|  |  | 

Көз қарас Саясат

АҚШ-Қытай-Ресей үштік державаның талас-тартысы Орталық Азияны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін…

Шағын Сараптама
Естеріңізде болса осыдан бір жарым жыл алдына Ауғанстан және Орталық Азия тақырыбы бойынша бір сұқбат жасаған едік. Сондағы кейбір болжалды түйіткілдер дәл қазір әлемдік саяси аренада кеңінен пікір-таласқа салынып жатыр. Ары қарай…
Бірінші, Әлемдік ірі ақпарат көздері АҚШ әскері Ауғаныстаннан толық шегінген жағдайда туындайтын гео-саяси ахуалды қызу талқыға салып жатыр. АҚШ (және НАТО) әскері толық шегінсе Ауғанстан үкіметі елдегі тыныштықты қамтамасыз қыла ала ма; Ауғаныстандағы ислами күштер нені жоспарлап жатыр; Ауғаныстандағы жағдай алдағы кезеңде қытайға қалай ықпал жасауы мүмкін; Қытайдың қандайда бір стратегиялы жоспары бар ма; тб өзекті тақырып қазақ баспасөзінде тәуелсіз һәм тарапсыз талқыға салынуы керек.
Екінші, АҚШ әскері толықтай шегінген жағдайда Орталық Азияны қандай қауіп және қандай стратегиялық мүмкіндіктер күтіп тұр; Ресейдің өңірдегі әскери-саяси ықпалы одан сайын арта түспей ме; Қытайдың Орталық Азияға бағытталған гео-стратегиялық саясаты қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін; Ресей-Қытай қатынастары Орталық Азия үшін жаңа бәсекегенің алаңына айналмай ма; Мүмкіндігі қайсы, қаупі қайсы;
Үшінші, АҚШ алдағы уақытта Ауғаныстандағы қауіпсіздікті жіті қадағалап тежеп отыруы үшін жақын аймақтың бірінен “әскери база” құруы бек мүмкін. Бұл база нақты қайда құрылмақшы; Орталық Азияда ма әлде Пакистанда ма немесе қай елде; Орталық Азиядағы қайсы елде құру ықтималдығы салыстырмалы түрде жоғары, Өзбекстан, Қазақстан әлде Тәжікстан; Бұған Ресей мен Қытай қалай қарайды; Орталық Азия аймақтық державалардың жаңа талас-тартыс ошағына айналуы өңірдегі диктатурлық жүйеге қалай ықпал жасауы мүмкін; Орталық Азияның өз ішіндегі саяси-әскери бәсеке арта түсей ме; Ауғанстан факторы Ақш-Орталық Азия қатынастарына оң ықпал бере ме;
Төртінші, Ресейдің стратегиялық жоспары Үнді-Тынық Мұқит Аймағына шығу, ол әу бастан түсінікті. Бірақ соңғы кезде Өзбекстан-Пакистан қатынастары ойланта бастады. Өзбекстанның соңғы уақыттағы қадамы Үнді-Тынық Мұқит аймағына қарай жылжып барады. Өзбекстан Пакистанмен толық келіссе Үнді Мұқит арқылы әлемдік нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Ол үшін Ауғанстан тұрақты әрі қауіпсіз болуы тиіс. АҚШ үшін Орталық Азиядағы бірден бір мүмкіндігі жоғары ел- Өзбекстан. Алда-жалда АҚШ Орталық Азияда әскери база құрмақшы болса Өзбекстан ең тиімді елдер қатарына жатады. Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымынан шығып кеткен және шетел күш әскери базасының елде құрылуын құқықтық заң баптарымен тиым салып қойған Өзбекстан әлде қандайда бір заңнамалық реформалар арқылы өзгеріс енгізе салуы әбден мүмкін. Әрине, бұл тек нақты келісілген жағдайда…
Бесінші, соңғы кезде Ресейдің ұлтшыл депутаттары “Орталық Азия Әмірлігі құрылып, орталығы Ташкен болуы керек” деген пікірлерін ашық айтып жүр. Бұл жанамалай болса да Ресейдің шынайы көзқарасын айшықтай алады. Орталық Азия елдерінің белгілі деңгейде бірігуін АҚШ бастаған батыс күштері де қолдайды. Бірақ, ол нақты кімнің саяси қолшоқпарына айналуы керек, ол жағы өте таластағы тақырып. Ресей Орталық Азия біздің алақанымызда біріксе дейді және тамтұмдап болса да қадамдар жасап жатыр. Қазақстан-Өзбекстандағы “Түркістандық” реформалардың жасалуы соның бір көрінісі.
Алтыншы, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық АҚШ назарын қатты аударып жатыр. Қытай да Орталық Азияға өз ықпалын жүргізгісі келеді. АҚШ-Қытай-Ресей үштік державаның талас-тартысы Орталық Азияны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. Бұған Орталық Азиядағы “су мәселесі” мен “этникалық топтар” және “діни күштер” қақтығыстарын қосыңыз. Бұрын Ресей өңірдегі осы қақтығыстарды сылтау етіп өз ықпалын барынша арттыруға тырысатын, соңғы кезде ол позициясынан өзгеріп жатыр. Онда Ресей қандай жаңа стратегиялы саясатты жобалап жатыр, сол жағы қызық.
Жетінші, Қазақстан үшін ең ауыр, ең қиын стратегиялы кезеңдер басталып жатыр. Өңірде Өзбекстан өте күрделі ішкі-сыртқы проблемаларына қарамастан нақты қадамдар мен реформалар жасап жатыр, бұл алда Қазақстан үшін үлкен бәсеке деген сөз. Егер Өзбекстан АҚШ-пен келісе отырып Ауғанстан тұрақтылығын қамтамасыз қылса Пакистан арқылы Үнді-Тынық Мұқит аумағына еркін шығады, бұл Өзбекстанды ұшқан құстай самғататын мүмкіндік. Ал, Қазақстан ішкі құрлықтық түйіткілдердің арасында көміліп қала береді. Сол үші нақты реформа және анық стратегиялық жоспарлар керек. Тіпті Өзбекстанмен біріге отырып ортақ стратегиялы мақсаттар құрса Үнді Аумағына Қазақстан да қамсыз шыға алады. Онда Түркістан-Шымкент-Ташкент-Самарқан жолы ары қарай Ауғанды басып Пакистан Карачиге жалғасу бек мүмкін. Бұл қазірше тек қиялдағы жоба.
Қазірше осы, кейін тағы жазамыз.
Ескерту: сурет ББС-дан алынды.
Елдес ОРДА
23.05.2021

Related Articles

  • Мәдениет министрі неге өтірік айтты?

    Өткен аптада Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың Орталық коммуникациялық қызметі алаңында халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, Қазақстандық режиссер Гүлнар Сәрсенова «Нартай» деген фильм түсірді. Былтыр қатаң карантин болмағанда трагикомедия қалың көрерменге жол тартар еді. Әттең, экранизацияның премьерасы салтанатты түрде болған жоқ, дегенмен, интернет беттерінде трейлері қаптап, фильм туралы ақпараттар шықты. Сауал осы фильмге қатысты болған-ды. Өйткені, туындының музыкасын министр жазды. Композитор ретінде шенеуніктің қанша гонорар алғанын білгіміз келді, алайда, Ақтоты Райымқұлова «менің қатысым жоқ, барлық ақпарат жалған» деп, басын ала қашты. Құжаттарда көрсетілгендей, үш миллион алты жүз теңгеге гонорар министр Райымқұловаға бөлінген. Ақпаратқа қолжетімділік елде қамтамасыз етілген. Құжаттар арнайы сайттарда сарнап тұр. Министр неге өтірік айтты екен. Өзіңіз айтқандай, мемлекеттік

  • Әлем алпауыттарының стратегиялық кездесулері неге жиіледі? (Шағын сараптама)

    Наурыздың 18- күні Ақш Сыртқы Істер Министрі Антони Блинкен мен Қытай Сыртқы Істер Министрі Ван И (王毅) Алияскада аса маңызды кездесу жасады. Осы кездесуден соң қос үйекке жіктелгендей болған екі жарты шардың алпауыттары тоқтаусыз стратегиялық кездесулерді бірінен соң бірі бастап кетті. Ақш СІМ’лері Жапон, Корея, Үндістанмен маңызды кездесулер жасап жатқанда 22- наурыз Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров Гуйлиньде Қытай СІМ’і Ван И-мен кездесті. 24- наурыз Түркия СІМ’і Мевлют Чавушоглу (Mevlüt Çavuşoğlu) Брюссельбегі НАТО СІМ’лерінің басқосуында Ақш-тың СІМ Блинкенмен кездесті. 27- наурыз Қытай-Иран Сыртқы Істер Министрлері аса маңызды тарихи кездесу жасады да аса ірі стратегиялы құжатқа қол қойды. Иран осы маңызды келсімнен соң Орталық Азия елдерін бетке алып 7- сәуір біздің

  • КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша?

    Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер. Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып

  • АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде Орталық Азия текетірес аренасына айнала ма?

    Рейд СТЭНДИШ Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл. Қытай мен АҚШ арасындағы бақталастықтың артуы Еуразия елдеріне әсер етпей қоймайды. Себебі қос держава да әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда Еуразияға өзгеше стратегиялық көзқараспен қарайды. Бұл құрлық екі держава арасындағы бәсекедегі негізгі аренаға айнала ма? Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы 18-19 наурыз күндері Аляскада АҚШ пен Қытайдан келген ресми тұлғалардың арасында өткен екікүндік келіссөзде айқын көрінді. Кездесуде екі тарап сөзбен шарпысып қалды. Аляскадағы кездесу қос мемлекеттің қарым-қатынасы түзелуі мүмкін деген үмітті жоққа шығарды. Бұл – Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғалы әлемдегі ірі екі

  • ҒҰНДАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ – ҚОҢЫРАТТАР

    (Қоңырат шежіресіне байланысты шығатын жаңа кітаптарға арналған) Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы Тәуке ханның тұсында қанаттас отырған рулар топтастырылып, өз тұрған өңірлерідегі жаңа Жүз бірлестігіне кірді. 1456жылы Қазақ хандығы ең алғаш құрылған жер Шу, Талас өзендерінің бойы еді. Міне осы қарашаңырақтың орны мен оның айналасындағы Жетісу, Алатау, Қаратау аймақтарындағы рулар Ұлы Жүз деп аталды. Қазақ хандығы құрылған кезден бастап шешуші рол атқарып келе жатқан іргелі алты ұлыс Орта Жүз болып біріктірілді. Олар Алтай-Ертіс, Тарбағатай, Сары Арқа, Сібір, Балқаш, Сырдың орта ағысы өңірлерін алып жатты. Қазақ хандығының құрамына кейінірек қосылған Еділ-Жайықтағы рулар Кіші Жүз болып топтастырылды. Сол кезде Қоңырат ұлысы Орта Жүз бірлестігіне енді. Бұл қазақ үлкен империяның қарашаңырағында отырған ұлт. Бірлікке

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: