|  |  |  |  |  | 

Руханият Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі Әдеби әлем

Ұлы классиктің сапары

Magauyn Muhtar…Сексенінші жылдары әйгілі американдық журналист Жон Ридтің «Дүниені дүрліктірген он күн» (Ten days that shook the world) (1919) Октябрь төңкерісі, большевиктер лаңы, пролетарлар, қызыл жамылған Петроград т с с. оқтың зыңғыры жұққан оқтын-оқтын оқиғалар өткен сәттің шытырманын еске жаңғыртар соңы ұзақ зардаппен ұласатын ~ «әдеби шығарманы» оқып жүргенде қолымызға осы заман классигі Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романы түскен~ді. Бас көтермей он күн оқып қауашақтай басымыздағы пролетарлық қырсау күршектерді оталап емдегеніміз есімізде.Күн көсемді жек көре бастаған тұсымыз да мүмкін осыдан бастау алған!?
Ақиесінің өз қолтаңбасымен 1989 жылы Улаанбаатарға сәлемдемеге келтірілген кітап мен үшін аса теңдессіз құнды. Кітапты пошта арқылы жолдаған досым ~ сол кездегі жарқ етіп шыққан жас жалынды жазушы қыз Гүлзат Шойбекова еді. Шыт жаңа әлемге қарай сана тереземізді айпара ашуға көмек болған туынды ~ «Аласапыран». Менің кішкентай жандүниемді, шархи ғұмырымды арпалысқа салған он күн! Соңы бүгінге дейінгі руһани азық!
Сағыныш болған ағамен бірге сапарласып атқосшы болу бақыты (2003) маған бұйырған!
Дэлүүнде ақсарбас сойылып, жолына көкқасқа жылқы шалынған.Бұ жолы досым Мусахан Ауғанбайұлы және тізгінде бесаспап тұлға Есей Базаргелді бірге жүрген~ді.
Сол ұлы классикпен бірге болған сапарымыз қазіргі Баян~Өлгий Дэлүүн сұмыны біздің қарашаңырақтың байырғы мекен күзеуі ~ Дэлүүннен басталған.
Дэлүүн аралынан Хэнтий аймағы Шыңғыс қағанның ХІІ, ХІІІ ғ. алтын ұйығы Дэлүүнболдог ~ Керулен дариясының көбесі Көделі аралға дейінгі он күндік сапар!
Дэлүүн мен Дэлүүнболдогтың арасы екі мың жарым шақырым жол. Жол сорабында Қарақорым, кәрі Орхон бойындағы Күлтегін, Білге қаған көшесі, Налайхандағы Тоңұқұқ күн сереккесенеге аял еткен еңкіл сапар бүгін қағаз бетінде қалды.
Мағауин сапары: Ховда жолында ~ әккі Жа Ламаны шалып, Өвөрхагай, Архангайдан ~ Күлтегінге, Завханнан ~ Әмірсана сүрлеуіне, орта түптегі Тоңұқұқ кесенесіне, Керулен көбесіндегі Өгедей қағанның орда тіккен алтын жұртына барып тірелді, сонда қона~түнегенбіз! Ұлы классиктің сапары бүткіл Моңғол даласын дүр сілкінткендей он күн осылай сәтті өткен~ді.
Ағамыз Өлгийге аялдаған түні жер сілкінген! Таң сәрімен тұрып теңселген пәтерден жер үйдегі досым Тілеуберді Тарпаңның үйіне қонып әңгіме тарқатқан күндер есте!
Кеудесіне жыршы құс ұялаған құдыретті ақын досым Светқали Нұжан ~ Айтманның өлеңіне арқау болған сапар!

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: