|  | 

Тарих

Ұзақ жылдар бойы толастамаған Зуқа батырдың кегі үшін жүргізілген күрес

 

Байахмет Жұмабайұлы

Zuqa batir 

Бұл күнде Үрімжіден құбының құмына қарай жүретін мемлекеттің 216 – тез қарқынды жолмен жүргенде, жолдың өңтүстігінде «сайтан керіш» (五彩城) деген жер бар, осы аңғардың шығысында қара адырғақ жерді жергілікті халық «ит азу» дейді. Ал осыдан ары қарай малшылардың төлдеулігіне таяған жерде «қасқыр соққан» деген жерлер кезігеді, алайда осы жер аттары қалайдан қалай қойылған туралы әр түрлі болжамдар айтылады, деседе материал бетте түспегендіктен ендігі ұрпаққа үміт болып бара жатқан осы жер аттарында үлкен тарихтың сорабы, яғни кешегі бабаларымыздың асқақ рухы, отаншылдыққа толы асыл қасиеттеры жатқанын көп адам біле білмесе керек.

Ендеше оқырманға ұғынықты болу үшін әңгімені арыдан бастағанымыз жөн сияқты.

1911-жылғы (доңыз жылғы) төңкерістің нәтижелі болуы Шынжаңның билеушісі Яң зышиңның өз билігін бекемдеп дербес өктемдік жүргізуіне тамаша орай болды, өлке дәрежелі органдарды бекемдеп, әскери, әкімшілік билікті шеңгеліне алды да, тұтас Шынжаңды он аймақ етіп, он басқару жүйесін құрды, сөйтіп 1914 – жылы Ілені, 1916 – жылы Тарбағатайды, 1919 – жылы Алтайды Шынжаңның өлкесінде тұтастай қаратып болып, Алтайдың бірде Бейжиңге, енді бірде Қалқаға, Ілеге, Тарбағатайға қарайтын жәйіттерін түбегейлі ақырластырды да, Алтайға Жу дауиың дегенді билеуші етіп тағайындады.

Осы кезде Яң зыңшиң тұтас Шынжаңның байлығын обырлана уысына алғандықтан, алман-салықтың түрін молайтып әрі ауырлатып, оларды әскердің күшімен жиғандықтан әр жерде үкіметке наразылық топ көбейіп, мекендерін тастап жер аударған халықтың саны күн санап артып, тұтас Шынжаңның тынышсыз күйге енді.

Алтай елінен 1400 ден астам халық Қобда жеріне келгендіктен, жемнен айырылған Яң зыңшиң, Алтайдың жу дауиңына қатаң бұйрық беріп, әскери қосын шығарып, Қобдаға кеткен халықты көнсе ақылмен көнбесе күшпен қайтарып келу бұйрығын береді. Бұл кезде Қобда еліндегі Қазақтардың шонжары Сүгірбай дүние салып, немере інісі Қылаңның басқаруында болғандықтан Қылаң ел ағаларымен ақылдасып, Алтайға кері қайтудан бас тартады.

Қатаң бұйрық арқалаған Жу дауиың, сол кездегі қанішерлігімен аты шығып Алтайды зар илетіп жүрген мадарынға қосын бастатып ондағы елді қайтаруды бұйырады.

Осы арада ескерте кетер Яң зыңшиңның Шынжаңды басқарудағы бір айласы елдің дін еркіндігіне тосу қоймай, мешіт – медіресе салуға еркіндік беру арқылы бұқараны надан ұстауға жол қойса, енді бір жақтан дінді жамылғы етіп, мұндағы әскери басшылармен ел арасындағы тыңшылар, заң орнының адамдары мен жендеттердің көбін Дүңгендерден тағайындағандықтан, қолында құран, ауызында иманы бар адамдардың екі жақтылы басқаруына жергілікті халық әбден алданып болған еді, міне осы саяси ойының жойпаны Қаба ауданында тұрып, кейін Алтай аймағында, ұзамай өлкеге дейін мәртебе алып өсіп келген осы Ма дарын бастаған бір топ қанішер, қырғыншылар Алтайды алшынынан басып, талай бейуаздің қанына ортақ болған еді.

Жу дауиың бұл жолы Қобдадағы Қазақтарды қайтаруды осы жендеттердің қолынына тапсырды. Ма дарын әуелі мұндағы екі рудың ішкі қайшылығынан пайдаланып, Қылаң тобына қюбайды жазым еттіріп, соңында өз адамдарының қолымен Қылаңды құрдымға жіберді. Міне бұл 1920 – жылдары болатын.

Алайда Ма дарын елге үрей салу арқылы мақсатын іске асырам деп халықтың ыза-кегін қозғап істі тіпті ушықтыра түседі.

Ұзамай, советтың қазан төңкерісі жеңіске жетуімен сырт моңғұл совет үкіметінің басқаруына өтіп бұл істің арты қузаусыз қалады, алайда, 1921 – жылға келгенде совет қызылдарынан ығысқан ақ квардия қару

лы күштері (ақ орыс) он мың армиямен пәкшің генерәлдің бастауында Алтайды бірақ түнде басып алады, бұл істен үрейленген Алтайдың уәлиі жудауиың өзін – өзі өлтірсе, мұндағы жергілікті билік иелері де «елдің тыныштығы» деп халық қолындағы мал, азықты зорлықпен жинап аттардың алдына тарту етіп әбігерге түседі.

Осыдан бұрынғы Алтай бетінде жүрілген, «шаған кеген», «қызыл аяқ», зобалаңнан тозғындап қайыр тілеп, есеңгіреп қалған халықтың көбін бұл кезде Зуқа батыр төңірегіне жинап пана болып отырған еді, енді міне, Бәкіштің бүлігінен тозып, бет – бетіне қашқан әр ұлт халқы және Зуқаны пана тұтады.

Алтай қаласынан қашып шыққан қытай, ұйғұр, Дүңген болып 150 отбасы Зуқаға келіп паналағандықтан Зуқа оларды азамат
кеудесі асқынып, төңірегіне бүйіше тиіп, халықты талан – таражылаған ақтар армиясының алды Алтайдың қалутан, ғұлжам, көкебұлақ өңіріне дейін сұғынып еткенін етіп, оларға қарсы соғыс ашып бетін тез қайтарады да, тұтқындар арқылы пәкшің генералға хат жазып, өр Алтайды соқпай Алтайдан тез арада шегінбесе, өзі соғыс ашып тып – типыл ететінін ескертеді.

Зуқаның әскери қуатының тым мығым екенін байқаған пәкшік осыдан соң амалсыз үліңгір өзенін айланып өтіп, Моңғұлияға бет алады, міне осы жолы ондағы сүгір байдың ұлы дорбытқан осы ақтара армиясының қолында жазым болып, дәлелқанің қашып құтылып қызылдарға Қабар беретін оқиғасы туылады ….

Ерлігімен аты машұр Зуқа батыр осыдан соң сырт мңғұлдың байтың, бұлғын, қайттық сияқты өңірдегі халықтың мал – мүлкін ойрандап, қоқай көрсеткен шапқыншылардың бетін қайтарады, әсіресе Жантайлақтың басын алудай оқиғаға ашынған Зуқа неше жүздеген Моңғұлия армиясының бетін қайтарып, азамат пен халықтың кегін алып, халқының мал – мүлкін қайтарып береді.

Зуқа ендігі жерде үкіметпен жоғары жіктің халыққа орынсыз салынған алманға тосу болғандықтан, Алтай бетіндегі үкімет армиясы ғана емес, өлкеден сайланған қосын шығып өзін жоғалтуға шыққаны мен өләрменде айқасып барған сайын, құдыреттене түскен сайын оған жауы әбден өшікті.

1928 – жылы өлкеде яң зыңшиң қаскұнемдыкпен өлтіріліп, орнына жын шурын деген манжұр отырды, ал Алтай аймағына ұй жиңгө деген дауиың (бас уәкіл яғни әкім) болып, бұларда күн сайын ықпалы артып бара жатқан Зуқаны жоғалтпаса өздеріне қауып – қатер төнетінін ескеріп түрлі тасылмен Зуқаға қарсы күш топтайды, міне бұл кездеде тағыда Зуқаның ең бос жері «жетім – жесір, жоқ – жітік, қағыжау көргендерге жан ашыр болатынын, әрі дінге деген адалдығын ескеріп, тағыда сол екі тілды, екі ділді Дүңгендерді, жетім – жесір, сәудәгер, апиын егеуші, дін қарындас, дос – жаран етудей шырғамен шырғалады, бәріненде Ма дарының Зуқадан саудадан ұтылған сыңайын, жақия есімді жетім баланың оған бала болуы, ибыраһимның (ма жымың) Қазақшаға жетік, әрі дындар болуы сияқты жылбысқаларды Зуқаның іші – бауырына еңгізеді де бірақ түнде қапиада басып келіп Зуқаның басын алады.

Міне бұл оқиға Алтай халқына ауыр тиеді, ең бір жанашыр панасынан айырылған қаншама халық осы оқиғадан соң ертеңдерінің не боларынан алаңдап тоз – тозы шығып жер аударды.

1929 – жылы бір бөлім уақ және бура ауылдары ерен қабырға, боғдаға бет алды, 1930 – жылдан 1933 – жыл аралығында 700 дей түтін сырт моңғұлға жер аударды, Әліп үкіртәй Қабдолла, қайбар. Құсайын тәжілер бастаған 1500 түтін Құмыл, Баркөлді бетке алып кетеді.

Талайдан бергі үкіметтің орынсыз қылықтары халық жүрегіне шиедей байланғандықтан, міне Зуқа батырдың басын қанқұйлылықпен алып айға жуық сар сүмбедегі қара көпірге ілу оқиғасы мұндағы елдің ыза – кегін қайнатты.сондықтан әуелде шериәздән, насыр, карым, Төлегетай, қайса сияқты азаматтар ыбыраймның сиыр қайырғансып, баспалап жүрген жерінен шалмалап өлтірген оқиғасы, (бұл оқиға бұрын баяндалған) .

Ыбыраймның әшкерлеуі мен Зуқа батырдың басын алуға негізгі себепші болған жақия екенін ұққандықтан руы ботақара, Зуқаның батырларының бірі азанбай бастаған азаматтар жақияның ізіне түсіп жүріп тотиғыстан (жер аты) ұстайды.

Жақия алғаш ақталғаны мен соңынан мұсылман екенін айтып жалынады, сонда азанбай, «Зуқаның мұсылман екенін білмедіңбе, мұсылманды аямаған мұсылманның қандай мұсылмандығы бар, деп әуелде жақияның бір көзіне найза тығып алады деген қызыр кария бұл шындық екенін дәлелдей келіп, қанға малшынған жақияның осыдан кейін «Зуқаны өлтірген қолың осы ма» деп, оң қолын сындырып, соңында басын кесіп, сондағы тұғыл ағашқа іліп кеткенін айғақтайды.

Зуқа батырдың кегін алу бұнымен ақырласпады, әр жерде мұндай оқиғалар ушықпаса толастамады, осы оқиғалардың ыңкасы ма? Әлде басқа жоба, жоспар болдыма, 1932 – жылға келгенде Алтайға «алты Дүңген келген жыл» деген оқиға болды, мақиң бастаған Дүңгендер «ка сылиңның қаты» деп Алтай ұлықтарының аты жазылған хат көтере келіп, «Шинжияңды мұсылман мемлекетті етіп құрып, капірлерді аластауды» айтады, алғаш АлтайҚазақтары бұл үндеуге сеніп қарбаластыққа түседі, алайда аз уақытта, бұлардың мақсаттары Алтайды өз қолдарына қаратпақшы болған арам ниеттері әшкерленіп қалады. ?

Өздерін бір емес, бірнеше дүркін айласымен маймылша ойнатуға құмартқан Дүңгендердің қылығына мұндағы ел әбден кектенеді. Осы кезде шіңгіл жерінен бөкейқан, Әліп батыр, Бурылтоғайдан салымбақы, ыбырайған үкіртәй, Көктоғайдан қалел тайжы, зейнел, муқаметқан, момбай шарып бастаған ел ағалары, «Зуқа батырдың кегін алатын орай туды» деп атқа қонып, қиян – кескі соғысқа аттанады.

Төменгі Алтайдан шарыпқан көгедәй, Шинжияңға дутың болып шыққан Шың шысайдың қолдауымен Алтайға күбірнәтір болып, совет үкіметтен күш алып, Алтай бетіндегі бүлкілшілерді аластау соғысын қозғап, өр Алтайдағы батырлармен бір ауызда болады. Міне осы қиян кескі соғыстың қайда болса да, «Зуқаның кегін алайық» деп ұрандап атойлаған соғыс болғанын мұқаметжан бидің айтуында естігенін аруан кария дәлелдейді.

Жүрегі зытты ерлер ендігі жерде ұзақ уақыт Алтай халқының тынышын Әліпк, қанды тұяғын батырған жендеттерді жоюды нысанаға алады.

Әуелгі нысана Қылаң, қюбай, Жантайлақ, Зуқалардың басын алған Ма дарын мен оның жендеттері шаша (Қазақтар қасқыр дейді) . Қықы (Қазақтар ит дейді) тағы басқа халқының ыза – кегін қайнатқан бұзақыларды аңдулдайды.

Өздерінің тым астамсыған қылықтарының халық кегін қозғағанын сезетін жендеттерде сақтана жүріп Алтай бетінен жасырын сытылудың қамына кірісе керек, үйткені ма дәреінің өлкеден билік алып бір түнде зытып бергенін естіген азаматтар қатты қапыда қалып, ендігілерінен айырылып қалмаудың қамына кірісіп, күн – түн демей өткелең жолдарды торауылдаумен болды.

Руы шақабай Тұрдан, қайып молқы Көппәй. Тәсбике қазы бастаған азаматтардың жолы болып жиырма адаммен Үрімжіге жолға шыққан шашаны (қасқыр) қолға түсіріп, бұларды шетіне байлайды да, далаға тайқазан асып, әрбірын «Зуқа батыр сияқты әрдәгерлеріміздің кегі үшін» деп тайқазанда қайнаған суға тоғытып өлтіріп, ең соңында мына қорлықтан шыбын жаны шығарман болып жатқан шашаны (қасқырды) өлтіріп халықтың кегін алып, шерлерін таратады, міне содан бастап бұл жерді «шаша қасқырды соққан жер» деп жүріп, «қасқыр соққан» атанған болатын.

Екінші кезең ққыны өлтіру болатын қасқырдан қықының әліде Алтайда екенін ұққан азаматтар оны да торауылдайды.

бірақта осыдан бұрын Ма дарынға өздерінің құпиялығын жеткізіп қойып құтылтып жіберген ығиза мен байқадамның ендігі жерде қықыны да құтқармақ болып жүргенін естіген азаматтар, тонай мен сапышты ығиза мен байқадамды аңдуға жіберіп, қықының тоғыз адаммен түн жастанып Үрімжіге бетәлғанін естіп жол тосады, осы жолы тосқаның ішінде шіңгілдің молқы алып батыры да бар еді, әккі қығының түлкі қулыққа салынып тобыннан бөлініп, жалғыз кеткен жерінен әзіргі «сайтан керіш» аталатын жерден қамалап келіп ұстап, ит көрмеген қинаумен өлтіреді, міне сол қинаулардың бірі алып батырдың «иттің езуін тіліп алайық; деп келіп екі езуіне пышақты салып тұрып шықшытына жеткізетіліп жіберуі мен бұл ара сол бастап «итті өлтірген иттің езуін тілген жер, деп жүріп «ит езу» деп аталған екен, дейді 1989 – жылы аруан сақау ұлы марқұм.

Ал Ма дарынның ізіне түскен әкім батыр оны Үрімжінің қан көшесінде кезіктіріп кеңірдегіне қысып өлтірген екен. Сол зытпен сол кездегі үкімет ебін тауып алыпты де өлтіріп кеткен толықсыз мәліметті айтады. Тағыда аруан кария және моңғұлиадағы мақидолла қинаят ұлы.

Міне кешегі бабалар рухын көр, олар қанды тұяғын халыққа батырып, қаншама азаматтарымыздың обалына қалған халық жауларын ең ақырда осылай құрдымға жіберді, бұның бәрі араға қанша жылдар салсада Зуқа батырдың өліміне кектенуден туған күрес еді, осындай ерлеріміздің күрес ізінен қалған «қасқыр соққан», «ит азу» атты жерлер бүгінгі ұрпағымызға түсініксіз болғаны мен ерлеріміздің ерлігі, еліміздің кешегі өшпес ізі екенін бүгінгі күні қатқа түсіріп қалтыру әрине азаматтық борышымыз, балаларымыз рухтанса, сол қанды іздерді ұмытпаса екен деп, ескере отырып, сол тарихтың куәгері болған жер аттарына да түсінікпен қарағанымыз жөн сияқты.

арнайы kerey.kz үшін.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: