның қара сөздері жалпы қазақ халқына ортақ асыл сөзге айналды.   Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918  жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абай – дана, Абай – дара қазақта,

Танымаған ұлы Абайды қазақ па?

Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,

Абай теңдес ақын болмас қазақта…

Қорытындылай келе, Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін әрбір қазақ баласы және халқымыз оқып санамен, жүрекпен қабылдап өмірде рухани бағдаршамдай пайдалану керек. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Абай сонысымен мәңгілік!

Болат САЙЛАН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Жания Омарова, 1-курс студенті

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

1 пікір

  1. Ğaly Baysimaq

    Abay biz üşin rasinda ulu tulğa, ädeby teren ğulama oyshil. Taryhta öz orunu erekshe zamaninan burun tuwğan tulğa dep bilgen jön. Abaytanuwdi biz äli künge sheyin öz därejesinde uluqtap kele jatqan joqpiz ökinishke oray. Ärbir qazaq üyinde Abay kitabi boluwğa tiyisti. Ömirdegi shindieqti ädildikti barsha suraqtar jawabin Abay ömirinen kitabinan toluq taba aluwğa äbden boladi. Biz üshin ol – payğambar. Ökinishke oray öskelen urpaq arasinda bilmestik orun alehp dübaralieq nemquraylilieq orun aluwda. Tärbiye bastawi jastar arasinda mieqtap qolğan alehniw shart.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: