Жаңалықтар Руханият Қазақ хандығына 550 жыл
Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарихи рашиди” еңбегі біз үшін құнды дүние – Ә.Асқаров
550 жыл бұрын Қазақ хандығының құрылғандығы туралы дерек тек Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарихи рашиди” қолжазбасында кездеседі. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің “Елдің тарихы мен мəдениеті – Болашағы тұтас ұлт” тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Əлібек Асқаров айтты.
- ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарихи рашиди” қолжазбасын парсы тілінен қазақшаға аударып, кітап етіп жарыққа шығарды. Ол кітап біздің мəдени өміріміздегі айтулы жаңалық. Бұған дейін ол орыс тілінен қазақшаға аударылған болатын. Алайда ол кітапта көптеген түсінбестік, көне атаулар мен аттардың қате жазылуы, кейде əдейі бұратартулық толып жүр екен. Осы тарапта қазақ ғалымдары тарапынан үлкен талқылау болды. Қазір Қазақ хандығына 550 жыл деп жатырмыз. Бірақ осы деректі қайдан алдық? Ол деректі Мұхаммед Хайдардың осы қолжазбасынан алдық. Басқа ешқайжақта Қазақ хандығының құрылғандығы жайында дерек жоқ. Бұл кітаптың қазақ үшін маңызы да осында, – деді Əлібек Асылбайұлы.
baq.kz
Пікір қалдыру