|  |  | 

Тарих Тұлғалар

ӘБІЛҚАЙЫР. БІР ХАТ – БІР МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ

148186517_4880746415334077_2127536772941020371_o
Бұл хатты осыдан екі жыл бұрын да салып едім, орысша. Енді шамам жеткенше аударып көрдім. Тарихта қазақ “1731 жылы Ресейге бодан болды” деп оқытып келеді. Осы үшін Әбілқайыр ханды жазғырғандар да көп. Және Петербор архивіндегі нұсқа тұздық болып келді. Қазақстандық ғалым И. Ерофеева оны ысырып қойып, Әбілқайырдың хатын түпнұсқадан оқып, қайта аударды. Сонда жалған дүние жария болып қалды. 1731 жылы 8 қыркүйекте Әбілқайыр Ресейдің қатын патшасына құзырыңа ал, қызметшің болайын деп хат жазбаған екен. Сонда “үш ғасырлық” деген әңгіме бекер болып шығады. Ескерту: орысша нұсқаны оқимын деген адам парақшамнан тауып алар. Ал әзірге:
1) Ирина Ерофеева аудармасы:
8 қыркүйек 1730 жыл.
Ұлы да мейірімді, жоғары мемлекеттің барлық жерін билеуші мәртебелі ұлы имепратрицаға қарапайым өтініш білдіреміз. Күннен күнге, жылдан жылға мемлекетіңіз (Сіздің) ұлғайып, байлығы арта берсін.
Сізге, ұлы мәртебелім, біздің өтініш мынадай. Сізге қарасты естек-башқұрттармен ауызбіршілік болмай тұр.
Ұлы мәртебелі император, Сіздің қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз арқылы тыныштыққа қол жеткізу үшін Сіздің құзырыңыздағы жайықтық естек Алдарбайға қосып өз елшімді де жіберіп отырмын. Осы Алдарбай Ұлы мәртебелі императорға елші сұрағандықтан, біз ¬- Әбілқайыр хан және қазақтың қырық би-сұлтаны, Орта жүз бен Кіші жүз, маған қарасты барлық қараша басымызды иіп, құп алдық.
Жарлық: Сіздің қызметшілеріңіз жайықтық естектермен келісімге келейік. Осындай жарлығыңызды қабыл аламыз.
Жіберілген елші Сейітқұлға Құлмамбет басшы, бірнеше қосшысы бар.
2) Архивтегі, патшайым тілмаштары аударған нұсқа:
8 қыркүйек 1730 ж.
Петербордағы мәртебеліге хат
Көп жерге иелік ететін ұлы да мейірімді, шаппағатты, бай да парасатты императрица ханымның билігін ұзақ ете көр деп күн сайын, ай сайын, жыл сайын Құдайдың рақымын тілейміз. Біздің Сізге деген өтінішіміз мынада: Сіздің қарамағыңыздағы, Жайықтың арғы бетінде тұратын естектермен аса жақын болған емеспіз. Ұлы мәртебелім, өзіңізге толық мойынұсынатынымды білдіру үшін Сіздің құзырыңыздағы Алдарбайға өз елшімді қосып жіберіп отырмын. Бұл Алдарбай өзіңізге, Ұлы мәртебелім, елші жібер дегендіктен, біз – Әбілқайыр хан және оның қарамағындағы Орта жүз бен Кіші жүз қарақұрым халқымен алдыңызда бас идік, біз Сіздің қызметшіңізбіз, әрі Жайықтың арғы бетіндегі Сіздің башқұрт халқыңызбен ымырада өмір сүру үшін Сіздің қамқорлығыңыз бен көмегіңізді жұрт болып күтіп отырмыз.
Сізге барақатты өмір тілейміз, әрі Сіздің құзырыңызға өтеміз.
Хатты берген Сейітқұл. Бас елші Құттымбет пен серіктері.

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: