|  |  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Руханият Қазақ шежіресі

РУХТЫ СЫНДЫРУ

6ccea822f620a10c9b4c70ecd14bb7dc

Ұрқы-адамның жан қуаты.Оны кейде рух деп те айтады.Ол ата-бабадан қан арқылы берілетін,тұқым қуалайтын қасиет.Ұрқың мықты болса,ұрпағың кез келген қиындықты бұзып жарып шығады. «Ұрғашыны ұрықтандыру» деген сөз бар.Яғни ұрық тек еркектерде ғана болады.Еркектер ұрықты әйелдерге салады.Әйелдер ұрықты сақтап,аялап өсіруші.Осы жерде өмірлік пәлсафа туады.Әйелдер өмір бойы еркектерді құрметтеп,рухын көтеріп,айтқанын істеп отырса өзі бақыт пен байлыққа кенеледі екен.Осыны жақсы білген коммунистер  «әйелдердің құқын қорғаймыз» деген сылтаумен оларды еркектерден үстем етті.Ұрқы мықты еркектерге өз қатындарын/қатын-ежелгі түркі тілінде ханышайым деген мағана береді/қарсы қойып рухын сындырып отбасын ойрандап отырған.Осы мақаланы оқыған мыңдаған қатындар маған қарсы пікір жазатын шығар.Бірінші себеб  «қатын «деген сөз олардың құлағына түрпідей тиеді.Себебі ата баба дәстүрінен жерінген ұмытқан.Оның орнына басқыншылардың идеалогиясы мен дәстүрін санасына сіңіріп алған.Екінші себеб әйел ана «.Ол сені өмірге әкелді.Сені бағып қағып аялап өсірді»-деп әсерлеп әйелдің ролін еркектен жоғары қою.Сол арқылы тағы да еркектің рухын сындырып,қатынның көлеңкесінде қалдыру.Рас.Әйел ана.Дау жоқ.Бірақ ана деген қастерлі атты жамылып алып еркектен өш алатын қатындар көп.Отбасындағы жасалған игілікті істердің бастауында үнемі ер адам жүреді.Бірақ атақты,беделді әйел пайдаланып кетеді.Ажырасқан күнде ортадағы баланы әйелге қалдырады.Бірақ еркек алимент төлеп асырауы керек.Ал бала еркекте қалса әйел бір тиында төлемейді.Жоғарыда айттық әйел тек ұрқыны сақтап өмірге әкелуші деп.Негізгі күш қуат еркекте.Еркек ұрқын кез келген әйелге салса туып береді.Демек еркексіз әйел ешқашан өздігінен туа алмайды.Тағы да еркектің қадыр қасиетінің әйелден өте жоғары екеніне көз жеткізуге болады.Үстемдің жүргізуші мемілекеттер әлсіз мемілекетті бағындыру үшін әуелі әйелдерінің жүрегін жаулайды.Сосын еркектеріне қарсы айдап салып рухтарын сындырады.Рухы сынған еркектер дүшпандарына қарсы келмей малай болады.Бағынбағандарының басы кетеді.Адамзат жаратылғалы тарих осылай дейді.Рухты сындырудың неше түрлі тәсілдері бар.Еркекке әйелін, қызын я болмаса ұлын қарсы қояды тіпті болмағанда туыстарын,қызыметтестерін араластырады.Әитеуір еркектің сағын сындырып сандалтып жіберу.Бұл әдістер саясатта жиі қолданады.Қаншама ақыл ойы сұңғыла талантты азаматтар осындай саясаттың құрбаны болды.Солардың отбасы,әріптестері өздерінің қолшоқпар болғанын білді ме екен?Қазір де әйел теңдігін ту еткен бірнеше ұиымдар еркектердің төбесінде әңгір таяқ оинатып жүр.Олардың негізгі мақсаты әйел теңдігі емес.Еркектердің намысын таптап,рухын сындырып,жаншып көзін жоғалту.Себебі әйелді қорғайтын өз ұлтының еркегі емес пе?Қорғаны жоқ қыз келіншекті келімсек еркетер с….п туғызбай ма?Яғни басқа ұлт,басқа дәстүрге жол ашылды деген сөз.Ғасырлар өткенде басқа ұлттың өкілдері билік құруы мүкін.Рух асау айғыр секілді.Үйірді шырқ үиіріп бөтен айғырдан қорғап жүреді.Ал оны сабалап мініп,піштіріп тастасаң мінезсіз ат болады.Атқа кім көрінген мініп шаба береді.Адамзаттың рухын сындырып бір жүиеге бағындыру үшін діндер ойлап табылды.Сол заманның данышпандыры Тәңіршілдік философиясының негізінде діни кітаптарды жазып шықты.Ол кітаптарға сендіру үшін мифологиялық оқиғаларды қосып қойды.Міне адамзаттың Тәңір берген рухынан айырылуы осы кезден басталды.Қазір адам баласы  жоғалған рухын іздеу үстінде.Әртүрлі діни ағымдар мен секталардың соңында жүрген жұрт,рух іздеушілер.Жігері жасықтары рухты іздеп жүріп,құлдық ұрып,құлшылыққа түсіп кетіп адасады.Бірақ олар «тура ақ жолда жүрміз» деп сенеді.Дұрыс.Себебі олардың санасынан ұлттық рухты алып қойған.Рух жойылған кезде адам әрнәрсеге құлшылық етеді.Ал жігері мықтылары тарихи жаддысын қалыпқа келтіріп,ұлттық рухын табады. Рухты іздеу жан мен тәннің  қажеттілігі.Әр ұлт өз ұрқының кілтін табқан кезде шаңырағына құт кіреді.Адамзат адасып бақытсыздыққа душар болды.Өкінішке орай бақытсыздықты «бақ» деп есептейтіндер бар.Адамның өмірге келгендегі мақсаты тек қара басын ойлап,ас ішіп,құлшылық жасап, аяқ босату емес.Оның негізгі міндеті сана сезімді өсіріп,адамзатқа пайдалы іс әрекет қалдыру,тарихи жаддыны жаңғырту.Рух бостандығы намыс пен жігерге күш береді.Намыс пен жігер сана сезімді өсіреді.Биік саналы адам адамгершілік қасиетке ие болады.Міне дәл осындай адамның рухы берік,жігері мықты болады.Ежелгі түркі қағандарының бәрі дәл осындай рухы берік ержүрек қабыландар еді.Батыр бабалардың рухын сындырап жерін жаулап алу үшін үш жақтан діни идеалогия кірді.Шығыстан ислам мен будда,батыстан христиан,католик.Адамдардың санасын билеу арқылы олар біршама жетістікке жетіп,қазақ жерінде тұрақтап қалды.709 жылы арабтар Бұхараны,712 жылы Самарханды,714 жылы Исфиджаб және Ташкентті,723-724 ж.ж.түркілердің оңтүстік аймақтарын жаулап алды.Мақсат басқа халықтарды джихадпен күштеп исламға кіргізу.728 жылы Самарханд пен Бұхара билеушілері Түргештердің қағаны Сұлудан көмек сұрайды.Соғыс бірде жеңіспен бірде жеңіліспен жүреді.Сондықтан арабтар Сұлу қағанға елші жіберді.Қаған елшіден сұрады. «Ислам деген не?» « Мұсылман деген не?» деп.Олар исламның бес парызын,құлшылығын ненің рұхсат, ненің тиым екенін түсіндіреді.Сонда қаған ақбоз тұлпардың үзеңгісін шірене тартып тұрып былай деді. «Халифыңа айта бар.Бізде шаруасы болмасын өз арабын ойласын.Біз аспан асты жер үстін билеген,тұлпардың жалында,түиенің қомында жүріп бір Тәңірге сиынған жауынгер халықпыз.Біз ешкімге құлдық ұрмаймыз.Соғысамыз.»Сұлу қаған ұзақ жыл соғысып Бұхара,Самархан,Ташкентті арабтардан азат етіпті.738 жылы Сұлу қаған сатқындардың кесірінен қаза болды.Сұлу қаған қайтыс болған соң 90 жылдан кейін,сатқындардың қолымен Орта Азияға ислам,будда,христиан діндері еркін жайыла бастады.Ержүрек Шыңғысхан ұрпақтарының рухтан айырылып,божырап,басқаларға бодан болуының да негізгі себебі әртүрлі діни ағымдар.

 

Сұлтан Қаған

kerey.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: