Оспан батыр сарбаздарының «Айқай, ел» әні
Аттандық Буыршын мен жер Қабаға,
Сиынып Жәнібектей ер бабаға.
Азаттық алу үшін ту көтердік,
Атқа мінбей мұндай да ер қала ма?!
Айқай, ел, туған жер.
Туысқандар, бірге кел!
Жан туды ма жалғанда Шәріпқандай,
Қызмет еткен халқына жан аямай.
Мәңкей, Ақыт, Қалелді және өлтірді,
Қытайдан «сый» күтеді халық қандай?!
Қайырмасы
Мәңкей, Бұқат Алтайдың сындары еді,
Өлтірді сұм,
Халықтың сынды белі.
Қи сыпырды, қинаумен сарбаздарды,
Қара әкімнің қан ішкіш жендеттері.
Қайырмасы
Тұлпар мініп, ту алып тұрдық сапқа,
Ел құтқару міндеті азаматқа.
Ата жауды аластап кек алайық,
Аттан енді, айқай ел, қарап жатпа.
Қайырмасы
Қытайың қашан, кімге берген пайда,
Кешегі ел бастаған ерлер қайда?
Жағаласпай жауыңмен жан қалмайды,
Атой салып, қамал бұз осындайда.
Айқай, ел, туған жер.
Туысқандар, бірге кел!
Пікір қалдыру