|  | 

Шоу-бизнис

Лондонда кәсіп ашқан қазақ қызы

Лондонда кәсіп ашқан қазақ қызыАлматылық Эльмира Әділбекова бүгінде Лондон қаласында тұрады. Әлемнің саяси астанасы атанып кеткен қалада жеке кәсібін дөңгелентіп отыр.Білдей бір фирманың директоры. Туған жеріне қыдырып келген Эльмира «Айқын» газетіне сұхбат беруге бірден келісті.

– Эльмира, алдымен тұманды Альбионға қалай барып жүрсіз?
– Алматыдағы Т.Рысқұлов атын­дағы жоғары оқу орнын эко­номика мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп, қаржы маманы болып шыққан соң да, ары қарай оқуымды жалғас­тыр­ғым келді. Себебі бүгінгі заманда білімсіз ешқайда аттап баса ал­майсың. Сөйтіп, Лондон бизнес-мектебінде азаматтық құқық бой­ынша бакалаврды бітірдім және қаржы магистрінің дипломын алып шықтым.
Өзімнің кәсіби еңбек жо­лым­ды әуелі туған Қазақстанымда, Қаржы министрлігінің салық ко­митетінде жұмыс істеуден баста­дым. Салық салу мен оны жи­наудың әдіснамасын, нормативті актілерін түзуге қатыстым. Салық саласындағы әлемдік тәртіптерді толық меңгеру үшін қосымша Америкаға барып оқып, сәйке­сінше сертификатқа ие болдым. Қазір Англияда осы тақырыппен белсенді түрде шұғылданудамын.
Америкада жолдасым екеуміз төрт жыл тұрдық. Лондонда тұ­рып жатқаныма бес жыл болды. Лондон орталығындағы инвести­ция бойынша ең үздік консал­тингтік компаниялардың бірінде Англия заңдылықтарының қатаң талабына сәйкес клиенттермен қалай жұмыс істеу бойынша баға жеткізгісіз тәжірибе жинақтадым десем болады. Нәтижесінде осын­­да өзімнің жеке компания­м­ның негізін қаладым.
– Сіз басқаратын фирма немен айналысады? 
– Фирмамыз ағылшынша Regal Oak International LTD деп ата­лады, қазақша айтсақ «Корольдік емен». Білім, жылжымайтын мү­лік, қаржы және салық, т.б. сала­лар бойынша сарапшылықпен айналысамыз. Құдайға шүкір, сапалы еңбектің арқасында та­бысты жұмыс жүргізудеміз, өзіміз де, клиенттеріміз де дән риза. Аме­рикадан жинаған тәжіри­бем­нің арқасында Англияға қоныс аударған немесе қоныс аудармақ талай адамның жат жерге тезірек сіңісіп кетуіне, үй алуына, жұмыс табуына, білім алуына көп кө­ме­гім тиюде. Алматыда, Астанада, Ақтөбеде де офистеріміз бар. Сон­дай-ақ компаниямыз Қазақ­стан­нан бөлек Армения, Әзірбай­жан, Қырғызстан, Молдова, Тә­жік­стан, Өзбекстан және Грузия елдерінде де қызмет көрсетеді.
Біз Лондон, Ұлыбритания бо­йынша білім беру саласы, со­ны­мен қоса тұрғын үй, саяхат және студенттерді, магистрант­тарды, туристер мен иммигранттарды қызықтыратын басқа да көптеген мәселелердің, сұрақтардың әр­кімге де тиімді, қолайлы, уақытты үнемдейтін жақтарын қарасты­руға әрдайым дайынбыз.Мәсе­лен, жеке клиникалар, сауықтыру бағдарламалары, босану, ауру­хана, лизинг, өнер мен сән, той өткізу, тағы да басқа да көптеген  сұрақтар бойынша сапалы қызмет көрсетеміз. Түрлі құжаттар бойынша көмектесеміз. Әркімнің жеке қалауы бойынша, тұрып жатқан ауданын ескере отырып, мектеп жағдайын қарас­ты­рып, жылжымайтын мүлік таң­дауға, Ұлыбританияда автокөлікті жалға немесе сатып алуына қыз­мет көрсетеміз. Біз, қажет болған жағдайда, автокөлік сақтандыру бойынша да қызмет көрсетуге, дилерлер туралы ауқымды ақ­паратты ұсынуға да зор үлес қо­су­дамыз.
Сондай-ақ Лондон, Ұлыбри­тания жеріне қадам басқандардың жоспарлап келген қызықты де­ма­лыстарының көңілді өтуін қа­рас­тырамыз. Туристердің автобуспен немесе жеке турмен, гидпен тари­хи қалалармен (Лондонға, Warwick Castle, Оксфорд, Кембридж, Windsdor Castle, Лидс, Стоун­хенджа, Bath, Stratford, Cotswolds) танысуға, саяхатқа байланысты билеттерін тиімді бағаға сатып алуға, бронь жасауға, қонақүй, мейманхана, хостел жалға алуға қызметімізді ұсынамыз.Балабақ­шадан бастап, мектеп (жеке, мем­лекеттік), лингвистикалық (ағыл­шын тілін меңгеретін) және басқа да кәсіби курстарға , жоғары оқу орындарына (бакалавриат, магис­тратура, доктарантура) түсуге бай­ланысты толық сапалы ақ­параттар ұсынамыз. Студенттерге жатақхана таңдаудың тиімді жо­лын ұсынамыз. Бізде жылжы­май­тын мүлік нарығындағы деректер үнемі жаңартылып тұрады. Қыс­қасы, сәттіліктің кілтін Лондон, Ұлыбритания мемлекетінен ізде­гендерге Корольдік емен қашан да сапалы қызмет көрсетуге даяр.
– Отбасыңыз жөнінде бірер сөз айтсаңыз?
– Жолдасым Ермек те қаржы саласының қызметкері. Алматы­ның «Ақсай» шағын ауданында көрші тұрдық. Ол мектепте орыс­ша оқыған. Өзім қазақ балабақ­шасында тәрбиеленіп, Алматы­дағы 147-қазақ мектебін 16 жа­сымда үздік бітіргенмін. Жол­дасым екеуміз де университетте бірге оқыдық. Оқи жүріп бас қос­тық. Екі қызымыз бар, болса да ағылшын мектебінде оқиды. Үйде тек қазақша сөйлесеміз. Әке-ше­шем Алматыда тұрады. Әкемнің есімі – Ислам, полиция қызмет­кері болып жүріп зейнет дема­лы­сына шыққан. Қазір де қол қу­сырып отырған жоқ, басқа са­лада еңбектенуде. Анам Айгүл ша­ғын бизнеспен айналысады. Ку­ли­на­рия маманы. Өзім үйдің тұң­ғы­шымын. Сіңлім мен інім бар.
– Еуропадағы қазақтар туралы не дейсіз?
–Бұрыннан тұратын, яғни Түркиядан 80-жылдары көшіп барған 400-дей жергілікті қазақ­тар туралы айтсам, өкінішке қарай, олардың көбісі ана тілін ұмытып бара жатыр. Жастар жа­ғын айтам. Бүгінгі ұрпақтың ана тілінен ажырап бара жатқан­ды­ғына ата-аналары алаңдаушылық білдіреді. Балаларымен ағылшын­ша сөйлеседі. Оларды қойшы, өзі­міздің Қазақстаннан оқуға барған талай жастың қазақша білмейтіндігін көргенде еріксіз қарның ашады. Амал жоқ, қазақ балаларымен орысша түсінісуге тура келеді. Лондонда тұратын қазақтардың негізін осы елден келген студенттер құрайды. Де­ген­мен, ағылшындар қазақ ба­лаларының таланттылығына таң­ғалады. Лондонда тұратын жаңа қазақтар қаланың ең ауқатты ау­данында тұрады.Онда да тіл мә­се­лесі алдыңнан шығады. Бола­шақ­та қажетті шаралар қол­да­нылмаса жаңа буын қазақтар, тұрған елде­рінің мәдениетін және салт-дәс­түрлерін қабылдап, ассимиляция болып кететіні анық. Мәселе балаға берілетін ұлттық тіл мен мә­дениетте. Англиядағы ата-ана­ларға жүктелетін жауапкер­шілік өте көп. Бірақ сол ата-аналардың өздері де ана тілден мақұрым. Оларға қол ұшын беру ең алдымен Қазақстандағы тиісті орындардың алдында тұрған міндет. Әрине, Еуропадағы Қазақ мәдениет ор­талықтары жастарға қазақ тілінің оқытылу жұмыстарымен шұғыл­данып жатқаны анық. Лондон­дағы Қазақстан елшілігі, ондағы қазақ мәдениет орталығы деген­дей. Дегенмен, Қазақстанның да атсалысқаны дұрыс. Ал өзімізге келсек, алыста жүрсек те жүре­гіміз тек «қазағым» деп соғады.
– Лондон мен Алматының ерекшелігі неде? 
– Мұнда біздегімен салыстыр­ғанда тамақ қымбат та, киім өте арзан. Қала өте таза. Шаһарды қақ жарып Темза өзені ағады. Бірақ көшелері тар. Көненің көзі саналатын сәулетті ғимараттары көп. Саябақтар да жетеді. Тұр­ғындар ыңғайлы кез келген жерге отыра береді. Өздеріне ыңғайлы киім киінеді. Ол жақтың халқы көбіне үйден гөрі мейрам­хана­лардан тамақтанғанды құп көреді. Қалада туристер өте көп. Лондон туралы сөз айта берсең тау­сылмайды.

Төреғали ТӘШЕНОВ
aikyn.kz

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: