|  | 

Шоу-бизнис

«Алло» немесе махаббаттың әдемі әңгімесі (видео) 

Т.Тореали-1

– Алло!

– Алло! Бұл кім?

– Кімді іздедің?

– Таныдың ба?

– Жұлдыз ба едің?

– Иə, сенің жұлдызыңмын,

Жан ашпаған сырды іздедім.

– Кешіріңіз! Кім едіңіз?

Ерке Е– Бір сұлудың тірегіміз,

Əзір бойдақ, басымыз бос…

– Бос орынға гүл егіңіз!

Соңғы кезде түсірілген клип­тердің ішінде әзілі де, мәні де, әдемі сюжеті де бар «Алло» көп­тің көңілінен шыққаны даусыз. Бір жағынан ақбоз атты ханзадасын күткен бойжеткен туралы ертегіге де ұқсайтын бейнебаянда бәрі бар. Ауылдың аруы мен қаладағы жұлдыз жігіттің ұялы телефондағы ән-диалогынан жастық, сұлулық, армандар мен махаббат та табылады. Көзге оттай басылатын таныс суреттер әншілерімен қосылып, қазіргі бозбала мен бойжеткендердің бүкіл тілектерін әлдилейді. Қысқасы, қазіргі заманның ертегісі.

Не десек те аяқтал­ған жыл­­да Серік Ибрагимов­тің орын­дауындағы «Жаяу», Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова салған «Сен мені түсінбедің», Бейбіт Көшқалиев айтатын «Қайтесің өзгені», «МұзАрт» тобының «Же­ңешем» әндерімен қатар «Алло» да оп-оңай хитқа айналды. Неге?

Өйткені, мағынасыз жылауық әндерден жалыққан тыңдарманға сөздері құлаққа қонатын, сазы ойнақы «Алло» ұнап тұр. Аталмыш әнге көп ұзамай түсірілген клип те шындыққа жанасады. Романтика бар. Анайылықтан ада.

Сонымен, клип тыңдар­ман­дарына жол тарта салысымен әлеуметтік желідегі белсенді қа­уым­ның пікірлері көбінесе «Әннің авторлары кім екен? Жылауық әндерден шаршаған, естігісі кел­мейтін адамдарға жақсы екен». «Бейнебаянның өзі де қандай жақсы! Өмірден ойып алған бір көріністей екен шынымен». «Әні де, сөзі де ұнады. Тек «Кел, сырласайық, Кел, сырласайық, Қосылған солай көп егіз» деген же­рін тек жігіт айтуы керек пе еді деп ойлаймын» дегендей тұрғыда өрбіді.

«Бүкіл Қазақстан «Алло» деп «азан» шақырып тұрғандай… Түн­нің жарымы… Алыстан «Ал­ло» жетіп жатыр», деп жаз­ды Фейсбуктегі өз парақшасында Өмір Шыныбекұлы. Өзгелер ке­лісті.

– Бұл әннің елеңдететін ерекше бір тарихы жоқ. Бірақ қазіргі эстрадада орындалып жүрген әндерден басқаша бір шығарма жасағымыз келді. Қарап отырсақ, махаббат жайлы әндердің бәрі бір біріне ұқсас болып барады. Біз соларға ұқсамайтын тың тақырыпқа барып, сол бағытта жұмыс жасадық. Әншілердің арасынан қазақы әндер айтатын Ерке Есмаханды таңдап алдық. Сөзі мен сазы жазылғанда орындаушылардың дауысы, имиджі ескерілді, – дейді Төреғали Төреәлі.

«Біздің «Алло» әні мен оған түсірілген бейнебаян xалықтан «жақ­сы» деген баға алып жатыр! Осы бағаны алу үшін еңбек еттік, демек мақсатқа қол жеткіздік!» деп жазды Ерке Есмахан өзінің жеке әлеуметтік парақшасында.

Ал клип танымал продюсер Баян Есентаева мен Төреғали Төреәлінің әкесі Төрәлі Төле­повтің идеясымен түсірілген. Әннің сөзін жазған айтыс ақыны Қайнар Алакөзов, әнін жазған Құрал Молжанов. Осы арада осы екі таланттың тандемінен, яғни Қайнар Алакөзов пен Құрал Молжановтың шығар­машылық одағынан өзге де танымал әндер туғанын айту керек. Мәселен, Төреғали Төреәлі орындап жүрген «Бол жанымда», Нұрболат Абдуллин шырқайтын «Сүйгенің қайда?» әндері осы күн­дері ең танымал хит әндердің қатарында.

Осылайша әнші Ерке Ес­ма­ханның еркелігі, тұсауын айтыс кескен талант Төреғали Төре­әлінің жаңа дуэті көпшілікке ұнады. Өнер айдынындағы жаңа­лықтардан құлағы түрік жандар соңғы уақытта бұл дарындар дуэт түрінде сахнаға көбірек шығып жүргенін байқаған да болар.Allo

Өзі де айтыста хит болған ән­дерге пародия жасап жүріп, аз уақытта эстрада төрінен орын алған Төреғали Төреәлінің айтуынша, ол бар болғаны 4 жасында алғаш рет Наурыз мерекесінде көптің алдында өнер көрсеткен. Байқоңырдың баласы, Төретам­ның тумасы өнерпаз әкесіне еріп жүріп, тұңғыш рет 7 сыныпта «Әке мен бала» клипіне түсіпті. Қызылорда өңірінде танымал әулеттен шыққан әншінің тыңдармандарына әлі де айтары көп. Ол жай орындаушы емес, ақын жігіт. Құдай берген сахналық келбеті мен амбициясы бар.

Ал «Жеке өмірім туралы мұнан былай ешкімге айтпаймын» деп өзіне өзі талап қойған әнші Ерке Ес­махан Баян Есентаеваның «Shine Stars Production» продюсерлік орталығындағы арулардың бірі. «Іңкәр» тобының құрамынан шыққан әнші қазір өзі сахнаға жеке шығып жүр. Еркенің дауысы мен келбетіне тыңдармандары дау айта алмайды.

Атыма затым сай болсын дей­тін қағиданы ұстанатын Ер­ке Есмаханның жеке шығар­машылығы «Іңкәр» тобынан кейін басталды. Баян Есентаеваның қолдауымен «Айша Бибі» әні­не түсірілген бейнебаян оны тыңдармандарына кәдімгідей танытты.

«Әнші болмасам, әнші болар едім» дейтін Ерке Есмахан өмірде ақылды, байсалды адам, бақытты ана болуға тырысады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: