Суреттер сөйлейді Тарих
Тибет асқан көш не себепті басталды?
1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын.
1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады.
1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ болған ісінен басталды. Ұйғырлар оны қоластындағыларымен қоса өлтіріп көтеріліс бастады. Қосын неше мыңға жетіп басуға жіберілген неше мың әскерді қырып тастады. Осы кезде оған қарсы Шыңжаңның өзге аймақтарынан қарулы күштер жөткелді. Қожанияз өз күші жеткіліксіз деп қарап Гансудағы дүңгендерден көмек сұрауға адам жіберді. Осы орайда Ма Жұңиың 1931-жылы жазда 400 әскерімен көмекке келді.
Олар Баркөл қазақ үкірдайы Әліпке Жолбарысты жіберді. Жолбарыс Әліпті «Шығыс Шыңжаң қожасы» деп атап, онан мал, ат-көлік сұрады, Әліп оларды қолдап 100 ат, мың қой берді. Осы кезде Шыңжаң үкімет армиясының шығысты тыныштандыру полк командирі Шың Шысайда Әліптен көмек сұрады, Әліп оның адамын байлап тастады.
Ма Жұңиың Баркөл қазақтарын ұйымдастыруға кірісті, қазақтар Әліптің басшылығында соғысқа кірісті. Молқы Байжиен батыр, уақ Әйембет, шақабай Мұқаділдер белсене қатысты. Қазақ қарулы күші мың адамға жетіп Баркөл қалашығын сұрапыл соғыспен басып алды. Баркөлді Әліп иелеп тұрып қалды. Қожанияз, Ма жұңиың, Байжиендер Құмылды алуға аттанды. Олар Құмыл қамалын түбін қазып, бомба арқылы партылатып басып кірдіде қытай әскерін жойды. Шың шысай 1500 адаммен Құмылға қайтарма шабуылға өткенімен жеңіліп кері шегінді. Іледегі әскер басы Жаң Пиюан Құмылды жарты жылдай қоршап ала алмады.
Осыдан соң мұсылман әскерлер(қазақ, ұйғыр, дұңғандар) Шонжыға аттанды, Шондыда үлкен соғыс болып 3000 нан аса қытай әскері қырылды. Қытай тараптада қазақ әскерлер бар еді, Нұрғазы атты мерген Ма жұңиыңды атып жаралады. Соғыстан кейін ұйғыр мен дұңғандар қаруға таласып араздасты. Ма жұңиың Гансуға қайтты.
Қытай үкіметі қазақ беделдісі Баймолланы Мориға жіберіп қазақтарды Қожанияздан бөлмек болды.
1932 жылы Қожанияз қосыны ауыр жағыдайда қалды, ол қарлы таудан Байжиен батырдың ақылымен киіз төсен асып Моңғолия шегарасына барды, Моңғолиядан көмек сұрады, Моңғолия Абай деген қазақты жіберіп тілдесті, Моңғолия көмекке 5000 қару берді. Осы кезде Баркөлді сақтап тұрған қазақтар бытырап кетті де қытай армиясы Баркөл қаласын басып алып, ондағы 60 үй ұйғырды қырып тастады. Қожанияз осы іске Әліпті кінәлады, сосын қазақтар ұйғырларға өкпеледі.
Осы орайда Жин Шурын Шәріпқанды, Баймолланы Әліпке жіберіп кеңес айтты, Әліп олармен бірге Үрімжіге барып Жин шурынмен жолығып келісімге келді.
Осы жылдың 7-8 айларында Қожанияз бен дұңған әскері қытайға қарасты ақ орыс әскерінен жеңілді. Оны естіген Қожанияз зығырданы қайнады, Моңғолиядан қару алып қанат біткен ол қапысын тауып Әліпті байлап алды, туыстары мың қой төлем беріп оны босатып алды. Қытайлар Әліпті Қожаниязбен тіл біріктірді деп қарап тісін қайрады. Осы кезде бір топ қазақ Бәйтікке, бір тобы Әліптің інілері Моңғолияға көшпек болды, бұл қытаймен Моңғолияның қазақтар арасына іріткі салуынан болған еді. Әліп Елісқанға 200 ден аса әскер беріп оларды қайтарып әкелуге жіберді. Осы орайда Шың шысай Әліп ауылын қоршап Әліп ішінде 117 адамды бірақ қырып тастады. Елісқан осы қан қарызды қайтаруға серт етті, ол Шың Шысай әскерінің соңына түсіп 70-80 адамын өлтірді. Онан кейін Баркөлдегі егінші қытайлардан 500 ден аса адамды қырып тастады. Бұл 1932 жылдың күзі еді.
Ендігі жерде қазақ түгел дүңген, ұйғыр әскерін қолдауға өтті. 1933 жылы қаңтарда Ма Жұңиың 6000 нан аса дұңғандарымен Шыңжаңға кіріп Бүкіл Құмылды иеледі. Қытай әскері Баркөлде сарбас ауылын, найман бура ауылын қырып кетеді. Шонжыдан шығысқа көшкен неше жүз қазақтыда қырады. Қазақтарда Шығыс Шыңжаңда қытайларға қырғын жасайды.

Осыдан соң тұтас Шыңжаң өлкесінің дер-жерінде көтеріліс басталады.
Күшарда Темірбек пен Дұңған Ма Жаншан бүлік бастап 2-айда Күшарды, онан кейін Ақсуды алды. Хотан ұйғырлары Мұхаммед Имн Бұғыраның бастауында «Хотан патшалығы» құрады, Мәнсүр патша болады. 8- айда Қашқарда Сәбит Дамолла Темірбекті Мажаншанның адамдары арқылы өзімен қоса қырғызды. Осылайша ұйғырлар Қашқарды иелеп алды.
Дұңған әскері Дабанчыңға жетіп, Үрімжіні қоршауға алды. 1934-жылы жыл басы Шың шысайда саяси өзгеріс қозғап Жин Шурынді өлтіріп билікке келді де Совет одағынан консул арқылы көмек сұрады. Совет одағынан ауыр қаруланған қосын кіріп 7000 дұңған, ұйғыр әскерін зеңбірек, танк, ұшақ арқылы тұйыққа тіреді. Улы газ шашып, ұшақпен бомбылап қыруар адамды қырды. Осылайша Үрімжі қауыптен құтылып Ма Жұңиың Тұрпанға шегінді.
Санжы дұңүандары көтеріліс жасап Санжы, Құтыби, Манасты алды, Құтыбида Оразбай мен Сетерхан төре неше жүз дұңған әскерін қырып тастады.
Дұңғандар Бурылтоғайға барып Сәлімбақы үкірдайы қолға қондырды, Жанымқан тәйжіде қолдап шықты, сонымен қазақ, дұңған әскері Сарсүмбеге шабуыл жасады. Алтай билеушісі Уй Жұңго моңғол, орыс, қытайдан қол топьап, зеңбірек, пулемет арқылы оларға төтеп беріп, ауыр шығынға ұшыратты. Алтайға келген Ма Хыиың Көктоғайға шегінді. Олар қазақтармен бірігіп Сарсүмбені ақыры басып алды. Шәріпқан Сауырға келіп күш топтап қарсы шықты, олар Қабаны иелеп дұңғандармен соғысты, дұңғандардың қаруы күшті болдыда нәшар қаруланған қазақтар төтеп бере алмай шегінді. Дұңғандар Сауырға келіп төре ауылын шауып, малдарын бұлап кетті. Осы екі жылда Алтайда соғыс пен жұт, аштық қосылып 3000 дай адам қырылды.
Сонан соң дұңғандар Тарбағатай ға беттеп Шәуешекті басып алды, Шәуешек, Дөрбілжін қазақтары оларды қолдады.
1932-1934 жылдары Баркөлді қазақтар ұстап тұрды, Елісқан Баркөлде өте көп қытайды қырды, ол кезде Шың Шысайда оған қарайлайтын мұрша болмады.
1934жылы 2-айда дұңғандар 2000 әскері Қашқарға шабуыл жасады, 10 мың ұйғыр әскері соғыста ойсырай жеңіліп қашып кетті, құрылғанына үш айдан енді асқан «Шығыс түркістан» құлады. Совет одағынан тағыда әскер келіп дұңғандар жеңіліп келісімге келді де соғыс аяқтады.
Осы жылы жазда Елісқан Құмыл, Санжы, Алтайдағы қазақ елбасыларын жинап Әліпке ас берді. Аста ол Шың Шысаймен енді отаспайтынын айтады. Осыдан бұрын Гансуға шегінген ұйғыр Жолбарыс Елісқанға хат жазған екен, Елісқан Гансуға уақытша шегініп, қайта күш топтап, дұңғандарға сүйеніп Шың Шысайды жоймақ ниетте болады. Осы ниетпен 1935 жылы Гансуға 200 дей үймен көшіп кетеді.
Одан бұрын туысы Адубай 113үймен көшіп кеткен еді. 1936 жылы Зәйіп, Тұңғышбай, Қамза, Сымағұлдар бастаған 400-500үй Гансуға көшеді.
Елісқан Ма Буфаңға дербес қазақ атты бригадасын құруға көмектесуін өтінеді, Ма Буфаң мақұл болады. Алайда 1937жылы болса қытай-жапон соғысы жалпы беттік бамталды да, Елісқанның ойы іске аспады. 1936-1938 де Баркөлде жаппай советтік қызыл террор басталып, көп адамдар қолға алынды. 1938 жылдың соңында 3 мың үй жаппай көтеріліп Гансу, Цинхайға ауды, көбі малынан айырылды.
Олар келген соң тибет, моңғол ұлттарымен қайшылық асқынды, Ма Буфаң жерлік халықтың сөзін сөйлеп қазақтаоға қатулана бастады. 20 мыңнан аса қазаққа жәйілім шешіп бере алмады. Ұрлық, барымта өршіді, қарулы қақтығыстар туылды, Елісқан түңіліп, Зәйіппен бірге 5600 адамды бастап Үндістанға көшпек болды, ондағы ойы белгісіз!
Тибет асқанда, соғыста 1600 адам қырылды, 1000дай адамды дұңғандар қырып, 400қатын-баланы айдап кетті. Үндістанға 3039 адам тірі жетіп, обадан мыңнан аса адам тағы қаза тапты. Ал қалған 15000 қазақтан 7500 адам дұңғандар жағынан, аштықтан, ауырудан қырылып, 1947-1948де Шыңжаңға 7000 дай адам тірі қайтты, мыңдай адам Гансу, Цинхайда қалды!
1937 жылы Шығыс түркістан күштері Мамұт бамтап қайта бүлік шығарды, Советтен Ысқақбек Мононов бастаған әскерлер келіп оларды тоз-тоз етті. 1931-1937 жылдары бүлік бүкіл Шыңжаң өлкесін шарпып соғыс, аштық, ауырудан 100 мыңнан аса адам қаза тапты!
1939 жылдан басталған жаппай террор, түрмеге қамау, атудан Үрімжіде 80 мыңнан аса адам өлтірілді. Сонан 1940 жылы қазақтар қайтадан көтеріліс бастады.
Пікір қалдыру