|  |  | 

Көз қарас Саясат

«Путиндікі өтірік, қазақтар ұлы держава болған!» — орыс ғалымы

Есіңізде ме, Путиннің не дегенін? Есіңізде шығар. Шала бүлінген едік қой-деп жазды 365info.kz.

Есіңізге салайық. Путин «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған» деген. Мемлекет қана емес, мемлекеттілік болмағанын тілге тиек еткен, Кремльдің көсемі. Сұмдық сөз, иә? Айта салды, болды. Одақтасымыз не ойлайды деп пысқырған да жоқ. Путин ғой ол. Оған бәрібір…

dalanews-kaz1
Александр Агеев

Одан бергі уақытта Путин пікірін өзгертті ме, жоқ па біз білмейміз. Оның сөзі сол жолы Ресей басшысын тікелей тыңдаған күллі орыс халқына тарады. Ал орыс халқы біржақты ойлайды. Біз мұны білеміз. Олар өздерінің көсемдеріне шаң жуытпайды. Олар үшіп Путин пайғамбар. Жоқ, рас қой?!

Бірақ, күні кеше күтпеген жағдай болды. Путин пікірінің күл-талқаны шыққан күн болды бұл. 

Астанада Тәуелсіздік 25 жылдығына орай үлкен шара өтіпті. Шараға Ресейдегі танымал профессор, сол жақтағы Экономикалық стратегиялар институтының директоры Александр Агеев шақыртылған екен. Алекеңе, риза болдық. Айызымызды қандырып айтыпты. 

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мұндай мемлекеттің құрылғанына 25 жыл толғандығын білдірмейді. Осыны ұмытпау қажет. Мемлекеттің өзіне 1000 жыл, тіпті ғасырлардан да көп. Сондықтан әр уақытта Қазақстанның күш-қуаты әрқалай болды.

Мәселен, Қасым xан, Есім xандардың тұсында Қазақстан ұлы аймақтық держава дәрежесіне дейін көтерілген. Ресей империясы құрамында да әртүрлі кезеңдер болды. Сосын кеңестер кезінде Қазақстан дербес мемлекет болмаса да, ол мемлекеттің болғанын мойындауымыз қажет», — деген екен Агеев.

Әй, жарайсың!

Мұндағы ғалымның «ғасырлардан да көп» деген сөзіне мән беру керек. Бұл не? Бұл мойындау. Артық-алып қосарымыз жоқ. 

Профессор мұнымен шектелмепті.  «Қазақстан КСРОО құрамында болса да, аймақтағы ықпалды мемлекетке айналған» депті ол.

«Қазақстанның перифириялық мемлекет болғаны жайында айтып жатыр. Мен өзім бұл пікірмен келіспеймін. Себебі ол кеңестер құрамындағы озық елдердің бірі еді. Иә, Байқоңыр, уран және тағы басқа сирек металдар полигондары Мәскеудің қарамағында болды. Дегенмен, 91-ші жылдарға дейін Қазақстан жетекші өндірістік-аграрлық мемлекет болып қалыптаса білді», — депті ресейлік маман.

Мұны естіген Путин қайтты екен? Путин не деді екен? Сайып келгенде Агеев Кремль көсемінің сөзін жоққа шығарып отыр. Ресейде Путинге қарсы келмеуші еді ғой…

365info.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: