|  | 

Әлеумет

Түркия қазағы: Жастарға «бір кәсіппен шектеліп қалма» дейміз

Стамбулда тұратын қазақ шет елдердегі, әсіресе Ресей мен Қытай және Моңғолиядағы қандастарының білім алу жайын сөз етті.

Түркияның Стамбул қаласында тұратын этникалық қазақ Ілияс Сака. (Жеке мұрағаттағы сурет.)

Түркияның Стамбул қаласында тұратын этникалық қазақ Ілияс Сака. (Жеке мұрағаттағы сурет.)

Түркияның Стамбул қаласында тұратын этникалық қазақ, 49 жастағы Ілияс Сака – ондағы Зейтінбурну ауданы әкімінің кеңесшісі. Мамандығы саясаттанушы азамат Қожа Ахмет Ясауи білім қорының төрағасы қызметін де атқарады. Ол Азаттыққа берген сұқбатында жастарға қандай бағытта білім үйретіп, қандай кеңес беретіндерін айтты.

Азаттық: – Өзіңіз басқаратын қор қандай мақсатта жұмыс істейді?

Ілияс Сака: – Қордың жұмыс істеп келе жатқанына 20 жыл болды, Дүниенің әр түкпіріндегі қазақтарды оқыту мақсатында құрылған. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын Қазақстаннан бір топ бала әкеліп оқыттық. Кейін екі жыл оқығаннан соң олар еліне қайтты. Соңғы екі жылдан бері басқа бағдарлама қабылдап жатырмыз. Яғни Қазақстаннан басқа елдерде тұратын, оның ішінде Ресей мен Қытай және Моңғолияда тұратын қазақ балаларын әкеліп оқыту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, қазіргі кезде қордың атынан білім алып жатқан 50 баланың 10-ы Моңғолиядан келген 11-13 жас аралығындағы оқушылар.

Азаттық: – Неге бұл елдерді таңдап алдыңыздар?

Ілияс Сака: – Осыдан үш ай бұрын Моңғолияға барып, Улаанбаатар қаласының айналасындағы қазақтар мекен ететін өңірлерді аралап қайттық. Сол кезде Баян-Өлгий аймағынан тысқары тұратын қазақ балаларының ана тілдерін ұмытып бара жатқанын көрдік. Бұл тек сол жердегі қазақтарға ғана тиісті емес, өзге мемлекетте тұратын диаспораларға да қатысты. Сол себепті Ресей, Қытай және Моңғолияда тұратын әлеуметтік жағдайы төмен балаларды алып кеп оқытсақ дегенді мақсат етіп отырмыз. Биыл Моңғолиядан әкелсек, келесі жылы Ресейден балалар әкелеміз. Онда да тек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды.

Азаттық: – Балаларға кім сабақ береді, оларға қандай пәндерді оқытасыздар?

Ілияс Сака: – Білімді жергілікті мектептен алады. Қай саладан білім алғысы келеді, сол саланы оқытамыз, баланың бейіміне, қабілетіне қараймыз. Бұдан басқа сабақтан тыс уақытта математиканы, Құранды және түрік тілін оқытамыз. Бұрын лицей бітірген балаларды одан әрі мамандық бойынша оқытатын едік. Енді 11 жасқа толған балаларды оқытуды қолға алып жатырмыз. Балалар қордың жеке жатақханасында тұрады.

Қазір бұрынғыдай емес – заман өзгерді, түсінік те өзгерді. Сондықтан біз Түркиядағы қазақ жастарын «тек бір мамандықпен, бір кәсіппен ғана шектеліп қалма – барлық саланы игер» деп үгіттейміз. Қазақ жастарының үлкен қызметте жүргенін қалаймыз.

Азаттық: – Қордың қаржылық мәселесін қалай шешесіздер?

Ілияс Сака: – Қаржы мәселесін Түркияда тұратын жергілікті қазақтар, кәсіпкерлер көтереді. Түрлі қайырымдылық шаралардан түскен қаржыны жұмсаймыз. Мемлекеттен бір тиын қаржы алмаймыз.

Азаттық: – Әңгімеңізге рақмет.

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

  • Талдықорғанда дәрігерлерге ескерткіш ашылды

    Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды. Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. «Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген

  • Жетісуда 60 жуық жанұя баспаналы болды

    Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. “Болашақ” шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. “Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн”,- деді облыс әкімі Амандық Баталов. Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар. “Балам

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: