|  |  | 

Сұхбаттар Тарих

Жантемір Баймұхамедов: Голощекиннің ашаршылығында Қазақстанда адам етін де жеген

jantemir ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. 1920-шы жылдың соңындағы Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы Филлипп Голощекиннің реформасынан кейін басталған ашаршылықтағы каннибаллизм деректері ресми құжаттармен және фотосуреттермен расталып отыр. Бірақ қазіргі заман оқулықтарына осы және басқа да деректер кірмей қалған. Сондықтан балалар мен жастар үшін танымдық фильмдер ең жақсы оқулық бола алады, деп есептейді «Алматы құпиялары» атты деректі фильм авторы Жантемір Баймұхамедов.

- Сізді барлығы шоумен, әзілқой ретінде таниды. Неге кенет сіз Алматы құпияларын ашпақшы болдыңыз?

- Кездейсоқтық, абсолютті түрде кездейсоқтық. Бір күні таңертең біздің 28 гвардияшыл бақты аралап жүріп мен бейітті көрдім. Одан соң оны Николай Долматовқа (жобаның тең продюссері – ҚазТАГ) көрсетіп, айтып бердім. Оған да қызық болды. Ол адвокат болғандықтан Вознесен кафедралдық собордың кілтшісі Александр әкейді, соборға 1970-ші жылдары реставрация жасалғанда жер асты үңгір жолдарды ашқан адамды тапты. Осы бейіттер туралы ақпаратты анықтау барысында белгілі болған нәрселерге өзіміз де таң қалдық.

- Осы бақтың орнында үлкен зират болған дейді. Айтпақшы, оны кезінде басқа жерге көшірді ме?

- Жоқ. Ол сол жерде. Александр әкей айтқандай, 1998 жылы бақта жылу магистралын салыпты. Сол кезде бес бейіт аршылыпты. Біреуінде жақсы сақталған емен табыт болыпты. Александр әкей оны ашыпты. Онда киімі әлі шірімеген офицер жатыр екен. Осы бақтың қай жерін түртпесеңіз де, барлық жерде бейіттер болады. Ол аз десеңіз, біз Алматыда бұрын зират қай жерде болғанын білдік. Келесі серияларында айтып береміз, адамдар таң қалатын болады. Олар Байтұрсынова мен Тимирязева көшелерінің қиылысында, «Анкара» қонақ үйі орналасқан төбеде 1960-шы жылға дейін Алма-Атаның орталық зираты болғанын біле бермейді. Тек 1964 жылы ғана онда асфальт салынды, ал оған дейін онда қиыршық тас төселген жол болатын. Кейін 1960-шы жылдары Ташкент көшесінің бойындағы (қазіргі Райымбек даңғылы – ҚазТАГ) зиратты ашты. Кеңсай зираты әлі жоқ еді. Есімде бар, екінші сыныпта оқыған кезде, қалалық МАИ ғимараты енді салынып жатқанда, біз сол жерлерде хоккейді адамның бас сүйектерімен ойнайтынбыз. Және ондай жерлер көп болатын.

- Зираттар туралы серияны көрсету жылжымайтын мүлік бағасына әсер етпей ме?

- Иә. Бірақ ол туралы шынымен де айтпаған дұрыс, себебі ол шынымен де бағаға әсер етеді. Бақтағы бейіттермен қыдырып жүруге болмайды, себебі кез келген бейіт теріс энергия беріп, адамды «сорып» тастайды.

Бейіттен соң адамдар үйлеріне шаршап келеді, ол бақтан соң үйлеріне келген адамдар дау шығарып, ұрса бастайды. Бейіттерге қарттардың барғаны пайдалы екен. Мәселе бейіттердің сол қарттардан жаман энергияларын, ауруларын алып кететіндігінде екен. Оларға жақсы. Ал жастар ол жерде өздерін жақсы сезінбейді, ол жастардың күштерін алып қояды. Бізде ол жерде батарейкаларымыз тез отырып, бейіттің жанынан ары-бері алып жүрген георадарымыз, камераларымыз өшіп қалды. Осы түсірулерден соң біздің әрқайсымыз қатты аурып тұрдық. Айгүл Атамқұлова (жобаға қатысушы, экстрасенс – ҚазТАГ) дұрыс айтады: дұға оқымайынша, құрбандық шалмайынша баруға болмайтын жерге бармау керек. Ал біз күлдік. Осыдан кейін Александр әкей мотоциклмен апатқа ұшырап, жарақат алды.

- Иә, мысыр пирамидалары туралы да онда баруға болмайды деп, перғауындардың қарғысы туралы да айтатын. Ырымшылдық… – Біз түсірулер кезінде тоннельдерге кірдік, бірақ тоннельдерге кіру өте күрделі. Біз ол үшін әскерилерден ОЗК костюмдерін алдық. ОЗК дегеніміз химиялық қорғаныста киетін респираторы бар костюм. Неге? Себебі жүздеген жыл ауасы ауыспаған үңгірде саңырауқұлақтар пайда болады. Ол адамның тыныс алу органдарына кіріп, бірнеше күннің ішінде оны о дүниеге алып кетуі мүмкін. Жақында келесідей оқиға орын алды: Киев-Печера лавтрасында бітеп, сылап тастаған жолдар бар. Сонда дәнекерлеумен айналысып, темір тор жасап жүрген бір жұмысшы бір жерге кіріп кетіп, 3-4 күннің ішінде «күйіп» кеткен. Ол – саңырауқұлақ. Ол бәрін де мүжіп жібереді. Хеопс пирамидасында да сондай болған. Мыңдаған жыл ауа ауыспайды, сол жерде саңырауқұлақ пен соның тозаңы пайда болады. Сондықтан ол перғауынның қарғысы емес, қарапайым саңырауқұлақ. Сондықтан ауасы көптен ауыспаған бөлмелерге тек респиратормен, міндетті түрде химқорғаныс костюмімен ғана түсуге болады. Бұл бірінші ереже.

- Ол қандай төнелдер?

- Ол Вознесенский соборынан жан-жаққа жер астымен кететін эвакуациялық жолдар. Ондағы екі жер асты жолы құлап қалыпты. Және онда бірнәрсе бар. Олар алтын иконалар дейді. Осы жерден Ақ гвардия қашқан кезінде, олар сол жолдарды әдейі құлатып кеткен дейді. Музыкалық аспаптар мұражайы бұрын офицерлер жиналысының үйі болған, тіпті революцияға дейін онда Жаңа жыл қарсы алып жатқаны туралы фотосуреттер бар. Жоғарғы офицерлік құрам алтын жалатқан иконаға сыйынған. Ал қашқан кезінде олар оны қайда жасырған болар еді? Өте қарапайым: шіркеумен жер асты жолдарына түсесің де оны құлатасың. Бір рет жарып жіберсең – болды. Айтпақшы, мен тек тоннельдерді ғана емес, ұрыс болған жерлерді, Фурманов казактар мен генерал Анненковтың жасақтарын қуалап тастаған жерлерді де таптым. Ол оқсепкіштерге қарсы зеңбіректермен атқылаған. Біз бұл жерде соғыс болғанын білмеген едік, бірақ оқтан парша-паршасы шыққан казак дуалы сақталған. Ондағы ескерткіш жермен жексен болды. Ол Шығыс айналмалы жолдың жанында.

- Айтпақшы, большевиктер туралы. Сіз өз фильміңізде архиепископ Пименді ҰҚТ көшбасшысы Дмитрий Кихтенко өлтірген дейсіз. Сіз әкімшілікке Кихтенко атындағы көше атын өзгертуді ұсынамысыз?

- Олар оны онсыз да түсінетін шығар!

- Сіз фильм шыққан соң баққа күректерін арқалап, алтын іздеген толып жатқан «Кихтенколар» келеді деп қорықпаймысыз?

- Бақ жақсы қорғалған, сондықтан онда ешнәрсені байқатпай істеу мүмкін емес. Бірақ металл іздеушілермен адамдар барып жүр.

- Онда неге кезінде сол собордан жерге құлатып, Сіз болжағандай, сол маңда көмілген деген үлкен қоңырау әлі күнге табылмай келеді?

- Біз әр түрлі металл іздегіштерді алдық. Бақ ішінде металлдардың көптігін айтсаңызшы!… Эксковатормен алғашқы мәдени 20 см қабатты аршыған едік, көне уақыттағы бір құты арақ таптық, есіктің көне тұтқасын таптық. Онда қандай заттар бар десеңізші! Металл іздегіш онда шырылдап кетеді, онда бақтың барлығы қандай да металл заттармен себілгендей, қандай да заттар, сым өткізгіштер, кәбілдер. Нақты алтын мен күмісті байқай алатын нақты металл іздегіш керек… Бірақ ол өте қымбат. Оның үстіне қоңырау тереңге көмілген ғой, үлкен апан қазып, оны сонда итеріп тастаған…

- Ақпарат іздеу барысында сіз тек қана кинофотоқұжаттардың Қазмеммұрағатына ғана жүгінбей, дін қызметкерлеріне де, сонымен қатар экстрасенстерге де жүгіндіңіз. Сіздің жобаңыз кезекті «Экстрасенстер соғысына» айналмай ма?

- Мен шектен шықпаймын. Бұл тарихи фильм қазіргі жастарға өте қызықты болады, ал мен халықтың мейлінше көбі қамтылса деймін. Десек те мұнда мистика бар. Неліктен біз экстрасенстерге жүгіндік? Шоу үшін емес. Біз «Экстрасенстер ұрысын» өткізген жоқпыз, біз тоннельге кіретін жерді табуымыз керек еді. Ғылым көмек бере алмайтын жерде осындай қасиеттері бар адамдар көмектесе алатын шығар. Біз Николай Долматов арқылы өте күштілерге шықтық. Виктор Александровский мысалы, экстрасенсорлық қасиеті күшті. Және қырғызстандық Айгүл Атамқұловада бар. Ол екеуі өте күшті экстрасенстер. Өзбекстаннан бір әйелді шақырғымыз келген еді, ол бас тартты. Ал Александр әкейге Пименнің мүрдесі керек және біз оны іздеудеміз. – Ал егер экстрасенстер күш-қуат табатын болса, шіркеу қалайша жедел әрекет етеді?

- Күш-қуатты ғалымдар табады. Экстрасенстер ол – тек шамалы көмек қана. Және, Александр әкей айтқандай, барлығы Құдайдың иелегінде. Құдайдың көмегімен, экстрасенс-балгерлер арқылы немесе тағы қалай болса да, әлдекім бізді бағыттайды.

- Шоуда экстасенстерге не айту керектігін алдын ала жәрдемдесіп айтып беретіндігі туралы көп әңгіме жүр. Сіз шынымен ешқандай көмек бермедіңіз бе ебін тауып?

- Бізде мүлде басқаша болды. Біз шын адамдарды әкелдік және жүрістің қайда екенін нақты сұрадық. Олар бізге шамамен көрсетті және бүкіл бағдарлама бойы олар бізді жетелеп жүрді. Мен тағы бір мәрте айтамын: бұл шоу болған жоқ. Бұл бізге тергеуге көмектескен жай ғана көмекшілер. Және, одан басқа, әрине, бұл қызықты. Не дегенмен, тылсым бар. Және ең қорқыныштысы, біз осы жобамен айналыса бастаған кезде, түсірілім тобындағы әрқайсы белгілі бір дәрежеде зардап шекті. Біз негізінде жай ғана жібере салмайтын аумаққа басып кіргенбіз. Ол ықпал етеді және әсерін тигізеді. Әрдайым барлық түсірілім уақытында мистика орын алып отырды. Сондықтан экстрасенстерсіз болмайды. Олар бұны энергетика дейді. Әзірге осындай әлденені өлшейтін құрылғылар жоқ.

- Төнелдерді сіздерге экстрасенстер тауып берді. Енді бірдеңені іздейтін археологтардың кезегі ме?

- Толық көлемді археологиялық қазбаларды жүргізу үшін, қоғамдық пікірдің қалыптасқаны қажет және содан кейін барып қана меморгандарға хат жазу керек. Сонда рұқсатнаманы алу жеңілірек болады. Өйткені саябақты қазу ол – оңай нәрсе емес, оның қауіптілігі сол орын әдемілігінің идиллиясы бұзылу мүмкіндігінде. Қазу ол – әрқашан проблема.

- Бар жерді қазудың қажеті жоқ қой. Мінеки Сіз Алматы маңынан атақты ресейлік «Жексұрындар» («Сволочи») фильмінде көрсетілген оқиғалар болған лагерді таптыңыз ғой, рас па?

- Рас. Погребецкий – бас альпинист – онда 16 мың тау мергендерін даярлаған. Горельникте мектеп оның даярлауында болды. Біз келесі серияда сол туралы баяндаймыз. Сол «жексұрындардан» тек жалғыз ғана жігіт тірі қалған көрінеді.

- Оны табу мүмкін болды ма?

- Жоқ. Ол 1990 жылдары өлген. Әрі ол өте қатал зақымдалған, оның не қолы, не аяғы болмаған. – Ал Сіз тек алматылық құпияларды ашуды қалайсыз ба, әлде басқа өңірлер туралы да фильмдер түсіргелі жатсыз ба?

- Әрине! Егер бізді республикалық арна алатын болса – қуана-қуана. Өйткені мен осымен Таразда болдым, маған ол жақта Тараздыңқұпиялары бар екенін айтты – тамаша тақырып. Мен Өскемен ауданында болдым – пах, ондағы құпияларды айтсаңызшы! Біздің елдің әр қаласында белгілі бір тарихи құпиялар бар. Міне солармен айналысатын боламыз. Бірақ бастапқы 10 серияны біз Алматы жайында көрсеткіміз келеді, ал кейін республикаға барамыз.

- Фильмнің көрсетілуіне орай археологиялық қазбалар жүргізуге ыңғайлы көптеген орындар туралы ақпарат пайда болады. Археологтардың мұндай жұмыс көлемін орындайтын шамасы келе ме?

- Білмеймін. Қоғамдық пікір қаншалықты күшті болса, нәтиже соншалықты болады. Сондықтан мен бұл фильмді көпшілік те, әлеуметтік желілер де қолдайды деп үміттенемін. Ең қиын қазбалар Вознесенский соборында өтуі тиіс. Міне егер бізге ол жақта зерттеу жүргізуге рұқсат етсе, біз осының бәрін бірден көрсетер едік.

- Ондай жерлерді, бәлкім, тағы көптеп табуға болатын шығар. Және олар туралы айтуға да. Ал сосын оларды кім қорғайтын болады? Бұл саябақ емес қой…

- Мен тарих факультетінде оқыдым ғой және археологиялық қазбаларға қатысқанмын. Студент бола жүріп, біз қазір ҚазҰУ-да және мемлекеттік мұражайда тұрған заттарды таптық. Қорғалмайтын орындарды білемін, бірақ олардың әлеуеті сондай үлкен. Мысалы, Баласағұн – Ұлы Жібек жолында тұрған қала, ол Жамбыл облысы. Біз онда қазбалар жүргіздік. Және онда сақталған шаһристан, зындандар бар тұтас қалашық бар. Және ол жайлы ешкім білмейді және оны ешкім де түсірмейді. Біз баратын боламыз. Ол үшін не қажет? Қандай да бір қолдау қажет. Себебі осының бәрін өз ақшама өзім жасадым. Бұл пайдасыз. Ал негізі, бұнымен телевидение айналысуы тиіс. Ол осындай бағдарламаларды сатып алуға немесе өзі шығаруға тиісті. Міне қазір мына фильмді көрсеткім келеді және әлдебір телеарна маған операторды, монтаждаушыны берсін, біз экспедицияларға шығып, емін-еркін түсіріп қайтуымыз үшін. Ал қазір ешқандай қаржыландыру жоқ, атымен.

- Ал студенттік емес жылдары, Сіз мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағатында фильмге арналған мағлұматтармен жұмыс істеп жүрген шақта Сізді қандай деректер бәрінен көбірек қайран қалдырды? – Аштық фотосуреттері. Ондағы көргенім барып тұрған қорқыныш болатын. Балалар, ересектер, далада шашылып жатқан сүйектер. Олардың тым көп еді! Адам жегіштік (каннибализм) деректері болған. Жай ғана жеп қойғысы келген кішкентай қыз баланың фотографиясы болды. Оны комиссарлар құтқарып қалды. Каннибализм Қазақстанда болған. Ғабиден Жәкеев (продюсерлес – ҚазТАГ) те осы кезеңді зерттеп жүр және біз онымен бірге Қазақстандағы ашаршылық жайында жеке хикая түсіретін боламыз.

- Сіз қалай ойлайсыз, осы деректердің көпшілігі неліктен Қазақстан тарихының қазіргі оқулықтарына енбеген?

- Білмеймін. Оның неге кірмегенін түсінбеймін де. Бірақ, сірә, бұл оқулықтарға қосылатын шығар, өйткені, егер біз қазір осының бәрін көрсетіп бастасақ, онда бәлкім туған жер тарихы бойынша үздік құрал мына осындай бағдарлама болатын еді. Ол жастар үшін, балалар үшін қызықты болады. Олар сонымен оқитын болады. Біз не дегенмен шындықты айтамыз. Бізге халықты Қазақстаннан көшіру туралы Берияның қолы қойылған құжаттарды көрсетті. 1953 жылы, Сталин өлген кезде, шешендер мен кәрістердің бір бөлігі өз отандарына кетті. Міне қалай, Берияның оларды кері қайтаруға қол қойған бұйрығы бар. Өте көп құжаттар бар, тұтас томдар. Егер оларды қаза берсең, әлі қанша фильм жасауға болады…

- Фильм жұмыстарын аяқтағаннан кейін, оқулықтар мен мектеп бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізу үшін, білім министрлігіне жүгінесіз бе? – Білім министрлігінің өзі, осы фильмді қарап, қандай да бір қадамдар мен әрекеттер қабылдайды деп ойлаймын, егер ол бұған мүдделі болса, егер ол өз ісінің кәсіпқойы болса.

- Тарихшы ретінде маған айтыңызшы, десек те неге соншама жыл бұлбағыттағы зерттеулер бір орыннан қозғалмады және оған деген қызығушылықты ояту үшін осындай фильмді түсіруге тура келді?

- Ал ешкім де білген жоқ. Ешкім де шіркеуге кірмейді ғой, ешкім де дін қызметшісімен сөйлеспейді. Ал біз әңгімелестік, анықтадық және өте қызықты ақпарат берді бізге.

- Сұхбатыңыз үшін рақмет!

kaztag.info

 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: