|  |  | 

Мәдениет Саясат

Мәдениет министрі неге өтірік айтты?

photo_171485Өткен аптада Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың Орталық
коммуникациялық қызметі алаңында халық алдында есеп беру кездесуі
өтіп, Қазақстандық режиссер Гүлнар Сәрсенова «Нартай» деген фильм
түсірді. Былтыр қатаң карантин болмағанда трагикомедия қалың
көрерменге жол тартар еді. Әттең, экранизацияның премьерасы
салтанатты түрде болған жоқ, дегенмен, интернет беттерінде трейлері
қаптап, фильм туралы ақпараттар шықты. Сауал осы фильмге қатысты
болған-ды. Өйткені, туындының музыкасын министр жазды.
Композитор ретінде шенеуніктің қанша гонорар алғанын білгіміз келді,
алайда, Ақтоты Райымқұлова «менің қатысым жоқ, барлық ақпарат
жалған» деп, басын ала қашты.
Құжаттарда көрсетілгендей, үш миллион алты жүз теңгеге гонорар
министр Райымқұловаға бөлінген. Ақпаратқа қолжетімділік елде
қамтамасыз етілген. Құжаттар арнайы сайттарда сарнап тұр. Министр
неге өтірік айтты екен. Өзіңіз айтқандай, мемлекеттік қызметкерлерге
шығармашылықпен айналысуға болса, айналысыңыз! Бірақ, дүйім
жұрттың көзін бақырайтып, сонша алдаудың не керегі бар??? неден
қорықтыңыз?)

Реестр к фин.отчету 1 Нартай Утвержденные титры Нартай

Anel Karamanova 

anelkaramanova3@gmail.com

Related Articles

  • “Ол нағыз қазақ”. АҚШ валюта басқармасы жетекшілігіне ұсынылған Сәуле Омарова кім?

    Дархан ӨМІРБЕК Қазақстан тумасы, АҚШ азаматы Сәуле Омарова АҚШ валюта басқармасының жетекшісі қызметіне ұсынылды. АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін саяси қызметке Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы ұсынды. Сенат оны мақұлдаса, басқарманың 158 жылдық тарихында басшы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел және алғашқы азиат болмақ. 3,5 мың қызметкері бар басқарма мыңнан астам ірі банкті бақылайды. Ал олардың жиынтық активі 15 триллион долларға жуықтайды. Бірақ банктер мен республикашылдар Омарованың идеяларын тым радикал санап, оған қатты қарсылық танытып отыр. Тіпті бір сенатор оны коммунистік көзқарастағы адам болуы мүмкін деп, СССР кезінде жазған диплом жұмысын сұратты. Ал баспасөз құралдары оның әрбір сөзін талдап, биографиясын шаммен қарағандай шұқшия тексеріп жатыр. 55 жастағы Сәуле Омарованың АҚШ

  • Б.Төлегенова атындағы ХІ халықаралық вокалистер байқауы өтті

    Нұр-Сұлтан қаласында Бибігүл Төлегенованың ХІ халықаралық вокалистер байқауы өз мәресіне жетті. Марапаттау, гала-концерт пен байқаудың салтанатты жабылуы 11-қазанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтіп, ХІ халықаралық вокалистер байқауының қорытындысы жария етілді. Байқау жеңіпазының есімі белгілі болды. Айта кетері – биыл Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауының 20 жылдығы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сәйкес келіп отыр. Халықаралық байқау әлемнің ең озық сахналарында еліміздің атын шығаратын жаңа жұлдыздарды жарқыратады. Байқаудың гран-при жүлдесі Алматы қаласынан келген жас орындаушы, керемет баритон дауысты Көшкінбаев Дінмұхамедке берілді. Соңғы өткен байқаулардан кейін алғаш рет гран-при Қазақстанда қалды. ХІ халықаралық вокалистер байқауының жеңіпазы Көшкінбаев Дінмұхамед жеңісі үшін ризашылығын білдірді. Әділқазы алқасы өзара кеңеспей, бір ауыздан әншіге жоғары балл

  • Тәліптер ұйғыр жасағын Қытай шекарасынан шеттетті. Мұның астарында не жатыр?

    Рейд СТЭНДИШ Кабул көшесін күзетіп жүрген қаруланған тәліп. 3 қазан 2021 жыл. “Талибан” Ауғанстанның Қытаймен шекарасына жақын аумақтағы ұйғыр жасағын сол маңнан шеттетті. Бұл – Пекин мен “Талибан” арасы жақындай түскенін білдіретіндей. “Талибан” Ауғанстан мен Қытай шекарасына жақын аумақтағы ұйғыр жасағын сол жерден шеттетті. Бұл жайлы Азаттық радиосына құпия дереккөз хабарлады. Сарапшылар бұл Пекин мен тәліптердің байланысы нығайып жатқанын білдіреді дейді. Ауғанстан шекарасынан басқа өңірлерге көшкен ұйғыр содырлары “Түркістан ислам партиясының” мүшесі деп айтылып жүр. Пекин бұл экстремистік топты Шыңжаңдағы тәртіпсіздіктерге қатысты жиі айыптап, оны әлі “Шығыс Түркістан ислам қозғалысы” деп атайды. 1990-жылдары билікте болған “Талибан” аталған ұйғыр тобына Ауғанстанда әрекет етуге ерік берген. Қазір де қозғалыстың топпен байлысы бары

  • Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды.

    Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды. Халықаралық байқауға 11 елден өтінім түскенмен, әлемдік пандемияға байланысты шетелдік қатысушылардың саны шектелген. Биыл байқауға 4 мемлекеттен бөлек елдің әр өңірінен жиналған опера өнерінің жас вокалистері Нұр-Сұлтанда бақ сынайды. Байқаудың әділқазылары да Италия, Чехия, Франция, Ресей сынды мемлекеттерден келген өнер қайраткерлері. «Әлемдік пандемияға қарамастан ұйымдастырушылар байқауды өткізгеніне барлық қатысушылар қуанды. Өйткені көптеген іс-шаралар тоқтатылып, қатысушылар, жанкүйерлері, көрермендер офлайн шараларды, әдемі опера өнерін сағынды», – деді РФ Еңбек сіңірген қайраткері Т.Д Новиченко. Чехиядан келген мейман, әділқазы мүшесі, Прага операсының солисі, Коми Республикасының халық әртісі Дамир Басыров «Мұндай байқаулар жаңа ұрпаққа мәдени-адамгершілік тәрбие беру үшін аса қажет. Біз жаңа дарын иелерін анықтап, таныту үшін

  • ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

     Егеменді ел болып, еңсе тіктегенімізге биыл – 30 жыл. Азаттықтың ақ туын желбіретіп, замана белестерінен сүрінбей өтіп келеміз. Шүкір дейміз. Тәуелсіздік жолындағы тарихтың тартуы мен талай тауқыметін бастан кештік. Енді, міне, дүбірлі кезеңнің барлық дүрмегін артқа тастап, даңғылға түстік. Ұлттық мәдениетімізді әлемге танытып, өркениеттің өзегінен нәр алдық, жарқын болашақ пен кемел келешекке негіз қаладық. Құлашын кең жайып, өсіп, өркендеп келе жатқан еліміздің кемел келешегіне кепіл болар – білім мен ғылым игеру, оның құндылығын арттыру. Ал, білім, ғылым бәсекесінде керегі – қырандай қырағылық, жолбарыстай жылдамдық,  арыстандай айбарлық. Білім – телегей теңіз қуатындай, ол ұлттық сананы жаңа сапалық деңгейге көтеруде шешуші мәнге ие. Бүгінде жаңа дәуірдің жаңалықтарынан қалмай, жаңғыру үшін қызмет ету,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: