|  | 

Әдеби әлем

Ауыл әңгімелері

Сары ат

Ауылдағы Жұмабек көкеміз кеңшар тарағанға дейін пошташы болып жұмыс істеді. Буян деген сары жорға аты болатын. Күн сайын газет таратады. Күн сайын атымен төрт ауылдағы әр үйдің ауласына кіріп шығады. Ауылда газетке жазылмаған бірді-екілі үйлер болатын. Сары ат ондай үйлерді өзі-ақ айналып өтіп кетеді. Яғни, Буян да қай үйге бұрылу-бұрылмау керек екенін әбден біліп алған. Күндегі кәсібі үй аралау болғаннан кейін үйренбей қайтеді енді?!

Бірде ауылдың бір ақсақалы көрші ауылдағы асқа бармақ болып, Жұмабек көкенің атын сұрап мінгені бар. Бірақ келгеннен кейін көкемді жақсылап тұрып балағаттады. Сөйтсе, сары ат асқа жеткенше күндегі «маршрутымен» әр үйге кіріп кете беріпті. Ақсақал аттың тізгінін тарта-тарта әбден шаршап, ауылдың жартысын аралап шыққан ғой.

Сексеуіл

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары болса керек. Бірде Мойынқұм ауданында тұратын екі орманшы сексеуілді заңсыз отаушыларды ұстап, ақша таппақшы болып, жолға шығады. Мезгіл – қыстың кезі, ақ боран ысқырып түтеп тұр екен. Жеңіл көлікпен үлкен жолдың қиылысына кеп тұра қалады.

Көп күтпейді. Бір сағаттан кейін-ақ сүйрет­песін сексеуілге толтырып, қара түтінін бұрқы­ратып, ышқынып келе жатқан трактор көрініпті. Тоқтатады. Шынында сексеуілдің ешқандай рұқсат құжаты жоқ. Қыспаққа алады. Трактордың руліндегі жігіт ағасының тісі ауырып жүрген бе, әлде суықтан қымтанған түрі ме, әйтеуір аузын қалың бөкебаймен орап алған екен. Даусы әрең естілетін көрінеді. Екі орманшының арам ойын сезе қойған тракторшы: «Жігіттер, келісейік, жолын жасайын..» деп иіле кетеді.

– Не бересің? – депті сонда орманшының бірі.

Тракторшы бөкебайынан тұмсығын сәл шығарып:

– Үйде екі бием бар еді, соның біреуін берейін, – депті өлімсіреп.

Бұл қуанып кетеді. Дереу көлікте отырған екінші орманшыға жүгіріп барады: «Ойбай, анау бие берем деп жатыр, не істейміз?». «Келісе бер, бие болмаса да, биенің ақшасын беретін шығар», депті ол.

Сонымен, екі жақ қол алысып, трактор алдыға түсіп, жеңіл көлік соңынан ереді. Көп жүрді ме, жоқ, аз жүрді ме, әйтеуір, бір кезде ауылға келеді. Тракторшы өз үйінің кең ауласына еркін кіріп, сүйретпедегі сексеуілді төңкеріп тастап, жүгіріп үйіне кіріп кетеді. Екі орманшы қолдарын ысқылап: «Шынында биенің ақшасын беретін болды-ау…» деп қораның қалқасында күтіп тұрыпты. Бір кезде тракторшы кісі үйден асығыс шығады. Қойнына жасырып алған бір заты бар сияқты. Қорбаңдап келіп, бұлардың қолына бір шиша арақты ұстатыпты да: «Жігіттер, жақсы, сау болыңдар?» деп бұрылып жүре беріпті. Мынау екеуі аң-таң. «Ей, тоқта, мынауың не?» дей берсе, тракторшы қайтадан бұрылып: «Екіншісін өзім ішемін…» деп үйіне кіріп кетіпті.

Сөйтсе, аузын бөкебаймен тұмшалап алған тракторист: «Үйде екі бием бар…» деп емес: «Үйде екі «БМ» бар еді…» деп айтқан екен. Біреуін орманшыға берді, енді екіншісін де сұрап тұр екен деп: «Екіншісін өзім ішемін…» дегені сол екен. Ол жылдары Тараздан «БМ» деген арақ шығып, біраз жыл дүрілдегенін ел әлі ұмыта қойған жоқ.

Осылайша «қызылға» ұмтылған екі орманшы үйлеріне құр қол қайтыпты.

Ас

93 жасқа жетіп бақилық болған апамыздың жылдық асын беруді ақылдасу үшін жақын ағайындар ауылдағы қарашаңыраққа жинал­дық. «Басқа-басқа, асқа адам көп жиналады, сондық­тан дастарқанды молынан жайып, келген жегжаттарға жағдай жасау керек», деп ақыл айтты бір ағамыз. Сонымен, жеңгелеріміз бен келіндер барлық керек-жарақты дәптерге жазып, шығындарды есептеп шығарды. Ол қаржыны апамыздың балалары мен немерелеріне теңдей етіп бөліп берді. Былайша айтқанда, апамыздан тараған үрім-бұтағының естияр еркектерінің бәріне салық салынды.

– Әжептеуір шығын кетеді екен… Ауыр боп кеткен жоқ па? – деп қалды бір ағамыз.

– Жо-жоқ, апамыздың әруағы риза болсын! Ешқандай ауырлығы жоқ. Бөлінген ақшаны табамыз, қосамыз, – деп шу ете қалдық бәріміз.

Сөйтсек Әуесхан деген ағамыз:

– Ауылдағы пәленшенің баласы қайтыс болғанда жылдық асын кластастары көтерген екен. Біздің апамыздың да кластастары жоқ па екен-ей? – деп, елді ду күлдірді.

Ұн

Жақын ағайынымыздың баласы үйленіп, біздің жақ құдалық шақыруға қамданып жатқан. Осындай қарбалас күндердің бірінде ауылдағы бір апамыз қалаға барып, базардағы ұн сатушыдан:

– Әй, айналайын, жақсы ұның бар ма? – деп сұрапты.

– Әрине, бар, апа! Сатып жатқанымыздың бәрі жақсы ұн. Жоғарғы сорт. Қандайы керек сізге?

– Білмеймін, қарағым! Құда шақыратын едік, ет асамыз, нан жабамыз, тоқаш пісіреміз дегендей…

– Міне, елдің бәрі мына ұнды алады. Қанша килосын аласыз?

– Ең жоғарғы сорт па? Бағасы қаншадан?

– Иә, ең жоғарғы сорт… Бағасын келісеміз ғой, түсіріп беремін…

– Онда мынау кішкентай қапшықтағысын бер…

Қаптағы ұнды жанына қойған апа:

– Енді айналайын, ең арзан, ең төменгі сортты ұның бар ма? – деп сұрапты.

– Бар, апа…

– Содан бір килодай бер?

– Бір-ақ кило ма? Оны не істейсіз?

Сөйтсе апамыз:

– Келген құдалардың бетіне жақпаймыз ба? – дейтін көрінеді.

 Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан»

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: