|  | 

Көз қарас

Бақытжан Сағынтаев Үкіметінің назарына!

ШЕНЕУНІКТЕР ТӘРТІПКЕ БАҒЫНСЫН!

Жұмыс бабымен Астанадағы мемлекеттік органдарда, министрліктерде, әкімшіліктерде жиі болуға тура келеді. Кейде жұмыс аяғына дейін, одан да ұзақ қалатын кезіміз бар. Мені таң қалдыратыны сондағы шенеуніктердің жұмыста кешкі 20.00 – 21.00-ге дейін, тіпті одан да ұзақ жұмыста отыратындығы. «Бұл қалай?» десең, «Бастық отырса біз де отырамыз, рұқсатсыз кетуге болмайды» дейді. Үйге қайту үшін бастығының, бастығы бастығының, ол министрдің орынбасарының рұқсатын күтіп отырғаны. Облыс әкімшіліктері терезесінің жарықтары да кешке оңайшылықпен өшпейді.

«Артық істеген уақыт үшін ақша қоса ма?». “Қайдан?! Бастықтар бізге “До шести часов ты работал для себя, а после шести ты должен работать для Правительства” деп үйретеді» дейді атын жария етуді қаламайтын қызметкерлер. Кешкі алтыдан кейін байғұстардың жіпсіз байланып отырғаны. Үйленгендері баласын балабақшадан алуды бір біріне тапсырып жатқаны. Қаптаған тұрмысқа шықпаған қыздар, үйленбеген жігіттер. «Өй, айналайындар, өмір өтіп барады, үйленбейсіңдер ме?» дейміз. «Ой, ағай, жұмыстан түнгі тоғыз, онда шығамыз. Танысуға, қыдыруға уақыт қайда? Таңертең 08.50-де жұмыста болу керек. Электрондық кәртішкемен кіргізеді. Кешіксең жаза тартасың, жалақың азайып қалуы кәдік. Сондықтан жеке өмірімізге уақыт қалмайды!» деп ағынан жарылады кейбір іні-қарындастарымыз.

Іс жүзінде олар 11-12 сағат жұмыс істейді. Артық істеген сағаттарын өтеп жатқан ешкім жоқ. Тіпті сенбі, жексенбі күндері амалсыз жұмысқа шығатындары бар.

Сонда «Еңбек кодесі» кім үшін жазылған? Егер Үкімет орындамаса, министрліктер, әкімшіліктер орындамаса ол Кодестің кімге керегі бар? Сегіз сағат жұмыс міндетті. Қызметкерлерді қанауға неге жол беріледі? Жіпсіз байланған жерде жөнді нәтиже бола ма? Егер шенеуніктердің таң атқаннан түн жарымға дейін істегенінен экономика гүлденіп кетер болса онда Қазақстан отыздық түгілі алғашқы ондыққа кірмес пе еді? Алайда статдеректер экономиканың кері кетіп бара жатқанын айдан анық көрсетіп тұр ғой. Егер Үкімет өз жұмысын тиімді ұйымдастыра алса шаруаны алтыға дейін де тындыруға болады.

Сондықтан кешкі сағат алтыдан кейін қызметкерлер ешкімнің рұқсатынсыз үйлеріне қайта беруі керек. Шенеуніктер халықтан заңға бағынуды талап етерден бұрын тәртіпке өздері бағынуы керек деп ойлаймын!

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

 

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: