|  |  |  |  | 

Мәдениет Руханият Әдеби әлем Әлеумет

Жарамазан айтамын отбасыңа…

ZharapazanРамазан айы басталды. Бекінгендер ауыз бекітті. Кешке қарай балалар жарамазан айтып, біраз қызықты бастан кешеді. Егер сіздің де үйдің балалары жарамазан айтуға шығып жүрсе мына қиссаны оқып бере салыңыз. Танымдары тереңдей түседі. Қиссаны “Салт-дəстүр сөйлейді” кітабынан көшіріп алдым.

Адам ата мен Хауа ана алғаш рет отыз күн ораза ұстапты. Ұлық Алла періштелеріне:
– Адам ата мен Хауа ананың шаңырағына барып зікір-салауат айтасыңдар. Менің орынбасарым сәресіге тұрғанда құлағына әсем әуен келсін. Онда менің Ұлықтығым мен мейірім-шапағатым білініп тұрсын. Рухтарына қуат берсін, – дейді.
Періштелер сахар кезінде Адам мен Хауаның шаңырағына барып, зікір-салауат айтыпты. Әсем әуеннің әсерінен Адам мен Хауаның бойына күш бітіп, кешке дейін ауыз бекітіп жүреді.
Қас қарайып, ауыз ашар кезде Ұлық Алла періштелерді жұмсап:
– Адам мен Хауаның қуантыңдар. Ауыздарын ашсын. Менің разылығымды алу үшін кешке дейін ас жемей, ауыз бекітті. Мен ризамын, – дейді.
Періштелер Алланың сәлемін Адам ата мен Хауа анаға жеткізіпті. Діни қиссалардың баяндауынша, періштелер отыз күн бойына зікір-таспиқ айтқан екен. Бұл үрдіс жарамазан деп аталыпты.
Жұрт мұсылманшылыққа өткен кезде Мұхамбет пайғамбар оразаны үмбеттеріне парыз етеді. Құдайдың ризашылығы үшін отыз күн ораза ұстап, таң атқаннан күн батқанша ішіп-жемнен тыйылу әрбір мұсылманның міндетіне айналады. Бірақ алғашқы уақытта сахарда ұйқысынан тұра алмай қиналады екен. Сол кезде пайғамбар Асан мен Үсенге:
– Сахабаларды әндетіп оятыңдар, – дейді де, Адам ата мен Хауа анаға шырқаған періштелердің жарамазанын үйретеді.
Асан мен Үсен төрт шадиярдың үйінен бастап барлық сахабаларды оятып шығады. Оразаның нығметтерін, пайдасын көркем тілмен кестелеп жеткізеді. Пайғамбарға үздіксіз салауат жолдап, оның тағылымды өсиеттерін өлеңмен өрнектейді. Мұхамбет пайғамбардың өмірін өнеге етеді. Оразаның сауабы, мұсылмандар арасында көп дәріптелетін жомарттық, мәрттік, адалдық сияқты қасиеттерді мадақтайды.
Исламда «жарамазанды» «шахри рамазан» сөзінен шыққан деп те айтады. Яғни «рамазан айы» деген мағынаны білдіреді. Келе-келе мұсылмандар ешкім оятпаса да, өздері ерте тұрып, сәресін ішуге дағдыланады. Бірақ жарамазан айту жоралғысы ұмытылмайды.
Бұл салт күні бүгінге дейін қазақ арасында сақталып қалған. Оның көптеген үлгілері ел арасына кеңінен таралған. Солардың бірі төмендегідей:

Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Өзге ағаш қураса да, қурамайды,
Құдайдың сол ағашқа нұры тиген.

Айтамын жарамазан жар басына,
Кірендер қауын артар арбасына.
Отыз күн ораза тұт, оқы намаз,
Пейіштің қолың жетер алмасына.

–Ассалаумалейкум, айттым сәлем,
Алланың бір есімі – Құран Кәлем.
Мұхамбет үмбеті айтқан жарамазан,
Алланың елшісіне жүз мың сәлем!

Айтуға жарамазан жаңа келдік,
Көргелі, көріскелі сәлем бердік.
Келеді деп те, кетті деп сөге көрме,
Пайғамбар жолын қуған адам едік.

Айтамыз жарамазан есігіңе,
Ұл берсін Ер Әлідей бесігіңе.
Қыз берсін Бибіажар, Бәтимадай,
Не берсе де, бала берсін несібеңе.

Айында оразаның шайтан қашар,
Есігін сегіз пейіш Мәулім ашар.
Салауат айт, таспиқ тарт, зікір салсаң,
Періштелер үйіңе шашу шашар.

Ораза – он екі айдың падишасы,
Бұл айда қабыл болар көздің жасы.
Жаратқан бір Алланың үмбетіміз,
Иләһи баршамызды жарылқашы!

Мина аллаһи, иә, әсір, уа әмазан,
Мекке мен Мединеде тұрады азан.
Қашан кім оразалы болса мәгар,
Бұйырар періштеге пәруардігер.
Шынжырлап сайтан ұстап аяқ-қолын,
Түбіне һәуяның қазір жабар.

Жарамазан айтамын отбасыңа,
Ырыс пен құт дарытсын Хақ басыңа.
Алмақ болсаң ұжмақтан орын сайлап,
Ата-анаңның көңілін тап, бақ, асыра.

Жарамазан айтамын шаңыраққа,
Қоржынымды бос қойып қаңыратпа.
Сақилыққа жетерлік қасиет жоқ,
Жомарт ердің қауышар жаны бақта.

Жарамазан айтамын үйіңізге,
Кие дарып, көркейсін күйіңіз де.
Көршіңізбен болыңыз тату-тәтті
Насихатты жүрекке түйіңіз де.

Жарамазан айтамын жағалата,
Жақсы сыйың бар болса, маған ата.
Жарамазан айтқанда періштелер
Жолдаған Хаққа мадақ Адам ата.

Санжар КЕРІМБАЙ

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: