|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Нұралы батыр 1730 –1794

                                                                     ( аңыз бен ақиқат)    

Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің ұлан-ғайыр жерін көздің қарашығындай сақтап қалу жолында жан аямай күрескен, қазақ батырларының ерліктері жөніндегі аңыз-дастандар ұрапқтан ұрпаққа жетіп, ұлтымыздың рухын сақтап қалуға айтарлықтай үлес қосқаны баршамызға аян. Қазақ халқын жер бетінен жойып жіберуді аңсаған ұлы империялар жымысқы саясатын жанталаса құйтырқы айла амалмен қолданса да, ұлт көсемдері мен батырлары арқасында аман қалды.

Бүгінгі Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды етіп қана қоймай әлемдегі озық елдер денгейіне көтеріліп, нағыз «ұлы дала елі» атануымыз үшін кешегі өткен тарихты кеңінен толғау ауадай қажет. Бұл бағытта көптеген тарихшыларымыз бен тарихи деректерді зерттеушілер аз тер төгіп жүрген жоқ. Осы орайда, Шұбартау өңірін мекендеген елдің тарихы мен шежірешілер деректерге сүйеніп игілікті шаралар атқарды. Соның арқасында «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп», кешегі ғажап ерлік үлгісін көрсеткен ата-бабаларымыз ұлықталуда.

Іргесін кеңейтіп, төңірегін жалындай жалмаған Жоңғар империясы күшейген сайын қазақ даласына көз алартып, жиі-жиі шауылдағанын тарихтан жақсы білеміз. Қазақ хандығы  Әз Тәуке тұсына дейін мықты берекелі де іргелі ел болды. Талай-талай қанды жорықтарды басынан кешірді. Ол заманда ірілі-ұсақ соғыстар жиі болып тұратын. Қазақ жері мен елінің егемендігі үшін орыс, қытай, қырғыз, башқұрт, тағы басқа ұлттар мен ұлыстармен қырқысты. Соның бірегейі Тәуке хан қайтыс болғанан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіреуі, хандардың әлсіздігі мен берекесіздігі  қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» зұламатына әкеліп соқтырды.

Алайда,зұламат  шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Сөйтіп қырғын майдан даласында сарбаздарымыз бірде жеңіп, бірде жеңілседе кең байтақ жерімізді сақтап қалды. Соның бәрінде батырларларымыз орны ерекше болды. Халқы үшін назаланғанда олар хан, төренің есігін теуіп ашып, астамшылдықтарын басып тәубасына түсірді. Заманымыздың ақиық ақыны Қадыр Мырза-Әлі:

Бір тепкенде тегістеп шоқалақты

Наркескенмен батырлар сақал апты.

Ең алдымен ерлікті жырлап ақын,

Содан кейін жырлапты махаббатты, – деген.

Ендеше, елі үшін еңіреп өткен, бірнеше ұрпағы мен атасы батыр болған ер Қосай батыр немересі, Есіркеп, оның ұлы Нұралы батыр жайында жазылған еңбектерді кеңірек насихаттауға мұрындық болайық.

Бақытөмір Шалғынбай, Нұралы батыр кітабының алғы сөзін жазған жазушы – журналист. КР Бас редакторлар клубының мүшесі.

Нұралы батыр қазақ халқының XVIII ғасырда қазақ-жоңғар шайқасы кезінде жауға үлкен қайрат көрсеткен тұлғалардың бірі болды. Нұралы батыр қазақ халқының азаттығы жолында көптеген шайқастарға қатысып, қазақ жеріне қауіп төндірген басқыншыларға тойтарыс берген, халықты қорғаған жауынгер тұлға ретінде елдің есінде қалды. Нұралы батыр туралы ұрпақтарына аңыз-жыр болып жеткен шығармалар бар. Оған қоса тарихи тұлғаның жорық жолдары мен оның батырлығына байланысты деректер де сақталған.

Біздің қолымызда Нұралы бабамыздың қай жылы, қай өңірде туылып, қай жылы өлгені туралы нақтылы мағұлмат жоқ. Нұралы батыр, Сырдын бойында туылып,  1714 – 1787 жылдар аралығында өмір сүрген, Ер Жәнібек батырдың үзенгілес серігі, құрдасы деп ешқандай тарихи аңыз, шежірелерге сүйенбей, кесенесі салынған 1997 жылы, елге танымал білгір Бікен атанып кеткен адамның ағатығынан кеткен жылдар деп білемін. Ендігі кезекте осы оқылықтардың ара жігін жажырату. Менің қолымда Нұралы бабамыздың туылуынан бастап ес біліп, ат жалын тартып мінген кезенің қамтыған бір сыпыра мағұлматтарда бар. Енді солардың арасынан батырдың туған өлкесі мен жылдарына қатысы бар дерек көздерін көпшілікпен бөліскенімді жөн санап отырмын.

Бірінші кезекте Нұралы батырдың жетінші ұрпағы, ұзақ жылдар бұрынғы Семей облысының Жана Семей, Аякөз, Шұбартау аудандарында ұстаздық қызымет істеген Самхан Жұманбайұлының (1928-2000), 5 шілде 1991 жылы аудандық «Шұбартау шұғыласы» газетінде жарияланған мақаласы.

Сонау бір заманда өз алдына хандық құрып, өмір сүрген, Сібір ормандары мен өзендерін ағаш күркеде қыстап, жайлаған Керейлерді Шыңғысхан жаулап алған. Кейіннен бүкіл керейлерді билеген Жошының өмірі үзілген соң оның ұрпақтары хандардың тепкісіндегі сарбаздары болып, бүкіл Орта Азия территориясы мен Солтүстік Кавказға, Еділ, Жайық бойына, Башқұрт татарлары арасына сіңіп кетті.1723 жылы ақтабан шұбырындыдан кейін Орта Жүз бен Кіші Жүздін жеріне, Еділ мен Жайыққа, Орталық Қазақстан территориясын Сарысу, Нұра, Есіл өзендерінің маңын, Шалқар мен Керей көлдерінің маңын киіз үйлермен қыстап шығып отырған.

Екіншісі: туған жылына қатысты мәлімет. Аңызда, Нұралы батырдың жорықта «Жас Жолбарыс» атануын Қазақтың қарт қолбасшысы, дарабоз батыры Қаракерей Қабанбайға қатысты баяндалады. Бұл болжам бойынша Нұралы 18 – 20 жас аралығы 1750 жылы Шыңғыс тауындағы «Шаған» шайқасына немесе, 1752-1754 жылдары Жоңғарлардан Іле маңын, Балқаш пен Жетісу өңірін босатып алу жорығына түспа-түс келеді. Баяндалуы бойынша Қаракерей Қабанбай батыр Нұралының мығым күшіне іштей сүйсініп қылшылдаған қылыштың жүзіндей жас екенсің, күшінді байқасам мына тұрған батырларға бас екенсің шырағым кім боласың ? – дейді.

Сонда Нұралы: Абақ Керей – Жастабанмын, әкем аты Есіркеп. Қолбасшы: Жорытқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын деп ізгі тілегін білдіреді.

Батыр ағасы ақ тілегі қабыл болып әлі батыр болып танылмаған Нұралы қолындағы шоқпары мен кейбір дерек көздерінде қылышпен Қаратөбенің күнгей бетінде күншуақта жатқан дәу жолбарыс өзіне қарсы атылғанда дәл басынан ұрып өлтіреді. Қазақ батырлары Нұралының батылдығы мен жүректілігіне разы болып: «Жас жолбарыс батыр» деген лақап есім таңады. Бұдан шығатын қортынды Нұралы батыр 1730 жылы  Арқада – Нұра бойында немесе Шалқар мен Керей көлінің маңында туылды деуге толық негіз бар,. Ал дүние салған жылын Қазақстанның халық жаушысы, жерлесіміз Мұхтар Мағауиннің дерегіне сүйенсек XVIII ғасырдың соңы Нұралы әулеті, Қосай руы Бақанас өзенінің бойын Бекназар ата ұрпақтарының еншісіне беріп өздері  Дағанды өлкесіне қоныстанған екен. Бұдан шығатын қортынды бойынша Бабамыз 1794 жылы өмірден өтті деген тоқтамға келдім. Негізі   Нұралының  1730 жылы дүниеге келгені жөнінде шындыққа жақын мына мәліметтерді де айта кеткен жөн, солардын бірі: батырдың кші әйелі Балапанның үлкен ұлы Кененбай 1770 – 1840 жылдар аралығында өмір сүрген, ал бәйбішесі Қазынаның екінші баласы Жанұзақтан Үйсінбай 1799 – 1870 жылдары аралығы өмір сүрген би, болыс болған Тобықты – Құнанбайдың замандасы тарихи айтулы тұлға. Бұданда басқа дәлелім де жоқ емес. Ендігі кезек Осы айтылғандарымды ғылыми түрде зерттеп, зерделеу жұмыстары тарихшы ғалымдардың құзырында  деп білемін.

      Енді бала Нұралыдан, есейіп ес біліген шағындағы ғибыратты ғұмырындағы өмір кезеніне тоқталайын. Нұралы бала күнінен батыр ат құлағында ойнап, буыны қатпай жатып, соғыстың сан түрлі тәсілін жақсы меңгереді. Атап айтқанда, садақ атуды, қылыш сілтеп, найза түйреуді, айбалтаны шанши шабуды, сойыл соғу мен қамшыгерлікті үйренеді. Оны сан реткі жорықтарда тиімді қолданады. Тағы бір ескере кететін жәйіт біз батыр бабамыз Нұралының атын шығарамыз деп оны «Бұланты, Білеуті», «Аңырақай» шайқастарына алып бармай-ақ, одан бертінгі қалмақ, қырғыз, торғауыт,қоқанд жаугершілігімен байланыстырған жөн.

Нұралы Есіркепұлының алғашқы жорыққа қатысуы 1750 жылы Шыңғыс тауындағы Шаған шайқасы, және 1754 жылы 80 күндік Шорға шайқасы.

Сонымен қатар 1751 жылы Қаракерей Қабанбай, Ер Жәнібек бастаған қалың қолдың сапында, Оңтүстік аймақтарды Ташкент, Шымкент, Сауран қалаларын тартып алу жорығына да қатынасқан. 1759 жылы Алтай тауының Аққаба шатқалы, Сақсай, Бұлғын өңіріндегі Ұранқайлармен болған бір соғыста Нұралы қапияда кездескен  қосынының бетін қайтарып болғанда, қалың орманның тасасынан шыға келген тағы бір қосынға тап болып қоршауға түсіп қалады. Батыр қалың қолды қақ жара «әупіріммен» әрең дегенде қаша соғысып қоршауды бұзып шыға береді. Бірақ күшіне сенген Тайшы бастаған қалмақтың бірнеше батыры соңынан қалмайды. Осы кезде батыр адам баласы жүріп көрмеген иен шатқалдан жол тауып кете барады. Оның қарасын көріп келе жатқан қалмақтарда соңынан көз жазбай келеді. Қанша батыр болсада Нұралығада тосыннан қауіп төнеді. Шатқалдың орта тұсында батырдың дәл алдынан айдаһар жыланның шыға келгенін, артынша қазақ батыры еш ойланбастан алмас ақ найзасымен жолда жатқан әлгі айдаһардың дәу басын түйреп өлтіріп кете барғанын көреді. Осы көріністі көрген қалмақ батырлары:

Қазақтың арыстаны екен,

Ақылдың дәнішпаны екен,

Елден асқан ер екен,

Аты-жөні кім екен?

Қалмақты қалың теңселтті,

Кереметін көрсетті.

Жүрегінің түгі бар,

Жолбарыстың жоны бар,

Аюдай әлуетті.

Ай балтасын қару етті.

Қыран екен шабытты,

Батыр екен бақытты.

Оны қуу қалмаққа,

Енді болар қауіпті… – деп Тайшы қасындағы батырларын тоқтатып, кері қайтып кеткен көрінеді. Осы тарихи оқиғаны  1960 жылдар ішінде  Мағауия Сағымұлы Кененбай (1899 – 1971), жырлаған «Нұралы батыр» жырынан үзінде келтіргенді жөн санадым.

 

Алтайда жаудың бетінде,

Шежіреде сыр шертемін.

Қытайменен алысып,

Моңғолдармен шабысып.

Қалың елім қазағым,

Сағынып келіп табысып.

Жәнібек еді батырым,

Ерлікпен танды атырдың.

Тосқауыл жасап жауыңа,

Тіктірген күміс шатырын.

Жобалай еді жолдасын,

Нұралы еді құрдасың.

Керейде асқан қос батыр,

Тиянақ елге тұлғасың.

Алтай үшін айқасып,

Сауыр үшін шайқасып.

Он қалмақты өлтірген,

Нұралы батыр Қобда асып.

Жәнібек батыр құрдасы,

Жантай  батыр сырласы.

Басын кескен  Тайшының,

Нұралы еді мың басы.

Батыр Тайшың өлді деп,

Қалмақ қашты тырақай.

Нұралы батыр келді деп,

Қанас үшін қандасып.

Қара Ертіс үшін жандасып.

Керей Қалмақ соғысты,

Тұяғынан аттың шаң басып.

Қара Ертістің бойында,

Қыранның құйған ойында.

Ата жаумен алысып,

Қалмақты Керей қиратты… – деген жолдар бар.

Мұндай жырлардан «Алтай үшін айқасып, Сауыр үшін шайқасып, Қанас үшін қандасып, Қара Ертіс үшін жандасып» өткен ерлердің ерлікті өмір суретін көргендей боламыз. Сол арқылы Ер Жәнібек төңірегіне топтасқан Жантай, Нұралы батырлар бастаған батырлардың, Ертісті өрлеп, Өр Алтай даласын жаудан босатып алу жолындағы ерліктері тіптіде көрнекілене түскен. Дағанделі бойында жасақталып, шүршітке қарсы аттанған Абылай қолының құрамында Нұралы батыр Бекназар, Қосай жасағын басқарған.

1765, 1770 жылдары Қырғыз ұлысына жасаған жорықтарда, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартуға атсалысқаны туралы мәлімет сақталған. Бұдан бөлек 1771 – жылғы торғауыттармен болған «Шаңды жорықтың» да бел ортасында болғаны күмәнсіз. 1766 жылы Қоқан хандығына қарсы жорығына қатынасқан жаужүрек баһадүрлеріміздің бірі Жастабан руының үлкен биі Байсейіттін бел баласы Жобалай би, Нұралы батырды елімен жерін қорғауда еңбегі сіңген тұлға болғандығын мына бір толғауынанда көруге болады:

Нұралыдай ер қайда?

Бақанастай жер қайда?

Батыры бар елде бақыт бар.

Батыр – елдің еркесі,

Қой бастайтын серкесі.

Ер елге қарайды,

Ез жерге қарайды.

Батырын халық бағалайды,

Жақсы даналықты жағалайды.

Бұдан шығатын қорытынды: Нұралы батырдың өз заманында тиісті бағасын алған, айтулы тұлға болғаны. Батырдың осындай толып жатқан ерліктерінен өзге «батырдың айтқаны екен» деген көптеген жыраулық үлгідегі нақыл сөздері де халық жадында сақталып біздің дәуірімізге келіп жеткен. Соның ішінде аталы сөз ретінде сақталған нақылдар қатарында батырдың мынадай сөздері хатталған:

Асқар тау төбе болар тас кеткен соң,

Жақсы ауыл жын болады бас кеткен соң.

Батыр бір өлмейді, мың өледі.

Тағдыры қайратында, қайратсыз болса, бір өлер.

Керейге қорлық жақса да, озбырлық жақпайды.

Екі қатын алғанның ұрпағының егесі көп.

Өзімшіл болма, кісілігің бетегеден аласа болсын, өзің қорлансаң

да басқаларды құрметте.

 

«Ер Самалдық хикаясында» Бегімбеттің босағасы Құрымбай ордасында. «Көктүбек Көпбейіт – Қосбосағаны» Нұралы, Айбас бекітіп кеткен… Айбас батыр, Бекназар – Қожагелдіұлы Жанбайдың бел баласы. Айбас батыр заманында Балсуырдан Қытай асыл тұқымды құла жылқылар әкелініп, олар Орта Азия, Ресейге тарайды. Самалдық Жансақұлы (1851 – 1924). Бекназар – Жәдігер руынан шықан ақын, сері адам болған.

Нұралы батырдың жеке өмірі мен ұрпақтары туралы тоқталар болсақ, Бәйбішесі Қазына анамыздан: Жантемір, Жанұзақ, Өмір, Кәдір, Досымбек бес ұл. Соңғы үшеуі момын жұптары жазылмай, жеке бір ауыл болып бірге жүргендіктен «Үш момын» атап кеткен. Қазына анамыз Ұлы жүздің қызы. Анамыз ат ауыздығымен су ішкен заманда батырға нағыз ақылшы, ту ұстаушы серік болған. Әрі түс жорып, алдағыны болжай білген.

Тоқалы Балапаннан: бес ұл, олар Кененбай, Дөненбай, Өзенбай, Сәдір, Бұлантай. Балапан. Тегі Арғын тайпасының Қамбар руынан шыққан Ай батырдың ұрпағы. Ел аузында сақталған әнгімелерде Нұралы жорықтан қалмақ қызы Пышқанды алып келіп оны өзінің бірге туған ағасы Еділге сыйға тартқан.Қалмақ қызынан Белгібай, Күсеп, Тілеп атты ұлдар туады. Олардан тараған ұрпақтар аналарының атымен Пышқан аталып кеткен.

Нұралы еңселі биік, толықша келген, шымыр денелі, көз ауқымы үлкен, өткір көзді, ірі адам болыпты. Әр саусағы жай адамның қос саусағының жуандығындай батыр кісі болған.

Тарихи аңыздар мен жырларда қазақтың басқа батырларындағы сияқты, соның ішінде Қабанбайдың «Қубас аты», Ер Жәнібектің «Көк дөнені» сияқты Нұралы батырдың шайқастарда мінетін түсі «темірдей қаракөк тұлпары» болғаны көп айтылады. Нұралы батырдың осы тұлпары жөнінде мынандай үзінді өлең жолы бар:

Жылқы ішінде тұлпар еді қаракөк,

Жануардың шабысы барады үдеп.

Қырғидай жауға тиген Нұралыға,

Қайран қап, қайратына қарады көп. – деген жыр жолдары кездеседі. Батырдың ұрпақтары арасында күні бүгін сақталып келе жатқан аңыздар мен жырларда батырдың ерліктері оның тұлпарымен қоса айтылады.

Ата мекенге қоныстану

Жастабан руының Бегімбетінен тараған Бекназар, Қосай елі Қазақ – Жоңғар соғысынан кейінгі тарихи кезеңде бұрынғы Шұбартау ауданына қоныстанып (қазіргі кезде Абай облысының Аягөз ауданы құрамында) неше ғасыр бойы мекендеп келеді. Олардың бұл өлкені қоныстануы туралы әр түрлі мәліметтер бар. Елдің қонысы, малдың өрісі өлшеуге түсіп қазақ рулары арасында қоныстанудың жаңа кезеңі басталған кезде Нұралы батыр өзінің үзеңгілес батырларымен кеңес құра отырып жаңа қоныста «ағын судың басын алмаса жүлгелі өлке байырқалы қоныс болмас» дейтін қазақтың арыдан келе жатқан дәстүрлі ұғымын берік ұстанып отырған. Сонымен олар Шыңғыс таудан аққан үш өзен Байқошқар, Бақанас, Балқыбек тоғысқан тұсын мекен етуді ұйғарған.

Жастабандардың он екі абақ ауылдарынан шеткерілеу жатқан Шұбарту өңіріне көшіп келу тарихын кейбір шежіре дерек бойынша 1757 жылы Жоңғар шапқыншылығы бір жола жойылғаннан кейін Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Ер Жәнібек батырлардың жер бөлісу кенесінде Шыңғыс тауының онтүстігіндегі екі өзен Бақанас пен Дағандыны Бегімбет керейдің ұрпағына беруді ұйғарады. Жауға қарсы үлкен қайрат көрсеткен жүз басы Нұралыға Дағанды өзенінің бойын береді. «Бабалар шежіресін білген жөн, немесе баламмен сұқбат», (Шұбартау шұғыласы газеті, 5 шілде 1991 жыл. Баспаға берген Самхан Жұманбаев.). Енді бірде сол кездегі тобықтының билері Кеңгірбай мен Ырғызбайға қатысты айтылып, олардың бұл өлкеге келіп қоныстануына Кеңгірбайдың жөн көрсеткені және соңғы кезге дейін тату-тәтті көрші ретінде ел өмірінде болған уақиғаларды кеңесе шешіп отырғаны айтылады.

Нұралы батыр дүниеден озар алдында,

- Мен бүгін түнде ол дүниеге аттанам, менің мүрдемді осы жерге жерлендер.  Мен жатқан жерді мекендеуді Қожагелді ұрпағының еншісіне беріңдер. Шақана сәлемім, туыстық бірлікті, үзбесін. Шыңғыстың арғы бетіндегі тобықтының жылқысы жайлағанша ұрпағымыздың жері болсын. Жауды тазартуда Қожагелдінің ұрпағы аз ерлік көрсеткен жоқ. Тобықты аруақ аттамас. Ырғызбай ұрпағына менен сәлем айтыңдар Найзамды зиратымның басына қадап, садағым мен қалқанымды аяқ жағыма қойындар, – деп соңғы амантын жақындарына айтады.

Сол жылғы күзде Қожагелдінің ұрпағы  Нұралының бейітіне дейінгі жерге қоныстанады.Байқошқарға баратын ескі қара жолмен жүргенде ұзындығы 5 – 6 метр биіктігі кісі бойындай  «бесік» тәрізді, төрт бұрышты тастан қаланған зират Нұралының зираты, – деп марқұм, тегі қожагелді, шежіреші Әбіш ақсақал және одан бұрынырақ Берікболов Қағазшайдың әкесі старшын болған Берікбол да айтып отыратың, – дейтін еді әкем. Самхан Жұманбайұлы. Осылайша Бегімбет ұрпақтарының Шұбартау өңіріне келіп қоныстануы Жобалай би, Нұралы, Шақантай, Айбас батырлардың атымен тіке байланысты айтылады. Әдетте бұл көші – қон  1760 – 1770 жылдар аралығында болғаны баяндалады. Олар Қалбатау маңынан келді ме, болмаса одан да шығыстан Зайсан көлі маңынан келді ма? ол туралы да әр түрлі айтылады. Аталған батырлардың бастауымен болған бұл көш кезінде 300 отбасы осында Бақанас, Дағанделі өзендерінің бойына көшіп келгенде Шақантай мен Нұралы батырлардың өз кіндігінен шыққан балалары ғана болады. Одан басқалары өздерінің аталас туыстарымен қол астындағы сарбаздары еді.  Дағанды өзенінің бойы мен оның батысындағы Арқарлыны қоса Жорға тауына дейінгі, шығысындағы Майқапшағайды Құр өзеніне дейін, оңтүстіктегі Құр өзенінің Дағандыға құйылысына дейінгі аралықты Нұралының ұрпағына береді. Сарыбай ұрпақтары Емелтаудың шығысындағы Тасқора маңындағы Мұзбелге қоныстанады.

Майқапшағай тауының солтүтігіндегі «Бабаң» деп аталып  кеткен өзен бойымен Құсмұрын, Мейізекке дейінгі жерге Майемер мен Байжігіт ұрпағы қоныстанған. Көшіп келгеннен кейін Жобалайды би сайлайды да, қазіргі зираты тұрған жерден Аяқдағандыны береді. Байсейіттің қалған ұрпақтары шөлдегі Қараүңгір тауының маңына орнығады.

Бидің күмбезді бейіттің Бейсенбай Тойсарин 1924 – 25 жылдары  Көкталда 1910 – 1911 жылдары ашылған малдәргерлік пункітте малдәргерлік фельдшері болып жүргенде елден қаржы жию арқылы шебер зиратшыға саз кірпіштен қалатып қайта салғызады. Жобалай бидің  бұрынғы зираты төрт құлақты тас бейіт болған.

Ата баласы Бура мен Қасқаның ұрпақтары өз қалауларымен Жыланды, Дөненжай, Ұзынбұлақ, Үшқауға, Шатқа дейінгі жерге орынығады. Шақантай батыр өзінің ағалары Малдыбай, Матақтың ұрпақтары мен өз балаларын және сарбаздарын Бақанас өзенінің бойындағы Сарытерек пен Мортыққа дейінгі аралыққа орналастырады.

Ел басына күн туған, жоңғар қылышын жаландатып қазақ даласын қанға бояған аласапыран заманың батыр тұлғасы Нұралы бабамыздың мәңгілік мекені – Бақанас өзенінің бойындағы, «Көпбейіт төбесінде» Ұрпақтары 1997 жылы биіктігі 12 метрден асатын ақ кірпіштен өрілген зәулім кесене тұрғызған. Алыстан мұндалап, «Мен мұндамын, елін қорғаған бабаң осында жатыр» – деп тұрғандай  енселі-ақ.

                      Тұрсын Самханұлы Жұманбай, 

                    Нұралы батыр кітабының авторы.

Өлке танушы

Балқаш қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: