БЕКБОЛАТТАН ҚАЗТУҒАН ШЫҒА МА?
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сан салалы бағытта ауқымды істер атқарылып жатыр. Солардың бірі режисер Рүстем Әбдіраштың алдағы уақытта қолға алған тың жобасы болмақ.
Жаңа фильмдегі «Қарға бойлы Қазтуған» бейнесіне ол Бекболат Тілеуханды таңдағандай. Себебі, әлеуметтік әлемде Бекболат мырзаның фильмге түсетін костюм таңдап жатқан суреттері пайда болды. Ғаламтор пайдаланушыларының көпшілігі образ өз иесін тапқандығын айтып, пікірлерін білдіріп жатыр. Алда жарық көретін туындыны асыға күтеміз.