|  | 

Жаһан жаңалықтары

Украина мен Ресей шағын қала үшін неге соғысып жатыр?


Бахмут қаласының маңы. 5 наурыз, 2023 жыл

Бахмут қаласының маңы. 5 наурыз, 2023 жыл

Бірнеше айға созылған шабуылдан кейін Донбастағы Бахмут қаласы қантөгіс алаңына айналды. Украина шабуылға әлі қанша төтеп бере алады? Бахмут құласа, не болады?

Тамыздан бері Ресей әскері мен “Вагнер” жалдамалы тобы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Бахмутқа құрлық әскерін жұмсап, Украина қорғанысын бұзу үшін үздіксіз шабуыл жасап жатыр.

Кейінгі айларда Украина елдің солтүстігіндегі Харьков облысы мен Днепрдің батыс жағалауындағы Херсон аймағында қарымта шабуылды үдетіп, бұл маңдағы шайқас назардан тыс қалған.

Бірақ желтоқсан айында шабуыл күшейіп, Ресей әскері Бахмутты үш жағынан қоршауға алды. Қоршаудағы Украина әскеріне қаладан шығатын бір ғана жол қалған. Алдағы бірнеше күнде Бахмут толықтай Ресейдің қолына өтуі мүмкін.

Сонымен бұл шайқастың мәні бар ма?

Әскери сарапшылар мен соғысты бақылаушылар үшін Бахмуттың стратегиялық маңызына қарағанда символдық мәні жоғары. Луганск облысының әкімшілік шекарасынан батысқа қарай 20 километр жерде Бахмутка өзенінің жағасында орналасқан 70 мың халқы бар қала шарабымен және тұз шахтасымен танымал болған.

Бахмут қаласы айнала қырат-төбемен қоршалған ашық жазықта, негізгі жолдар тоғысында орналасқан.

Ойлы-қырлы болғандықтан, қала минометпен атқылауға ыңғайлы. Қаланың жол торабында орналасуы әскер мен техниканы еркін тасымалдауға мүмкіндік береді.

Ресей әскері жеті-сегіз аптадан бері Бахмутты алу үшін шабуылды үдетіп жатыр, қала бірнеше күн ішінде құлауы мүмкін. 

“Қаланы қорғап қалуға қауқарымыз жететін сияқты. Өте ауыр. Жаудың үздіксіз шабуылына тойтарыс беру қиын. Қалаға кіріп-шығу қиындады. Бірақ азық-түлік, оқ-дәрі жеткізу, жаралы жауынгерлерді алып кету тоқтаған жоқ” дейдіУкраинадағы 5-шабуылдаушы бригаданың жауынгері Юрий Сыротюк.

Украинаның жоғары басшылары, бірінші кезекте, президент Владимир Зеленский Бахмутты қорғау жалғасатынын айтты.

“Украинаның бас қолбасшысы, генерал Валерий Залужний мен басқа да командирлер Бахмутты қорғау операциясын жалғастыруды қолдап отыр” делінген 6 наурызда шыққан Зеленский әкімшілігінің мәлімдемесінде.

Сол күні түнде жариялаған видеосында Зеленский былай деді: 

“Әскери басшылық кері шегінбеу туралы шешімді бірауыздан қолдады. Басқа позиция болмады. Бас қолбасшыға Бахмуттағы жауынгерлерге қосымша күш жіберуді тапсырдым”.

Батыс шенеуніктері барынша сақ болуға тырысып бақты.

“Украиндар Бахмуттың батысына қарай шегінетін болса, мұны оператив немесе стратегиялық сәтсіздік деп қабылдамаймын. Жанын салып Бахмутты қорғап жатқан жауынгерлердің еңбегін жоққа шығарғым келмейді. Бірақ Бахмут стратегиялық емес, символдық мәнге ие. Сондықтан орыстар қаланы басып алған күннің өзінде бұл соғыс барысы өзгерді дегенді білдірмейді” деді 6 наурызда АҚШ-тың қорғаныс министрі Ллойд Остин

“Бұл Украинаның қаланы қорғау қабілетін тежеуі мүмкін, бірақ олардың күресін тоқтатпайды. Ресей бұл мақсатқа көп шығындалып, қанша адамын құрбан етті. Сондықтан жақында украиндар қаладан кетуге мәжбүр болуы мүмкін” деп жазды Австралия әскерінің бұрынғы генерал-майоры, Ресей әскери доктринасы бойынша сарапшы Мик Райан.

УКРАИНА МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҒЫНЫ БІРДЕЙ

Бахмутты қорғауға бір себеп болса, сарапшылар оны былай түсіндіреді: бұл Харьков облысына шабуыл алдындағы тактикаға ұқсайды, украиндар Ресей әскерін шығынға ұшыратып, көктем мен жаздағы шабуылдар алдында әлсіреткісі келеді.

Әскери сарапшылардың сөзінше, Ресейге Бахмутты солтүстік, шығыс пен батыстан қоршауға алу қымбатқа түскен: кейінгі айларда майданда қаза тапқан бір украинға жеті-сегіз орыс жауынгерінен келген. НАТО-ның аты-жөнін жасырын қалдыруды сұраған өкілетті қызметкерлері де CNN-ге берген сұхбатында осы деректі растаған.

“Жалпы алғанда, қарсыластың тактикасы өзгерген жоқ. Украина әскеріне қарсы шабуылға “тірі ет толқыны” ағылып жатыр” деді 1-арнаулы бригада өкілі Тарас Березовец «Настоящее времяға» берген сұхбатында.

Сарапшылар қазір Украина мен Ресейдің шығыны бірдей деп бағалап отыр.

“Бахмуттың стратегиялық мәні – қарсыласты барынша әлсіретіп, әл-дәрмені қалғанша шайқасу. Өйткені 2023 жылғы соғыс барысына осы шайқас шығыны едәуір әсер етеді. Қазір қай тараптың алда келе жатқанын айту қиын” дейді үкімет қаржыландыратын ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Николай Белесков.

Соғысты зерттеу институты да осы пікірге қосылады.

Америкалық сараптама орталығының зерттеуінде: “Ресей әскері шабуылын бірнеше ай бойы жалғастыруға тырысады. Бұл Украинаға бастаманы өз қолына алуға мүмкіндік береді” делінген.

Украинаның Бахмут үшін күресіне Ресейдің осы өңірге жіберген әскер құрамы да әсер етіп отыр.

Жақында Бахмутқа барып келген америкалық сарапшы, әскери-теңіз талдау орталығының қызметкері Майкл Кофман Twitter парақшасында “Украина Бахмутты жанкештілікпен қорғау арқылы Ресейдің оқ-дәрі қоры мен жауынгерлер санын азайтты. Бірақ бұл стратегия кері нәтиже беруі мүмкін. Өйткені Украина шабуылға ресурс үнемдеп отыр. Бұл маңызды операцияда жеңіске жетуге кедергі келтіреді” деп жазды. 

“СОҒЫС СТРАТЕГИЯСЫ НАШАР”

Ресей әскері Бахмутты алса, мақтануға себеп табылар еді. Өйткені осыған дейінгі Украинаның жеңісі Ресей әскеріндегі жүйелі мәселелердің бетін ашқан.

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 7 наурызда “Бахмутты алсақ, Донецк облысына жол ашылады” деп мәлімдеді.

Бахмут шайқасында көбіне мобилизация кезінде әскерге алынған, дайындығы төмен жауынгерлер мен “Вагнер” тобының үгіттеуімен жазасын жеңілдету үшін соғысқа баруға келіскен тұтқындар қырылып қалды.

Батыс шенеуніктерінің мәліметінше, “Вагнер” тобына 50 мың тұтқын қосылған. Олардың барлығы дерлік Бахмут шайқасына жіберілген.

“Бұл – Бахмутты алудың соңғы мүмкіндігі. Олар жергілікті жерде болсын жеңіске жетуге тырысады” дейді Украина шығыс әскерінің баспасөз хатшысы, полковник Сергей Череватый.

“Вагнер” тобының басшысы Евгений Пригожин Бахмутты жаулап алғанын кемі екі рет айтқан. Ол Украина күштерінің көзін жоюға уәде берген.

«Вагнер» әскери тобының жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің сыртқы істер министрлігімен жұрт алдында тақасып отырғаны белгілі. Соғыс кезінде саяси танымалдығы артқан ол Бахмутты қорғаныс министрлігіне қарсы шоқпар ретінде пайдаланғысы келетіндей.

Украина мен Батыс шенеуніктері Бахмутты шабуылдап жатқан “Вагнер” әскерінің құрамы өзгеріп, топ қатары кәсіби дайындықтан өткен, тәжірибелі жауынгерлермен толыға бастағанын айтады.

Кейінгі апталарда Пригожин «Вагнер» тобына арналған оқ-дәрі қоры азайып бара жатқанын айтып шағынған. Бұрынырақта Пригожиннің жақтастары Шойгу мен Ресей бас штабының басшысы, генерал Валерий Герасимовқа қарсы шыққан.

“Орыстар Бахмутты алса, қираған қалаға ие болады. Қаланың стратегиялық маңызы төмен. Онда оккупациялық күштерге көмек болатын инфрақұрылым қалған жоқ. Ресейдің Бахмутты жаулап алуға сонша күш жұмсағаны олардың соғыс стратегиясының нашарлығын көрсетеді” деп жазды сарапшы Мик Райан.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: