|  | 

Көз қарас

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТӨРТ ҰЛЫ ИМПЕРИЯНЫҢ ТІКЕЛЕЙ МҰРАГЕР ҰРПАҒЫ

Қазір Шыңғысханды моңғол деп Қытай мен Монғолиядан басқа ешкім айтпайды. Себебі, тарихтағы шындық бойынша Шыңғысхан да , Шыңғысханның құрған мемлекеті де таза қазақ — татар мемлекеті болған. Қазір Европа , Россия мен Түркия, Жапония мен Қазақстанның барлық тарихшылары ашық түрде Шыңғысханды таза қазақ деп жатыр. Осы жуықтарда ғана Россияда тарихшы Мұрат Аджи мен Ан. Оловинцевтің, Украйнада Влад. Белинскийдің, Англияда атақты бір ағылшын тарихшысының, алдында Қазақстанда тарихшы Мұхтар Мағауйннің Шыңғысхан таза қанды қазақ деген кітаптары шықты . Мен сол кітаптапрдан алып жазып отырмын.

Осыдан үш — төрт жыл бұрын Қазақстанның барлық ірі деген академик, доктор мен профессорлары «Қазақстан» телеканалынан шығып барлығы Шыңғысхан таза қазақ, меркіт руынан және меркіттер қазір Қазақстанда және қай рудың құрамында екенін жақсылап мәлімдеді. Ертең –ақ Шыңғысхан таза қазақ деп бәрі сөйлейтін болады.

Шыңғысханның кезінде қазіргі Моңғолияның жері Татар даласы деп аталып онда қазақтың татар тайпа — рулары тұрған болатын . Олар кейін қазақстанға көшіп келген Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Татар және Дулат сияқты оннан аса татар — қазақ ру — тайпалары. Моңғол деген ұлттың өзі Шыңғысханның кезінде ешқандай да болмаған. Олар Қытыйдың Манжуриядағы Шығыс Ляо деген мемлекетінен Шыңғысхан өлгеннен кейін ғана көшіп келген Кидан деген халық. Монгол деген атау Шыңғысханның немересі Мөңке ханның атынан алған. Мөнке хан Оңтүстік Қытайға ылғай соғыс жорғын ашып, оны қытайлар «Монгу» деп атап, одан қазіргі моңғолдардың атауы шықты.

Шыңғысханның асырап алған әкесі қазақтың қият деген руынан да , туған әкесі қазақ — меркіт. Бұл жөнінде Жапонның 2014 –ші жылы, 29—шы мамыр (май) айында Россияның « Мир» деген телеканалында көрсеткен Шыңғысхан деген фильмінде өте жақсылап көрсетті. Жапондар Кытай, Монғолдай емес тек шындықты көрсетеді. Ол фильмде Шыңғысхан өзін алты — жеті рет қазақ меркітпін деп атады да, оны Шыңғысханның қоңырат руынан шыққан туған шешесі де айтты. Меркіт қазақ руы және олар қазір Қазақстанда Найман руының құрамында. Меркіт алдымен керейлерге қосылады да Шыңғысхан керейлерді жеңгенде Меркіт ханы Кетебек Ертістің бойына көшіп кеткен найман ханы Күшілікке қосылады. Оны Қытайдың «Шыңғысхан» фильмінде көрсетеді. Шыңғысханның кезінде татар қазақтар Шыңғысханның армиясы ретінде батысқа соғыс бастағанда Қазақстан жеріне көшіп келді. Олардың басшысы және артынан хандары болып Шыңғысханның үш ұлы Жошы , Шағатай және Төле бастап келді де сол жерде тұратын оларға жақын туыс қыпшақ — қазақтармен бірікті. Ал қазақтың Алтын Орда мемлекетінде ешқашан да бір бір моңғол тұрып көрген жоқ. Оның бірінші ханы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы да, да бірінші астанасы Қазақстанның орталығындағы Ұлытау . Ол Ұлытауда сол Жошының, тағы да Алтын Орда хандары Едіге мен Тоқтамысхан жерленген. Енді белгілі болған жайыт Жошының жанындағы Алашханның зиратында Шыңғысханның өзі жатыр дейді. «Алаш» атауы Шыңғысханның империясының тағы бір атауы.

Шыңғысханның төрт әйелі де қазақ болды. Діні көне қазақ діні тәңірге табынушылық. Шыңғысханның ең ірі деген қолбашсыларының біріншісі Мұқылай қазақ — жалайыр, екіншісі Сүбедей татар — тувинец, ал енді біреуі Жебенің аты таза қазақша. Шыңғысхан деген ат қазақтың « Таудың қарлы биік шыңы» — деген сөзі. Ал Шыңғысханның империясының астанасының аты « Қарақорым» таза қазақша, бар қазаққа түсінікті сөз. Шыңғысханның татар империясынан да Шыңғысханның өзінен де, Алтын Ордадан да бізге жеткен барлық тарихи документтер, хаттар мен ақша монеталардың ішінде бір де бірінде моңғол тілінде жазылғандары жоқ, барық жеткен тарихи документтер мен тыйындардағы жазу тек қана татар тілінде де, Алтын Ордадан жеткендердің барлықтары Қыпшақ тілінде. Яғни, қазіргі қазақ тілінде. Себебі Шыңғысханның татар империясының мемлекеттік тілі татар тілі , ал Алтын Ордада қыпшақ тілі болды. Яғни, қазіргі қазақ тілі. Татар империясының мемлкекттік алфавиті қазақтың көне Орхон — найман алфавиті болған. Өте көп татар — қазақтар Мұқылаймен, Құбылаймен Қытайға көшті. Ал қазақ — татарлардың негізгі көп бөлігі қазіргі Қазақстан жеріне Шыңғысханның әскері ретінде көшіп келді. Ал қазақ халқы әлемдегі ең ұлы тарихы бар ең ұлы халық. Себебі, әлемнің өткендегі ең бір ұлы деген төрт империяның тікелей мұрагер ұрпағы болып табылатын жалғыз халық қазақтар. Ол империялар өткендегі ұлы Гун империясы мен оның ұлы патшасы Аттила. Екіншісі қазақтың көне империясы Түрік Қағанаты. Үшіншісі Шыңғысханның құрған ұлы Татар — қазақ империясы мен Шыңғысханның өзі. Ал төртіншісі қазақтың ұлы империясы ол ұлы Алтын Орда. Осы ұлы деген қазақтың төрт империясының тікелей мұрагері болатын қазақтар әлемнің ұлы халқы болып табылады. Мысалы әйгілі Гун империясы Қытайдың армиясын бірнеше рет талқандап жеңіп Қытайды қорқынышта ұстаған . Ал Гундардың ұлы патшасы Аттила Ұлы Рим империясын тас талқан қылып талқандады. Ал қазақтың ұлы хандары Шыңғысхан мен Батухан әлемнің жартысын қыйратып жаулап алды. Ал Батухан бастаған казақтың Алтын Орданың армиясы Лигнец түбіндегі шайқаста Европаның орасан зор біріккен армиясын тас — талқан қылып жеңді. Шымкент, Тараз(аты Хорезм–Парсыша), ҚызылОрда, Маңғыстау жерлерін бізге жаулап алып берген Шыңғысханның өзі. Отрар қазақтың емес Хорезмдік—парсылар қаласы. Алтын Орда мемлекетін құрып соның арқасында біртұтас қазақ ұлты, жері, тілі пайда болды. Сондықтан болашақта кезі келе өзбекше аты бар Шымкент пен Алатауды «Шыңғысхан» деп атын өзгертетін боламыз. Астынаны «Аттила», КызылОрданы «Алтын Орда», Кіші жұздің жеріндегі Атыраудың атын «Хан Бату» (Жанында көне Сарайшық пен Батуханның зираты бар) Семейдің атын «Алаш Орда» деп өзгертеміз. Керенский, Ленин мен Сталинге жөн айтып қазіргі Қазақстанның шекарасын жасап беріп кеткен Алаш Орда үкіметі болатын. ( Семей Астанасы болған.). Барлық қалаларымызда Париждегідей Аттила, Күлтегін, Шаңғысхан мен Батуханның ескерткіші бар Триумфальдық аркаларымыз тұратын болады және олар жеңген шайқастарының аттары жазылатын болады.

Erhan Majyt

 

 

 

 

 

Менің бітіргенім тарих факультеті, әрі компазитормын.

Ерхан Мәжік

kerey.kz

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Бүгін Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) «Паутина» деп аталатын стратегиялық операциясын жүзеге асырып, Ресейдің әскери авиациясын нысанаға алды. Украиана тарабы операция барысында Ресейдің 41 соғыс ұшағы жойылған алға тартты. Олар Ресейдің А-50, Ту-95МС және Ту-22М3 сынды стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын істен шығарып, 2 миллиард доллар шығынға батырған. Украинаның арнайы қызметі операцияны жүзеге асыруға бір жарым жыл бойы дайындалыпты. Операция барысын Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі бақылаған, ал оның орындалуын СБУ басшысы Василий Малюк пен арнайы жасақтардың үйлестірілген ұжымы атқарған. Украина тарабы алдымен FPV-дрондарды Ресейге контрабандалық жолмен жеткізеді. Артынша – ағаштан жасалған шағын үйлер жібереді. Дрондар сол үйлердің шатырының астына тығылған. Кейін бұл үйлер жүк көліктерге тиеліп, Ресейдің ішкі аумақтарына жеткізіледі. Дәл сәт

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

1 пікір

  1. Ж игер-Зекен

    Ерхан Мәжік мырзаға
    сіз Қазақ тарыйхын зертеймін десеңіз алдымен Қазақ урыуларын дурыстап тұсініп алыңыз
    Меркіт қазіргі Найман урыуының қурамында емес Керей және Алтайдықтардың арасындва
    Ібн-Сіна ны Қазақтар Қазақтығын дәллелдейміз деп жан-талласып жұрсе сіз Отырар Қаласы Парстардікі деп Ал-Фарабиді Парысқа
    айландырып жіберіпсіз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: