|  | 

Мәдениет

Қытайлық қазақтар Моңғолиядағы қобдалық қандастарына таңқалып қайтты (ФОТО)

Биыл қаңтардың 15 күні көрші ел Моңғолияның Қобда өлкесі, Бұлғын ауданында өткен салбурын салтанаты мерекесі, Қобда аймағындағы бауырластар мен елімізден барған саяхашыларды, тілші-фотографтарды тәнті етіп таңдай қақтырған айта қалсын саяхат пен мәдениет тоғысқан, мәні бөлек ерекше салтанат болды.

15-маусым таңертең. Ұясынан құлақтанып шыққан күн әп-сәтте Қобданың теріскейіндегі тау-даланы нұрға бөлеп, «бүгінгі тамаша қайда?» дегендей аспан әлемінен күміс кірпіктерін қадап тұра қалды.


Моңғолияның Қобда аймағында мөлшермен 3 мыңдай қазақ қоныстанған. Олардың дені мал шаруашылғымен шұғылданады. Әдетте олардың бұндай ұлттық дәстүрлі қимылға қатынасатын орайы өте аз екен. Сондықтан Қобда аймағы «Алтай шыңы» саяхат фирмасы жерлік орындағы қазақ-мұңғол азаматтардың талабына сай бұл жолғы саблурынды Бұлғын ауданында өткізуді жоспарлапты. «Той десе қу бас домалайды» деген осы-ау. Таңертең сағат сегізден бастап тұс-тұстан тасқын судай ағылған халық та есеп жоқ. Аттылы-жаяу, түйеге мінгескені, заманауи көлікке отырғаны бар, бәйге төбенің маңайын екі-үш сағаттың ішінде қара құрым адам теңізіне айналдырды. Ұланбатыр уақыты түскі сағат 12:00-де саблурын салтанаты басталды.
Аталған шараның маңыз-мақсаты жайлы Қобда аймағы «Алтай шыңы» саяхат фирмасының директоры Бекболат Бұғыбайұлы былай деді: «Бұл реткі салбурын салтанаты осы Қобда аймағында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Мұндағы мақсат Қобда өңіріндегі қазақ бауырластарға ата дәстүрдің нағыз бейнесін көрсетіп, олардың ұлт дәстүрін ұлықтауға деген танымын жоғарлату. Сондай-ақ Бұлғын ауданының ұлы көрші Қытай елімен шекараластығын пайдаланып, саяхатшылар тартып, екі елдің мәдениет, сауда-саттық қарым-қатынасын жебеу. Бұдан кейін тәжірибе-сабақтарды қортындылап, саяхатшыларды көптеп тартатын қызықты да мағыналы шараларды өткіземіз».


Екі мемлекеттегі саяхат тарауларының қысқаша таныстыруы ақырласқан соң бүркітшілер тұрғыға шығып, бүркіттерін кезекпен қолға қондыру, шырғаға шақыру, қоян мен қарсаққа, түлкіге салу сынды дағдылы қимылдар бойынша көрермендерге ойын көрсетті. Соңында алдын ала дайындалған дала тағысы қасқырға бүрткіт қоя беретін сәт жетіп, ат шаптырым жазық адамның айғай-шуына толып кетті. Қағушы жігіт тәртіп бойынша дайындалған қасқырдың аяғын шешіп, аузындағы тұмылдырықты сыпырып алды да, көз ілеспес тездікпен ат үстінен шауып келіп жерге қарай лақтыра салып, өзі атын тебініп ытқи жөнелді . Қалың адамның айғайы мен бүркіттердің піштәктаған дауысы дала тағысының да зәресін ұшырғандай әдеттегі бөрі бүлкегінен ілезде айнып, безектеп қаша жөнелді. Сол ақ екен, тұрғы жақтан қанатын жайып, тегеурінін ашқан бір ақ иық оны ұзатпай бір тегеурінімен азуын, бір тегеурінімен кеуде тұсын ала басып қалды. Қалың айғай қайта көтерілді де, ашулы бүркітті қасқырдан арашалап алуға құсбегі мен қағушы да тұра жүгірді. Бұл Баян-Өлгий аймағынан келген Насихат атты құсбегінің ана жасына толған қыраны екен.


Баян-Өлгий аймағы Сақсай сұмынынан келген, биыл жетпіс алты жастағы Емен Мүлкейұлы: «Биыл жетпістің алтауындамын. Бүркіт ұстап аңға шыққаныма қырық жылдан асты. Ілгерінді-кейінді 17 бүркіт ұстап, қолға үйретіп қызығын көрдім. Өлкемізде әр жылы қыркұйек-қазан айында екі рет саятшылық мерекесі болады. Бұған жалпы мемлекетіміз бен аймақтағы атқа мінер елбасылары ерекше қолдау көрсетті. Он неше шәкірт тәрбиелеп, ел іші-сыртындағы саятшылық мерекесіне қатыстырып келемін» дейді .
Әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның «Жыртқыш құстар» атты ғылыми еңбегінде қыран бүркіт 100-150 жасқа дейін ٴөмір сүретіндігін ел аузындағы деректер мен зерттеулер арқылы дәлелдейді. Қазақ құсбегілері қыран бүркіттің балапанын ұядан алу, ٴтүзден тор, қақпан, ау арқылы ұстап алу сынды әдістер арқылы қолға көндіріп, аңға салады. Бірақ, тумысынан жаратылыстағы барлық хаюанаттар мен өсімдіктерге зян салуды оларға жасалған қиянат деп білетін қазақ баласы, қолға баптап аңға салған бүркітін он жылдан асырып ұстамаған. Яғни, бүркіттің жасы ана бүркіт жасына толып ұя басатын, балапан ұшыратын, ұрпақ қалдыратын мезгілі толғанда оның аяқ бауын алып, табиғат құшағына қоя берген. Моңғолияның Баян-Өлгий өңіріндегі қазақ саятшылары бұл дәстүрді бүгінде жалғастырып отыр.


Бұл туралы Баян-Өлгий аймағынан келген Бекболат Иманқұлұлы қазақ құсбегілерінің қыран құстың табиғи қасиетін ұлықтап, табиғатқа қоя беретін дәстүрін былайша сабақтады: «Мына бүркітм биыл ана жасына толды. Ұядан алған қол балапан бүркіт. Талай мерекеде, талай салбурында көңілімді қалдырмады. Енді осы көктемде толық ана жасына шыққан мезгілде аяқ бауын алып, ұлы табиғатқа қоя беремін. Бұрынғы бабаларымыздан қалған жосын солай. Бүркіт те ұрпақ қалдырып қызық көру керек. Ел аман, жер таза болса, ұлы абиғаттан тағы бір аспан серісін қолыма үйретіп, қартайғанша қызық көрем бе деймін. Тәрбиелеп жүрген бес-алты шәкіртім де бар. Оларға да осы дәстүрді үзбей айтып келемін. Ел қыстан аман шығып, мал шелденіп, жер көгерген тұста ауыл-аймақты шақырып бір малымды сойып, оларға таратып, бір малымды осы бүркітке беріп тойғызып, аяқ бауын алып түзге жіберемін» деді.
Көпке белгілі. Қыран құс баптауға аса мұқияттылық пен хауіп-қатерден тайынбайтын ерлік те керек. Ал, құз-қия, өр-ылдида аңның ізін шалып, қиырдағыны қалт жібермей, қыранның қырағылығына сәйкесу үшін арқалы ат ер қанаты саналады. Міне осындай арқалы атты таңдап міну құсбегілік өнердің алғы шарты есепті. Осы реткі Моңғолия республикасы, Қобда аймағы, Бұлғын ауданындағы салбурын салтанаты сәтінде моңғол республкиәсы бойынша асау үйрету бәсекесінде алтын медальмен марапатталып, бес жасында бәйге атына мініп, алты жасында асау тай-құнанды ауыздықтаған Серік Жеңісбекұлына жолығып, асау үйрету сынды ата өнеріне әуестену барысын ұғысқан едік.
«Биыл 23 жастамын. 11 жасымнан бастап асау үйреттім. Біздің елде асау үйреткенде тумысынан жүген-құрық тимеген шу асауды қамалап ұстаған соң, басындағы ноқта-жүгенді сыпырып алып тастап, бір қолыңмен жалынан, енді бір қолың жетсе құйрығынан ұстап алып, көзіңді жұмып тәуекел деп құйғытасың. Жығылсаң жер көтереді дейміз бұны. Кейде жығылып бет-ауыз жараланатын, қол-аяқ мертігетін жағдайлар да болады. Дегенмен бір қызығып, соңына түскен адам асау кезіккен сайын үстіне шығып тулатқысы, үйреткісі келіп тұрады. Бір жағынан асау үйретсем бір жағынан аталарыма ілесіп, бүркіт баптап аңға шығамын. Моңоұл мемлекеті бойынша асау үйрету жарысында 12 жасар шу асауды үйретіп, мемлекеттік аға жүлдегер болдым. Қазақстандағы жарыста екінші болдым» дейді ат құлағында ойнаған қазақ баласының арынын алыс-жақынға танытқан баян-өлгилік қандасымыз.


Демек «жүйрік ат, қыран бүркіт ер санаты» деп әншейінде әнге қосып тыңдаушының ауызының суын құртқанымызбен, оны шын өмірде дәлелдеп, басқаға таныстыруда, ұлттық мәдениет байлығын саяхат абзалдылығына айналдыруда, кіріс көзіне бейімдеуде моңғол еліндегі қазақ бауырластардың тәжірибесі үйренуге татиды. Бәрін айт та бірін айт, бізде дамуға ілесеміз деп алдымызға қарай беріп, артқа көз салып ой қортатын, керекке жарайтын заттық-рухани байлықты ұмытып ізін өшіріп алатын албарындылық әлі бар. Сол албарындылық көптеген ұлттық құндылықтардың құрып-жоғалуына мұрындық болғаны талассыз шындық.


Алтай тауының теріскей бетіндегі ұлы көрші моңғол еліндегі қазақ бауырластардың ұлттық құндылыққа деген ұқыптылығы мен жауапкерлігі есті адамды ойлантпай қоймайды. Олардың тек осы салбурын мерекесінің өзіне әр жылы неше мыңдаған шетелдік саяхатшы мен тілші-фотографтар, зерттеушілер келеді екен. Демек, олар бір жағынан кейінгі ұрпаққа ұлттық мәдениетті үйрететін орайды игерсе, енді бір жағынан шетелдік саяхатшыларды баурап, кірісін арттырып, екі алып биге шығады екен. Ұмыт бола бастаған қазақы тұнық тіл, байырғы киім-кешек, сахаралық өң-шырай барлығы осы моңғол еліндегі Қобда-Бәян-Өлгий аймақтарындағы бауырластар арасынан кезігеді екен. Елімізде жасап жатқан үлкені аға-әпекелер мен кішісі іні қарындастарға моңғол еліндегі қазақ бауырластардың осы артықшылығы туралы сөз ашар болсақ, «осызаманғы мәдениеттен кенде қалған. Тек ат мініп құс көтергенді ғана біледі» деп жақтырмаған сыңай байқатқанын естіп те көріп те жүрміз. Бірақ, олардың әлемдік өркениетке деген көзқарасы дамығаны соншалық, әр малшының үйінде кемінде екі бала шетелде оқиды. Үй бас сайын автоколік. Осы рет Тайкешкен шекарасынан өтіп бара жатып, өзіміздің Шинжияң педегогика университеті мен Медицина университетінен қысқы каникулға тарап, үйлеріне қайтып бара жатқан он неше моңғол-қазақ студенттерін жолықтырдық.


Тағы бір айта кетерлігі, олар қаршадайынан бастап тіл үйренуге ерекше ден қояды. Сондай-ақ, адамдар ара тілдесуде үлкен-кішіге бірдей кішіпейіл, ықыласты болады. Орта тазалығына, үй, қора-жай, ас-су тазалығына айрықша мән береді. Мың естігеннен бір көрген артық. Бұл көз көрген шындық. Осы рет бір күндік салбурын салтанаты сәтіндегі көзбен көрген жайды, одан туған азғантай ой-пікірді көп назарына осылай ұсындық. Артық болса айып етпей қабыл алыңыздар.
Есімбек Рамазанұлы, Қапез Шағыбанұлы

“Алтай ақпарат торабы”

baq.kz

Related Articles

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз

    Шебер бір суретшінің оқушысы өз оқуын тәмәмдапты. Оқуын тәмәмдаған оқушысына ұстазы былай депті: “Ең соңғы салған суретіңді қаланың ең көп адамдар жиналатын алаңына қойып қой. Суреттің қасына да бір қызыл түсті қалам қой. Адамдарға суреттің ұнамаған жерін сызып қойюын өтініп бір хат қалдыр”, депті ұстазы. Оқушы ұстазының айтқанындай жасап болып, бірнеше күннен кейін суретті көру үшін алаңға барады. Адамдар суретті қып қызыл сызып тастағанын көреді де адамдарға ренжіп ұстазының жанына жылап барады. Ұстазы оған ренжімей сурет салуды жалғастыруына кеңес береді. Оқушы тағы да сурет салыпты. Ұстазы тағыда адамдар көп жүретін алаңға апарып қоюын айтады. Бірақ бұл ретте суреттің жанына бір құты толған түрлі түсті қалам қоюын және ұнамаған жерлерін өздері

  • ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:

    Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран,

  • Қапсәметұлы Өмер Мырза

    Қапсәметұлы Өмер Мырза: 1998 жылдары Нигде университетінің аспаптар кафедрасының оқытушысы болып тағайындалды. Ол осы жерден міндетін тоқтатып, Қазақстанға оралып Алматыда 10 жыл тұрып, 3 жылдай бұрын Ыстамбұлға келгенде дүниеден озды. Жастас болмасақ та құрдас болып кеткеміз. Әрі туысым болады. Суреттегі ұстап отырған домбыра маған Қазақстаннан сыйлыққа тартылған еді. Осы домбыра ілулі тұрған жерден жерге түсіп шағылып қалған да Өмер мырзаға осыны жөндеп беруін өтіндім. Ол маған асықпасаң әйтеуір өзіңе қайтып тапсырып берем деген еді. Сонымен Нигдедегі шеберханасына апарып қойды да 7 жылдан кейін қайта қалпына келтіріп әкеп берді. Сонда мен Өмермен әзілдесіп не деген ахырын адамсың дегенімде ол, “алдымен бір шертіп көрші, мен сенің шағып алған домбыраңның бөлшектерін күнге күйгізіп,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: