|  |  |  |  |  |  | 

Жаңалықтар Зуқа батыр 150 жыл Зуқа батыр 150 жыл Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем

Ел ордамыз Астанада «Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

13458596_1026789317409178_7071281401407459618_o

Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде, Алтай қазақтарын Алаш идеясының айналасына біріктіріп, ұлт-азаттық көтеріліске бастаған қаһарман батырларымыздың бірі – Зуқа Сәбитұлының 150 жылдығы салтанатты түрде аталып өтілді. Өзінің саналы ғұмырын ұлтын бодандықтан азат етуге арнап, осы жолда ерлікпен қаза тапқан Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерей тойының Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен түспа-түс келуінің символдық мәні бар.

Іс-шара басталар алдында әр аймақтан келген қонақтар Астанадағы қорымда болып, Кенесары сарбаздары мен алаш ардагері Смағұл Сәдуақасұлы рухына бағыштап құран оқытып, дұға бағыштады. Зуқа батыр Сәбитұлына арналған деректі фильм көрсетілді, Зуқа батырдың өмірін зерттеп жүрген жас дарынды ғалымға арнайы стипендия тағайындау рәсімі өтті, шығармашылық бәйге жеңімпаздары марапатталды, Зуқа батыр жөнінде жазылған кітаптардың таныстырымы болды, кешке батырдың ұрпақтары Әзірет Сұлтан мешітінде мерейтойға қатысушыларға ауыз аштырды.Зуқа батыр халықаралық ғылыми конференция4.JPG

Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, жас тарихшылар (студенттер, магистранттар, докторанттар) және БАҚ өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Т. Мамашев, С. Әбдірахманов, Ж. Оспанов, Д. Қамзабекұлы, Ғ. Есім, Қ. Қалиасқарұлы,                С. Негимов, Т. Жұртбай, П. Утепова, Б. Әбдіғалиұлы, С. Аққұлұлы, З. Қабылдинов, Б. Смағұл, Ө. Алтын, Қ. Шолпан,  Қ. Айдархан, Ү. Құрманбай, Б. Ахметұлы,              С. Мәкен, С. Ерғали, О. Жәлелұлы, Ы. Ожай, Т. Мамашев, С. Еңсегенов,            А. Тасболатов, П. Ленский, К. Гүлтүрік, Ө. Озғанбаев, Б. Аяған, Д. Каусылов,  Ж. Жекибаева және т.б.

Зуқа батыр- 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.

Зуқа батыр Сәбитұлы – өмірі мен күресі Б. Кұсбегиннің «Зуқа батыр» романы, Қ. Шабданұлының «Пана» романы, Байахмет Жұмабайұлының «Сағыныш» романы мен Б. Бәмішұлының «Зуқа батыр» дастанына арқау болған, атағы алты алаштан асып, Еуропаға жеткен тарихи тұлға.

 

«Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның

ҚАРАРЫ

Қазақстанның тәуелсіздігін, әскери тарихының маңызын және саналы ғұмырын ұлтын азат етуге арнап, осы жолда ерлікпен қаза тапқан Зуқа Батыр Сәбитұлының қайраткерлігін халыққа кеңінен насихаттау мақсатында, конференцияға қатысушылар төмендегідей қарар қабылдады:

  1. «Қазпошта» АҚ Зуқа батыр Сәбитұлының 150-жылдығына арналған пошта маркасын шығарып, оны төлем құралы ретінде пайдалану;
  2. ҚР Ұлттық банкіне Зуқа Батыр Сәбитұлының 150-жылдығына арналған мерейтойлық монета шығару;
  3. ҚР Білім және ғылым министрлігіне философия докторы (PhD) атағына ізденушілерге Зуқа батыр Сәбитұлының өмірі мен қызметін зерттеуге бағытталған тақырыптар беру;
  4. Мектепке және ЖОО-на арналған оқулық авторларына шетелдегі қандастарымыздың да ұлт игілігі үшін атқарған еңбектері, атап айтқанда Зуқа батыр Сәбитұлы жайлы мәлімет қосу;
  5. ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына Астана қаласында және еліміздің бірқатар қалаларында көшелерге Зуқа Батыр Сәбитұлының есімін беру;
  6. ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Зуқа Батыр Сәбитұлына арналған тұрақты арнайы экспозиция ұйымдастыру;
  7. «Зуқа Батыр Сәбитұлы» қоғамдық қорына – Зуқа Батыр Сәбитұлының тұлғасын жас ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған, мектеп оқушыларына арналған үш тілде құжаттарға негізделген ғылыми-көпшілік  кітап шығару;
  8. «Зуқа Батыр Сәбитұлы» қоғамдық қорына және Астана қаласының әкімдігіне Елордамыз бен еліміздің бірқатар қалаларында ескерткіш орнату туралы

жазбаша ұсыныс енгізсін.

Конференцияны ұйымдастырушылар мен пікіралмасу алқасының барлық қатысушылары осы ұсыныстардың аяқсыз қалмайтынына және аталған бағыттағы жұмыстардың бірлесіп атқарылатынына сенім артады.

Жұмабай Мәдібайұлы

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: