|  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис

Өзбекстанның вице-премьері қазақстандық жастарды оқуға шақырды

 

Өзбек мемлекеті шетелдік студенттерге биыл 75 грант бөлген

Өзбекстан республикасының вице-премьері қазақстандық студенттерді өз елінде тегін білім алуға шақырды. Вице-премьер Азиз Абдухакимовтың сөзінше, өзге мемлекеттің жастары секілді қазақ студенттері де Орта Азиядағы заманауи жоғары оқу орны саналатын Самарқан қаласындағы университетте тегін білім ала алады. Университет өкілдерінің айтуынша, туризм саласы бойынша жоғары, жан-жақты кәсіби білім беретін жалғыз оқу орны тарихи қала Самарқанда ғана бар. Ашылғанына көп уақыт болмаған университет ағылшын тілінде білім береді және түлектер бірнеше елдің дипломын қатар алып шығады. Білім орталығының оқу корпусы жоғары санатты қонақ үйлер сияқты салынған. Ондағы мақсат, туризм саласын басқаратын мамандарға теориялық білім ғана емес, әлемдік сұранысқа сай көрсетілетін қызмет түрлерін үйрету.

«Мен Канада, АҚШ сынды туризм саласы дамыған әлемнің көптеген елерінде жұмыс істедім, әрі осы саланы зерттедім. Ол жақта құн қымбат болсада сапалы қызмет көрсетілгендіктен әлемнің қалталы азаматтары, туристер көп барады. Орта Азия елдерінде бұл сала кенжелеп қалған. Туризмнен мемлекетке пайда әкелу үшін ең алдымен жоғары қызмет түрі болу керек. Қонақ үй менеждменті, туристік фирмалар, мейрамахана бизнесін басқаратын кадрлар өте аз. Менеджерден бастап даяшы, аспазшыға дейін неғұрлым білімді, сыпайы, білікті болса қызмет сапасы да жақсарады. Алайда Орта Азия елдерінде бұл сала дамыған деп айта алмаймыз. Мысалы мейрамхананы басқаратын адам ең бергісі қасық, шанышқының қонақтың алдында қалай тұру керектігін, дайындалған асты қалай салып беру керектігін өз қызметкерлеріне үйрете білуі тиіс. Турист тұрақтаған бөлмедегі көрпе, өзгеде заттардың тұратын орнын теория жүзінде айтса ешкім мән бермейді, ал сол қымбат қонақ үйдің ішкі жабдығын университетте тәжірибе жүзінде көрсетсеңіз мамандар әлдеқайда тез бейімделеді. Сондықтан ғимарат әдеттегі аудитория емес, жоғары деңгейдегі делегацияны қабылдайтын мекеме тәріздес салынған», – деді «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің доценті Камол Мустаев.

Туризм саласы бойынша мамандарды дайындайтын ЖОО ашылған факультетер Орта Азия елдерінде өте көп болғанмен, олардың базасы қалыптаспаған, әрі оқытушылардың өздері әлемдік деңгейдегі туристік сұранысты түсінбейді деп санайды доцент. Соңғы үш жылда туризм саласына Өзбекстан көп көңіл бөліп келеді. Туристерді таңғалдыратын тарихи қалалардды, ондағы тарихи-мәдени орындарды насихаттаудың арқасында мемлекетке келушілер саны да көбейген. Соңғы үш жылда сырттан келетін туристер саны 3,5 есеге артқан. Тек биылғы жылдың алты айында Самарқан қаласына 1,2 млн турист тұрақтаған. Самарқанға саяхаттаушылар санының күр көбеюі заманауи кадр дайындайтын оқу орнының ашылуына түрткі болған.

«Универитетте бір мыңнан астам сутдент білім алады. Алғашқы түлектер келесі жылы диплом алады. Өзбекстанда туризм соңғы жылдары жақсы дамып келеді, келушілер саны көбейіп жатыр. Сәйкесінше қажетті мамандарға сұраныс артты. Биыл алғашқы магистранттарға диплом табыстадық. Таза ағылшын тілінде білім алған магистранттар Өзбекстанды шетелдіктерге өзге қырынан көрсете алады», – деді профессор Жолибой Елтазаров.

Өзбекстан Республикасының вице-премьері Азиз Абдухакимов туризм саласына жауапты тұлға. Әмір Темір салдырған Тұранның төсіндегі Түркістанға жиі сапарлайды. Мақсаты тарихы тамырлас, бұқарасы бауырлас қос елдің арасында туризм кластерін қалыптастыру. Түркістан-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Жиззақ-Бұхара бағытындағы темір жол жобасының жылдам жүзеге асуына ат салысып келеді. Қазақ хандығының астанасы Түркістан мен сұлтандар салтанат құрған Самарқан арасын жалғайтын жол ашылғанда туристік саланы жоғары деңгейде білетін жас мамандарға сұраныс тағы арта түседі.

«Университет Өзбекстанға ғана емес, Орта Азия елдеріне қажетті мамандарды дайындайтын жалғыз ЖОО орны. Университетте музей менеджменті, қонақ үй менеджменті сынды сұранысқа сай көптеген мамандықтар ашылып жатыр. Мен Қазақстандағы абитуриенттерді Самарқандағы біздің оқу орнында білім алуға шақырам. Құжаттарды онлайн түрде жіберіп, қажетті сынақтарды тапсыра алады. Қазақстандық жастарды осында оқуға шақырам. Қазақстандағы әріптестерімізбен ортақ үлкен ауқымды жобаларымыз бар. Ортақ жобаның бірі Өзбекстанға келген туристерді Қазақстанға да тарту немесе керісінше. Қазақстанда көшпенділердің өмірін көрсететін туризм қызметі көп, ал Самарқанға саяхаттаушылар отырықшылардың дәуірін көре алады. Түркістан арасын жалғау арқылы ауқымды туризм кластерін қалыптастыру. Осы бағытта біз Қазақстандағы туризм саласына жауапты әріптестерімізбен жиі кездесіп, жұмыстарды, жобаларды талқылаймыз. Тек соңғы екі айда үш үлкен кездесу өтті. Маңызды жұмыстың бірі – түркітілдес елдердің арасын жақындату, жалғау. Жуырда Қоқанда түркітілдес елдердің туризм саласына жауапты министрлері кездестік. Шетелдерден туристерді тарту бойынша өзара әріптестік орнатып жатырмыз. Түркістан қаласындағы оқу орындарымен де бірлесе жұмыс істеу жоспары құрылған. Мақсатымыз ол жердегі студенттер оқуын Самарқанда жалғастыра алады немесе осында бірнеше оқу курстарына қатыса алады. Біздің студенттер бірнеше семестрді Түркістанда өткізе алады. Бұл мемлекет аралық туризмді меңгеруге мүмкіндік береді. Қос елде білім алған мамандар үшінші мемлекеттен келген туристерге түрлі туристік өнімдерді ұсына алады», – деді Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов.

Мемлекеттік оқу орны Азия елдерінен келген студенттерді қабылдап үлгерген. Университет өкілдерінің сөзінше, жуырда оқу орнының жанынан без жұлдызды қонақ үй салынады. Бұл студенттердің туризм саласы бойынша басшылық баспалдағынан өтуге мүмкіндік береді. Ал сарапшы Мейіржан Әуелханның сөзінше, Қазақстанда туризм академиясы деп аталған оқу орындары болғанмен, сапалы мамандарды шығаратын оқу базасы қалыптаспаған. Студенттерге туристік салада басшылық жасайтын мамандарды дайындауға мүмкіндік бергеннің орына, ректорлары шетелде аң атып, қызық қууға құмар.

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: