|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Әлекеңнің анкетасы

Әлихан

Таң  атқан, күн батқан. Өткінші жауындай өтіп бара жатқан өмір-ай! Осыдан сексен жылдай бұрын Мәскеудегі НКВД-ның Бутырка түрмесінде Алашы үшін азап шеккен Әлихан атамыз тұтқын анкетасын өз қолымен толтырыпты. Мамандығын журналист, аудармашы деп көрсеткен. Туған жері – Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысындағы 7-ауыл. Әлеуметтік тегін қазақтың ұлымын, әкем 1900 жылы, анам 1918 жылы қайтыс болған депті. Революциядан кейін қазақтың Алашорда Үкіметінің төрағасымын деп тайға таңба басқандай жазып кетіпті.

Тізесін бүкпеген, ешкімнен айылын жимаған, ешкімнен қаймықпаған. Қазақтың талай арысы жапон шпионы деген жаланы азапқа шыдамай мойындағанда, жалғыз Әлекең ғана сынбапты. Рухы тасты да тіліп, қақ бөлетін алдаспандай болғаны ғой. Шыңғыс ханнан, Жошыдан тамыр тартатын асыл қаны бүлкілдеп соғып тұрғаны ғой.

Мен білетін саясаткерлерден СССР деген алып державаның іргетасын қалап кеткен Ленин мамандығын анкетасында «журналист» деп жазған. Сталин «марксист» деп жазыпты. Бұл екеуі де негізгі мамандықтары басқа бола тұра, журналист болған. Ленин «Искра» газетін шығарып, өзі редактор болса, Сталин бүкіл мақалалары мен сөйлейтін сөздерін өз қолымен жазған. Осы екі тұлғамен де Әлихан атамыз кездескен. Сөйлескен. Олардың алдында өзінің тегін адам емес екенін дәлелдеген. Әлекеңді Бутыркаға қамап тастағанда ескі марксист, Сталинге сөзі өтетін қарт большевик, Карл Маркстің өзін көрген В.Шелгунов: «Әй, Коба, кімді тұтқында ұстап отырсың?» –  деп босаттырыпты. Әлихан атамыздың үйқамақта болуы содан. Бірақ, ақырында НКВД Нығымет Нұрмақов екеуін қосақтап, бір күнде атып тастаған.

Әлихан Бөкейхановтың Ленин­нің де, Сталиннің де алдында кіші­реймегеніне тағы бір дәлел бар. Ленин Алашорданы ақтап, кешірім жасағаннан кейін Қазақ елінің атынан Ресеймен келіссөз үстеліне Алашорда Үкіметі отырады. Әлекеңнің өзі баратын жөні бар ғой. Бармайды. Алаш арыстарының ішіндегі ең жасы Әлімхан Ермековті жібереді. Ленинмен төрт сағат ырғасқан Ә.Ермеков Қазақстанның осы бүгінгі шекарасын алып, басқа да көп шаруаны тындырып шығады. Сонда Ахмет Байтұрсынов айтты деген сөз бар. «Сақау Ленинің біздің Әлімханмен төрт сағатқа сөйлесуге жарады. Осал емес екен», деп.

АнкетаАрестованного1Біз университетте оқығанда марк­сизм-ленинизм классиктерінің талай еңбектерін мүжідік. Сонда Ленин алты тіл біледі деп оқытқан ұстаздарымыз –  ғылым докторлары. Біздің Әлихан Бөкейханов атамыз тоғыз тілде еркін сөйлеп, көсіліп жазған. Францияның күні бүгінге дейін шығып келе жатқан «Фигаро» газетіне француз тілінде 1930 жылы екі мақаласы жарияланған дейді. Шіркін, тауып әкелсе ғой.

Амал нешік, бәрі НКВД-ның қы­зыл қасабында құрбан болды. Не дейміз? Өткенге – салауат, бүгінге – барақат. Қазіргі ұрпақ осы Алаш арыс­тарындай болса екен деп армандаймыз. Ұлы Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ», деген сөзді бекер айтпаған ғой.

Мағауия СЕМБАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы

ҚАРАҒАНДЫ

egemen.kz

Related Articles

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: