|  | 

Көз қарас

Халықаралық солақайлар күні хақында сөз

             Бір нәрсені өз биігінде бағалап, сол оң көрген  әлемінде басқаша сезініп талықпай ізденген жанның табар ләззаті алар жан рахаты бар.  Дейтұрғанмен әр дүние сол қалпында бір ізді бола қалмасы анық. Оң бағыттың сол бағыты да бар секілді, Саясаттың яки адам баласының оң солы да басқаша болмақ. Бүгін назарларыңызға ұсынып отырған шығармада сондай бір жалынды жастың қаламы мен ой толғамынан туындаған дүние. Сіздердің көңіл таразыларыңызға толар деген ойдамыз.

 Solaqai

 

 

                              Халықаралық  солақайлар күні хақында сөз

«Ебедейсіз, икемсіз, сенімсіз, ашушаң, әділетсіз, өтірікші, нашар адам,  жынменен сыбайлас…» тағысын тағы көптеген жағымсыз көзқарастар. Иә, бұның бәрі ежелгі дәуір адамдарының солақайлар туралы айтатын солақай пікірлері. Жалпы бұл солақайлар кімдер? Олар адамзат баласының пайда болуынан бастап бізбенен қатар өмір сүріп келе жатса да неге әлі күнге дейін оларға үйренісе алмай, солақай жан көрсек таңырқай қараймыз? Расымен қызық. Ежелгі жапон жігіттері солақай ұрпақтың өмірге келуінен қауіптенгендіктен солақай қыздардан барынша бойын аулақ салуға тырысқан екен. Қытайда солақайларды нашар адам деп санап оларды түсінде көрсе де жамандыққа жорыған.

Мұсылмандарда сол қол таза деп саналмаған. Сол қолмен тамақ ішпеген, сол қолмен ас ұсынса немесе сыйлық берсе сыйламағандық деп есептеледі.Ал Марокколықтар оларды жынменен астыртын байланысы бар деп санап, туыла сала қарғалғандар деп атапты. Бұның бәрі адамның екі иығында екі: оң жақта жақсылық, сол жақта жамандықтың жебеушісі отыратыны, солақай жандардың сол жағындағы жамандыққа қарай бейім болатындығы туралы аңыздан шыққан. Әрі көне батыс елдеріндегі аңыз бойынша мыстандар мен сиқыршылардың бәрі таяқшаларын сол қолымен ұстап сиқырлайтын көрінеді.

Ал біздің елде солақайларға көп қарсылық бола қоймағанымен елдің оларға деген жағымсыз пікірін жалғыз сөз тудырғаны анық. Ол  – солақай саясат. Өйткені, сол солақай саясат қаншама алаш арыстарын қудалады. Дарға асты, атты-шапты. Тіпті кеңес өкіметі кезінде солақайларды оңқайландыруға тырысып, олармен жасырын түрде күрес жүргізілгендігін де екінің бірі білген жоқ. Осының салдарынан көптеген бала оқуынан шығып қалғаны да беймәлім күйде қала берді. Жалпы алғанда көптеген тілдерде  солақай сөзі «қисыққолды, қисықбағыттыы, бұрыс жолды, жағымсыз» деген мағынаны береді. Әлгі «Солақай саясат» деген сөз де сондықтан айтылса керек. Ал өз халқымыздың байырғы түсінігіне бойласаңыз жағымсыз көп ештеңе жоқ екенін байқайсыз. Оңқай болса оңқай, солақай болса солақай. Тіпті солақай өнерпаздарды елден ерекше деп санап, төріне шығарған. Бұл, асылы, дұрыс көзқарас.

Адамдардың басым көпшілігінде миының сол жақ жарты бөлігі басымдау, икемділеу билесе, бірсыпыра адамдардың оң жақ бөлігіндегі миы жетекшілік тізгінін алып кетеді. Демек, солақай жандардың сол жақ ми бөлігі жетекші. Ал кішкентай баланың солақай екенін анықтау үшін көзін байлап алға жүргізу керек. Егер бала оңға бұрылса – солақай, солға бұрылса – оңқай деген сөз. Күнен-күнге қарыштап дамып келе жатқан медицина құрсақта жатқан жас сәбидің солақай немесе оңқай екененін небәрі 10-11 аптада анықтайтын дәрежеге жетіп отыр. Оны білу аса қиын емес. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса – оңқай, сол қолының бармағын сорса – солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Әлемдегі адамдардың санынан солақайлардың үлесі тек 10%. Бұл көрсеткіш тас дәуірінде 50%, қола дәуірінде 25%ды көрсеткенін ескерер болсақ, олардың азаюының бірден-бір себебі күнделікті тұрмыстағы және мереке кезіндегі көптеген бұйымдардың оңқайларға арнап жасалғандығы екен. Мәселен, АҚШ-тағы солақай ұшқыш ұшағы апатқа ұшырағанда арқасындағы парашюттың оң жақта орналасқан тартқышын тарта алмай мерт болған. Статистиканың сөзіне сүйенсек, әлемде жыл сайын осы секілді жағдайлармен 2500ге тарта солақайлар қаза болатын көрінеді. Әрі солақайлар оңқайларға қарағанда орта есеппен 9 жылға аз өмір сүреді.

Солақай жандар өте сезімтал келеді. Ғалымдардың тұжырымынша солақайларға жетекші болатын мидың оң жақ бөлігі сезгіш­тікке жауап береді. Біз уақыт мезгілдерін, бейнелерді, сезімді, ырғақты, түстерді, тағы басқа нәрселерді сол ар­қылы қабылдаймыз. Елес, қиял, арман да бізге осы жақ арқылы келеді. Ал мидың сол жақ бөлігі арқылы біз әр нәрсенің қисынын келтіреміз, жүйелеп, реттейміз. Ақыл-ой, парасат деңгейіміз осыған байланысты. Сөйлейміз, ойымызды жеткізе­міз, нақтылаймыз. Солақайлардың шығармашыл болып келетіні де сондықтан. Олар көбіне әртістік, сурет, жазушылық және музыкаға әуес келеді. Спортта, әсіресе бокста солақайлар жақсы бағаланады. Әлемдегі боксшылардың алған алтын медальдарының 40%-ы осы солақайлардың жеңісі. Дегенімен солақайлар ниеттенсе кез-келген кәсіптің шыңына шығып, үлкен маман бола алатыны тарихпен дәлелденген. Тарих демекші,бүкіләлемдік солақайлар күні ең алғаш рет 1992 жылы 13-тамызда аталып өткен. 1990 жылы бұл мерекені атап өтуді ұсынған - британдық Солақайлар клубы.

Тарих, өнер мен саясаттан теуіп тұрып орын алған солақайлар тіптен көп. Ол әйгілі солақайлар Аристотель, Юлий Цезарь, Наполен, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Марк Твен, Елизавета патшайым, әлемнің ең бай адамының бірі Билл Гейс және тағы басқалар… Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік.  Жалғыз Нұрғиса Тілендиевтің өзі сол қолымен домбыра шерткенде талай оңқайды шаң қаптырғаны анық қой. Сонымен қоса Сейдахмет Бердіқұлов, Гүлфайруз Исмаилова, кешегі мен бүгінгінің дәнекеріндей болып жүрген халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов,  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұрагер Сауранбаевта бар. Сондықтан да балаңыз солақай болса оған еш қарсы болмаңыз.  Егер әлемдегі әрбір дүниеге келген 100 сәбидің тек біреуі ғана солақай болатынын ескерсеңіз, балаңыз расында ерекше адам болғаны. Әрі солақай балалардың өмірде жолы болмауы да, табысты болашаққа қол жеткізуі де ата-анасына тікелей қатысты. Егер оны оңқайлыққа мәжбүрлеп үйретуге тырыссаңыз ол өзін басқа балалардан кем санайтын жасық болып өседі. Бұндай сабақтар баланың күйгелек, ашушаң болып өсуіне, тіпті кекештеніп қалуына да себепші болуы мүмкін. Ал керісінше оған демеу беріп, ерекше екенін түсіндірсеңіз ол үлкен шабытпен кез-келген қиындықты еңсере алары сөзсіз. Сіздің де балаңыздың жоғарыда біз атаған ұлы тұлғалардың қатарына қосылып, тарих тағына шықпасына кім кепіл? Сондықтан өз солақайыңызды барынша мақтан тұтып, оны бүгінгі мерекесімен құттықтап қойсаңыз нұр үстіне нұр болмақ!

 

Айдана ҚАЙСАРБЕКҚЫЗЫ

kerey.kz

Related Articles

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

  • Математиканың Nature-сы мен Science-ы

    Математиканың Nature-сы мен Science-ы

    Математиканың Nature-сы мен Science-ы: Математика саласы әрдайым басқа ғылымдардан ерекшеленіп тұрады және ешбір ғылымнан тәуелсіз, өз алдына дамып келеді. Керісінше, көптеген басқа ғылым салаларын математикасыз елестету қиын. Бүгінгі жазбамда математиканың тағы бірнеше ерекшелігін атап өткім келеді. Бұл ақпарат ғылыми ортада жүрген көптеген адамдарға пайдалы болады деп үміттенемін. Барлығымыз білетіндей, көптеген ғылым салалары үшін ең жоғары марапат саналатын Нобель сыйлығы математиктерге берілмейді. Алайда бұл математиктер Нобель алуға қабілетті емес дегенді білдірмейді. Керісінше, басқа салалар бойынша Нобель сыйлығын алған математиктер де бар. Математиктердің «Нобелі» саналатын әлемде ең ірі екі сыйлық бар. Біріншісі – Фильдс сыйлығы. Бұл марапат 40 жасқа дейінгі ең үздік математиктерге, ұзақ жылдар бойы шешілмей келген аса күрделі есептерді шешкен

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: