|  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді

Қытай-xалықтардың қырық құрақ құрауынан қалыптасқан xалық

Orda Eldec суреті.

Orda Eldec суреті.Orda Eldec суреті.Orda Eldec суреті.Orda Eldec суреті.

Қытайдың ішкі сырын қарамаққа кәнігі жұрт оңай байқай бермейді. Былайғы жұрт қытайды біртұтас, біріңғай, біртілді, біртиіпті xалық деп сезінеді. Шынтуайтында, қытай өте күрделі ұлт. Жүзден астам тариxи этнос пен оннан астам ұлыс, xалықтардың қырық құрақ құрауынан қалыптасқан xалық. Сондай күрделі дүниенің бірі- қытайда қалыптасқан “оңтүстік пен солтүстік” айырмашылығы. Ұзақтан бері дауы тарқамаған ішкі қақтығыс.

Бірінші, оңтүстік қытайлықтардың пікірінше солтүстік қытайлар таза қытай емес, қойғыртпақ қытай, ол қытайлар көне көшпенді ғұн, түркі, моғол-татарлар мен манжурлардың ұзақ уақыт араласуынан қалыптасқан һәм кейін қытайланған xалық.

Екінші, оңтүстік қытайлықтардың пікірінше солтүстік қытайлар тілі мен акценті таза қытайдің тілі мен акценті емес. Ғұн, түркі, моғол мен манжулардың ықпалында қалыптасқан дүбәра, шұбар, қойғыртпақ тілге жатқызады. Көменес үкімет қытайдың біртұтас акценті ретінде солтүстік қытайлықтардың сөйлеу акцентін заңға енгізгендіктен күшпен үйретіп жатыр.

Үшінші, оңтүстік қытайлықтардың танымында солтүстік қытайлар қытайдың төл өркениетімен өмір сүрмейді, салт-дәстүрі дүбәра, көшпенді ғұн, түркілердің ықпалында көп қалған, солардың сарқыншағын илейді деп санайды да Шын қытайдың өркениеті оңтүстікте деп есептейді.Orda Eldec суреті.

Төртінші, оңтүстік қытайлықтар қытайдың байырғы иероглифын қолданып жатырмыз деп солтүстік қытайлықтардың иероглифке жасаған реформасына мойынсал болмайды. Солтүстік жеңіл иероглифты (简体字) қолданады, оңтүстік бұған күні бүгінге дейін наразы, олар классик байырғы иероглифты қолданады (繁体字).

Бесінші, ұлттық демократия, ұлттық бұржуазия мен батысшыл саяси элита көбінде оңтүстік қытайлықтардың арасында қалыптасты. Олар батыстың өркениет сәулесінің ықпалына ерте ұшырады. Сол себепті, қытайдың ұлттық бұржуазиясы мен элитасы оңтүстік теңіз жағалауындағы қалалар мен елді-мекенде өркен жайды. Тіпті қытайдың ұлт зиялылары құрған ұлтшылдардың Гоминдаң үкіметінің орталығы да оңтүстік қытайлықтардың аумағында болды. Жапондар қытай астанасы Нанкинді басып алса да олар астанасын тағы да оңтүстік өңірдің ірі саяси қаласы Чун Чинге көшірді. Ал, солтүстік қытай мәскеудің көмегімен жаңа үкіметінің астанасын Моғол-татар қағанатының жалғасы құбылай билігі мен ірі қағанат Цин манжуларының саяси, мәдени орталығы Пекинге ауысқан. Оған дейінгі саяси орталық Ян Ан’да солтүстікт қытайдың аумағында болған.

Алтыншы, қазіргі қытай билігі ішінен екі топқа бөлінеді. Бірі, реформашылдар (оңтүстікшілдер), келесі бірі партияға, МАОға адал көнешілдер. Қытайдағы небір саяси күрестер осы екі ірі топтың тайталастығынан туындайды.

Жалпы, сосын қытай тілінде екі мыңнан астам акцент, оннан астам аумақтық диалект сақталған. біз көрсеткендер “оңтүстік-солтүстік” айырмашылығының сыртқы көрінісі ғана. Олар өз ішінен тағы басқа түрлі айырмашылық пен қайшылықтарға бөлінеді. Оны да терең зерттеуіміз тиіс.

Тағысын тағылар …

Orda Eldec

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

1 пікір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: