|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас

Мысырдың экс-мүфтиі: Барша мұсылмандардың сәләфизммен күресетін уақыты келді

Мысырдың экс-мүфтиі: Барша мұсылмандардың сәләфизммен күресетін уақыты келді

 Кеше  1110  Baq.kz  Дереккөз: Атырау облысы Дін істері басқармасы

Мысырдың экс-мүфтиі Шейх Әлі Жұма: “Бүгінде өзін сәләфимін деп жүрген мұсылмандар «сәләф» сөзінің түпкі мағынасын қаралап жүр және олардың негізгі көзқарастарын төмендегідей үшке бөліп көрсетуге болады” – дейді.

1. Барлық әлем тек мұсылмандарға қарсы жұмыс жасап отыр және әлем мұсылмандардың бұл өмірде дәрежесін төмен деп қарастырады. Бұған бірден бір себеп, ол еврейлер, христиандар және шығыстанушы атеистер. Осы үш топ тарапынан бүкіл мұсылмандарға қарсы арнайы келісім-шарт құрылған және олардың негізгі мақсаты мұсылмандарға қарсы жұмылдырылу болып табылады.

2. Осыған байланысты мұсылмандар бүгінде бірігіп мұндай дұшпандарға қарсы тұруы керек. Сонымен қатар, қазіргі мұсылман әлемінде болып жатқан келеңсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін олардан кек алу қажет. Оларға қарсы тұру екі жолмен жүзеге асады. Біріншісі, кәпірлерді өлтіру. Мұндағы кәпірлер дегеніміз сәләфилермен санаспаған барлық адамзат. Екіншісі, діннен бас тартқандарды өлтіру. Діннен бас тартқандар деген, мейлі ол мұсылман болсын, Алла Тағаланың шариғатымен жүрмеген, Құранмен үкім шығармағандар.

3. Бүгінде сәләфилер үшін басты жұмыс – идеологиялық жұмыс. Бұл дегеніміз, сәләфизм жақтаушылары арнайы бір ұйым немесе басқарма құрып, жұмыс жасамайды деген сөз. Олар өздерінің идеологиясын жіпке тізген құмалақтай бір ізді етіп халықтың арасында тұрақты уағыздаумен айналысады. Сәләфизм жақтаушыларының осындай үш сатылы жұмысының нәтижесі жүзеге асу үшін біршама уақыт талап етеді. Салдарынан уақыт өтумен халықтың арасында бөлінушілік пайда болады да сәләфизм идеологиясы тез тарап бүгінде Ислам әлемінде болып жатқандай қантөгістерге алып келеді.

Өкінішке орай, мұндай идеологияның жетегінде жүргендер оның парқына бара бермейді және оның арғы жағында дін емес, саясат жатқанын көбісі аңғармайды. Қазіргі таңда сәләфизм (уахабия) идеологиясы – ақиқаттың бетін жабушы болып қалыптасып үлгерді, сондай-ақ, мұсылмандардың өркендеуіне, діни тұрғыда ілгері дамуға және де Ислам әлемінің соның ішінде Мысыр елінің әлемдік аренада барлық жағынан қалыс қалмауға барынша кедергі болып жатыр. Ең сорақысы, аталмыш идеология экстремистер үшін тура ақиқатқа барар жол болып қалыптасқан. Мұндай көзқарастағы адамдар кез-келген елдің тыныштығын бұзуға, адами құндылықтың жойылуына және белгісіз қияли армандармен өмір сүруге алып келетін, өзгенің қалауымен жүретін қоғам дерті болып өседі. Демек, мұндай адамдар өзінен басқа айналасындағы адамдарға зиянын тигізеді және елдің болашағына балта шабады деген сөз.

Сонымен қатар, сәләфизм идеологиясының негізгі ұстанымы ол өткен мәселені бүгінгі заманауи мәселелермен байланыстыру. Бұл дегеніміз, өткен заманғы қоғамның әдеп-ғұрпын, киім үлгісін, салт-дәстүрін, ішіп жеу мен жатып тұру және т.б. халықтың ұстанымы секілді әрекеттердің бәрін бүгінгі әрекеттермен байланыстыру деген сөз. Осындай әрекеттерді салыстырумен айналысатын кез-келген сәләфизм жақтаушылары қоғамда көптеген келіспеушіліктер мен қысымдарға тап болады. Олардың көзқарастары қоршаған ортамен сәйкес бола бермейді және қоғам пікірімен санаспайды. Салдарынан мұндай адамдар өздерін қоғамның тұтастай дұшпаны санап, ондай қоғамнан арылу үшін өзін-өзі өлтіруге бейім болады немесе сол қоғамды реттеу үшін өз көзқарасына сәйкес барлық жағдайды жасайды. Осылайша олар саны көп болмаса да қоғамның ғасырлар бұрын қалыптасқан санасын өзгертуге тырысады және Ислам діні де аз мұсылмандардан тараған деген ұстанымдарды алға тартып өздерін жұбатумен айналысады. Сәләфизм идеологиясының негізгі ерекшелігі – ұстанымында қатты болу. Себебі, мұндай адамдар өзі өніп-өскен қоғамда қателіктер көп деп санайды және ол үшін өздерін тазартуға бейімдейді. Ал, бұл үшін ең бастысы ол қоғамнан оқшаулану болып табылады. Оқшауланған адам өзінің бағытын анықтау барысында көптеген жеке ізденістерге түседі алайда, ол өзінің көзқарасын қуаттау үшін оған сәйкес болған бір тәлімгер сайлайды. Осындай жағдайға түскен кез келген адам ақылдың емес белгісіз бір тәлімгердің жетегінде кетері сөзсіз. Нәтижесіне ол өз тәлімгерінен өзгені тыңдамайды және ешбір ғалымды мойындаудан бас тартады. Сөйтіп, сәләфизм идеологиясын құптайтын қоғамнан оқшауланған бір топ мұсылмандар бірігіп жұмыс жасай бастайды. Мұндай топтағы мұсылмандар өздерінің ұстанымдарын өзгеден дұрыс көріп бойларында тәкәппарлық, менсінбеушілік мінездері қалыптасады. Дін мәселесінде олармен тартысқа түскен кез-келген адамның көзқарасы олар үшін жат әрі ешкімді қабылдамайтындай дәрежеге жетеді.

Сондай-ақ, осындай топтағы адамдардың әрекеттері төмендегідей өзгеріске түседі:

– олар қоғамда болып жатқан кез-келген жағдайларды дінмен байланыстырып, олар үшін барлығы бидағат (дінге енгізілген жаңалық) болып шығады;

– олар қашанда ақиқаттан гөрі өздерінің көзқарастарын жоғары қояды;

– олар мұсылмандардың өмірін тарылтады да «харам» мәселелердің ауқымын кеңейтеді;

– олар басқа діни ғұламаларды мойындамайды және өздерінің түсінік шеңберлерінде ғана діни мәселелерді талқылайды;

– олар ең алғашқы сәләфизм идеологиясын насихаттаған тәлімгерлерге еліктейді және солардың айтуы бойынша жүреді;

– олармен санаспағандарға қарсы және оларға қарсы тез үкім шығарады.

Бүгін барша мұсылмандарға мұндай идеологиямен күресуге уақыт туды. Ол үшін сан ғасырлар бойы діни сенімінде жаңылмай «Аһли сүннә уал жамаъ» жолында, сондай-ақ, ұлы мәзхабттардың салған ізгі бағытын қолдап келген «әл-Азһар» университетінің негізгі ұстанымына қайтуымыз керек. Себебі, бұл университет ортаңғы бағытты ұстанады және шиитер секілді емес барлық ізгі сахабаларды бірдей құрметтейді. Сонымен қатар, аталмыш университет төрт (Ханафи, Мәлики, Шафиъи, Ханбали) мәзхабтар бойынша дәрістер жүргізеді және діни мәселеде жеке адамның шығарған шариғи үкіміне үзілді – кесілді қарсы тұрады. Бұдан бөлек, университет адами құқықты қорғауға, адам өз-өзімен күресуге, жекеменшік мүліктерге және діндерге құрметпен қарауға, Ислам өркениетінің дамуына үлес қосуға, адами кемелдікке жетелейтін сопылық бағытты оқытуға, басқа да пайдалы ілімдермен айналысуға және Алла мен Оның Елшісінің (с.а.у.) жолынан таймауға үйретумен айналысады. Осындай өмірдің мәнін кіргізетін дәрістерді жоққа шығаратын сәләфизм секілді қоғам дертіне жұмылдырыла қарсы тұруымыз керек. Алланың қалауымен сәләфизмге қарсы сіздерге түсіндірмек болған мәселе осы еді. Алла Тағала жақсы білуші!

islam.kz

Related Articles

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: