|  | 

Әлеумет

Байбек Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына олардың болашағы жайлы айтып берді

Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек Қалқаман-2 ықшамауданында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына олардың болашағы жайлы айтып берді, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Химия-биология бағытындағы мекеме 960 оқушыға арналған. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жаратылды.

Жаңа Назарбаев зияткерлік мектебінде 300 орындық жатақхана бар, онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар оқиды. Құрылысшының мәліметінше, білім беру мекемесі Қазақстандағы ең ірісі. Оның территориясы – 5,7 гектардан асады. Мектепте екі үлкен спорт залы бар, футбол және баскетол алаңдары, сонымен қатар, балалардың ауылшаруашылық өсімдіктерін егуіне мүмкіндік беретін бақша бар. Құрылыс жұмыстары үш жыл жүрді. Ғимараттың жалпы ауданы 103 мың шаршы метр.

© Әлішер Ахметов

Алматының әкімі ғимаратты қарап шығып, жаңа Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу конкурсында бір орынға 7-8 адамның таласатынын атап өтті. “Сендер үздіксіңдер. Сондықтан жақсы оқу керек. Сендерге мол жауапкершілік артылып отыр. Алматы білім беру саласында көш бастап тұрған қала. Мұнда айтарлықтай бәсеке бар. Төрт жыл бойы ҰБТ-да ең жоғарғы көрсеткіш болды. Қалада мамандандырылған алты мектеп бар. Физмат бар, өте жақсы мектеп. Бүгінде министрліктердің, мемлекеттік органдардың басшылары физматтан шыққандар. Сонымен қатар, ҚТЛ бар, онда да айтарлықтай бәсеке бар. Әрбір мектеп – бұл рух, мәдениет, ата-аналарыңның қатысуы. Сіздерге ең бастысы сәттілік. Оқу, оқу және ештеңеден қорықпау, Президентіміз сияқты. Білім – бұл өте жақсы, бірақ тәрбиесіз білім ештеңеге де жеткізбейді. Өз елдеріңнің патриоты болыңдар. Тәртіпті болыңдар. Бір жағынан алып қарағанда барлығың бәсекелессіңдер, ал екінші жағынан сендер доссыңдар, бір командасыңдар. 2050 жылдары сендер 48-де боласыңдар. Егер жақсы оқитын болсаңдар, сол Қазақстанды сендер құрасыңдар. Балаларың мен немерелерің болып, қуанасыңдар, өз елдерің үшін еңбектенесіңдер. Елді құру үшін физиктер, химиктер, математиктер, биологтар қажет. Барлығы сендердің қолда. Осы асудан өтулерің үшін барлық жағдай жасалған”, – деді Байбек.

Ол Назарбаев зияткерлік мектебінің қандай құрылғылармен жабдықталғанын және оның батыс елдерінде де жоқ екенін атап өтті. “Мұндай жағдай ол жақтарда жасалмайды. Барлық ата-ананы, әжелер мен аталарды құттықтағым келеді. Барлық баланы дамыту керек. Білім ғана емес, тәрбие де болуы керек. Жастар патриот болуы үшін алдарына сенімді мақсаттар қоюы үшін, өз халқын сүюі үшін. Мұғалімдер өте мұқият конкурстан өтті. Мұнда жалақы Алматы бойынша деңгейден екі есе көп”, – деді ол.

Еске сала кетейік, Алматыдағы 864 орындық бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі 2014 жылдың 4 шілдесінде ашылған болатын. Физика-математика бағытындағы мекемеге білім алуға 672 оқушы қабылданды. Айта кетейік, ал бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі Астанада 5 жыл бұрын салынған еді. Мекемеде роботтар техникасы, жылыжай және телестудия бар. Оқушылар мектепке қабылданар алдында тестілеуден өтті, тестілеулер шетел мамандарының қатысуымен өтті. Мұғалімдер де мектепке арнайы конкурстан өткеннен кейін ғана жұмысқа тұрды. Жұмысқа шетелдің 22 мұғалімі қабылданады делінді. Білім беру мекемесінің басшылығы түлектердің шетел жоғары оқу орындарына түсе алатынын және емтихандарды ағылшын тілінде тапсыра алатынын айтты.

tengrinews.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. «Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: