|  | 

Әлеумет

Мұхтар ШЕРІМ. БАЙЛАР ЖЫЛАМАЙДЫ…

Мұхтар Шерім11175000_820525994701818_7155118662579669367_n

«Байлар да жылайды» деп жатады ғой, өтірік! Өмірде өлмеудің қамымен қалтырап, дірілдеп жүргенімде, шіріген бір бай көшенің біздің үйге қарама-қарсы бетінен «хан сарайын» салып алды. Үйі бес қабат, қоршауы он қабат… Тоқпен ашылып –жабылатын дарбзасының қасында біздің дарбаза далбаса… Есігін ашқан сайын шиқылдап, «Ұяламайсың ба? Тым болмаса бояп қоймайсың ба?» деп шағым айтып тұрғандай…
Қойшы, бүгінгі қоғам екіге бөлінді ғой… Байлар мен тақыр кедейлер… Байы¬сын, бірақ адамгершілігі де қоса байысын дейміз де, Астанада бір миллионер жас жігіттің құлағын кесіп шұнтитып, бетін көнектей ісіріп, аузын айырып жіберді емес пе? Әне, байлар жыламайды, ерігіп есінейді, күледі, ақшасының арқасында заңнан аттап кететінін біледі… Менің көршім қызық адам, қысқасы, ниеті бұзық адам! «Жүгіріп келіп неге сәлем бермейсің?» деп ұрысады ғой. Өзінше. «Мен сенен емес, Құдайдан ғана қорқамын!» деп едім, пәлеге қалдым. Қорғанының қабырғасына «табло» дейді ме, жүгіртпе жолы бар ұзы-ын бірдеңе орната салғаны. Кешке қарап тұрсам, мынадай жүгіртпе жолдарды оқыдым: «Ей, кәуекбас бейшара! О, шешең…» Жыным келді. Мына бай мені балағатап жазды ғой! Дереу суға түсіп кетсе де істеп тұрған ескі соткаммен суретке түсіріп алдым. Сотқа арыз жазып, бес миллион моральдық шығын талап еттім. Байлар жыламайды екен… Сот та соның сөзін сөйлеп, «Жүгіртпе жолда сіздің аты-жөніңіз жазыл¬маған, жалпылама боқтаған… Бәлкім көшедегі талдарды балағаттаған…» деген қисық қаулы шығарды. Мейлі, Құдай көрсетеді әлі. Сөйтіп жүргенім¬де, есігінің алдына билборд орнатты. Кешке кетік тісімді шұқыла-ап қарап отырсам, «Ей, сұмырай! Саусағын сорған сорлы! Бір күні атып кетемін!» деген жазу шығып, маған ұқсас карикатураның шыға келгені… Айқайлап, дарбазасын тоқпақтадым. Күзетшісі автоматпен оқ жаудырғанда, қорық¬қаным¬нан итімнің үйшігіне кіріп кетіппін. Көзімді жұмып. Бетім жылы-ып кетті. Қарасам, итім екен, бетімді жалап жатқан. Әйелімнен ұял¬ғаным-ай! Әне, байлар жыламайды, қайта мазақтап, арымызды қор¬лайды… Прокура¬тураға арыз алып бардым. «Жекеменшік билбордта сіздің атыңыз жа¬зылмаған. Ол өзінің өлең шумағы» деп шығарып салды. Жүгіртпе жолына қарасам, «Адам емес адам десе! Кіндігіңді кеудеңе шығарып жіберейін бе?» деген жазулар жыбырлап бара жатты… Не істесем екен а? Байлар білгенін істейтін болды ғой! Бұларды тәубесіне келітіретін кім бар өзі? Керемет идеяның сап ете қалғаны! О! Дереу тақтайдан тақта жасап, оған ақ бояумен: «Ешак десе! Жемқор жексұрын! Қайырымы жоқ, арты боқ берекесіз бірдеңе! Құдай жазаңды берсін!» деп жазып, дарбазама іліп қойдым. Сол екен, сотқа сүйреп, он күнге қаматып қойды, иттің баласы! «Әділдік қайда?» деп жылап отырмын… Маған қосылып, күзетші де жылап отыр… Бәріміз жыладық…

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: