|  | 

Көз қарас

5 ЖАСЫНДА АТҚА – 75 ЖАСЫНДА ТАҚҚА МІНДІ!

Elbasi dombira tartuda

Қазақ қауымы дүр сілкінді!

Қызыл коммунистердің үміткері Тұрғын СЫЗДЫҚОВ қазақстандықтардың небәрі 1,6 пайыз дауысына қол жеткізсе, өзін-өзі ұсынған еліміздің Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Құсайын ӘБІЛҒАЗИН 0,7 пайызды місе тұтты. Сөйтіп, меніңше, Қазақ елінде коммунизм идеясының жаназасы мәңгілікке шығарылып, еңбеккерлердің құқығын қорғауға тиіс кәсіподақтар ұйымы да «қанағаттанарлықсыз» деген қалың екілік алды…
Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын-ала нәтижесін жариялап, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 97,7 пайызы өздерінің дауысын Нұрсұл­тан НАЗАРБАЕВқа бергенін хабарлады. Сөйтіп, 5 жасында атқа мінген Елбасымыз – 75 жасында қайтадан таққа қонды! Соңғы 24 жылда Қазақ мемлекетінің тізгінін үздіксіз ұстаған Ұлт көшбасшысына ұлты тағы да сенім арқалатты!..
Иә, алмақтың да – салмағы бар. Қазақ қауымы бейбітшілік пен бірлікке, тәуелсіздік пен тәуір өмірге таңдау жасады. Әйткенмен, саяси тәуелсіздіктің өзі – экономикалық тәуелсіздіктің мықты бұрандаларымен бекітілуге тиіс. Адамның әл-ауқаты – қоғамның айнасы іспетті: не ол түзу де таза, немесе қисық та лас…
Әр қазақтың тамағы тоқ, көйлегі көк болуы үшін:
1. Шикізат секторының түсімдеріне мемлекет­тік аппаратты, әскерді және әлеуметтік ауырт­палықтарды арту керек. Өйткені, мемлекеттік бюджеттің 90 пайыз түсімі 100 ірі салық төлеушілерден түзіледі.
2. Тиісінше, егер біз шағын және орта кәсіпкерлікті салықтан таза босатсақ, мемлекеттік бюджет мұны сезбей де қалады. Әлемде шағын бизнес – кезкелген елдің экономикасының қозғаушы күші болып табылады. Бізде шағын бизнес мемлекеттік бюджеттің небәрі 0,1 пайызын ғана; ал, орташа бизнес 4,5 пайызын ғана құрайды. Кешегі қазақтың данышпандық дала заңына арқа сүйесек, бәрі мейлінше қарапайым әрі түсінікті: шағын және орта кәсіпкерлікті салықтан таза босатып, тексеруді мүлдем доғару керек; тек шығыннан жоғарғы кіріске ғана жан басына шаққанда 2 пайыздық салық жетеді (бай-шонжарлар үшін кірістен 15 пайыздық салық). Осылай болса, адамдар қолынан келген шаруасымен (салықтан және басқадан қорықпай) белсенді айналысып, жұмыс орындары көптеп пайда болады. Жұмыс табылса, ақша келеді, яғни халық өзін-өзі асырауға көшеді.
3. Мұның өзі әлеуметтік қысымды жойып қана қоймай, әділетті бәсекелестік орнатып, елдегі етек алған жемқорлықтың «аяғына» тұсау салады.
4. Үй ішінен үй тіккен (екінші Үкімет аппараты секілді) «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы мен оның барлық нақты өнім бермейтін құрылымдарын тарату керек. Осындай бір ғана батыл қадаммен мемлекеттік қазынаның аса басым бөлігін үнемдеуге болады.
5. Жастар болашақта елшіл әрі білімді болуы үшін – тәрбие мен білім беру саласына байсалды саясат әзірлеу керек. Онда әлемдік өркениеттің озық үлгілерін еркін ендіріп, ұлтымыздың салт-санасы ман дәстүр-болмысын діңгек етіп алуымыз керек.
…Әрине, досы көп – дұшпансыз да қалмайды. Кейбіреулер сайлаудағы 97,5 пайыздық көрсет­кішке күмәнмен қарап, көкезулікке де ұрына бас­тады. Бірақ, маған facebook желісінде ұлтшыл азамат Mukhtar TAYZHAN-ның орыс тілінде жеткізген сөзі шындыққа жақын көрінді. Мұқаң былай депті: «Мое мнение, процентов на 80 по стране – это объек-тивный на сегодня показатель. 80 процентов точно Его (Н.Назарбаевты айтады. Қ.Ғ.) любят и боятся перемен к худшему. Остальные 17,5% это уже прихоть…»
Қазақ елі тәуелсіздік пен тұрақтылыққа, ырыс пен ынтымаққа апаратын даңғыл дамуға тари­хи таңдау жасады, деп үміттінемін. Ал, Mukha­medzhan TAZABEK бауырымыз: «Кімнің дауыс­ында береке бар екенін қайдан білейік? Алла бейтарап болғаннан сақтасын» деп жа-зыпты…
…Иә, Алла сақтасын…
Қажымұқан ҒАБДОЛЛАнің facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: