Матч комментаторы болудың негізгі шарттары
Ресейлік жаңадан ашылып жатқан спорт арналарынан АПЛ матчтарын көріп жүрмін. Бұл тарапта не өзгеріс бар екен деп. Классикалық кәсіби комментаторлардан (советтік стильді болса да) Александр Елагин ғана қалыпты. Қалғандарының бәрі – түкірігіне шашалған, тістене сөйлеп, көсемси көсіліп, доп айып алаңына жетер-жетпестен “Ойпырмай, ойпырмай!”, “Міне, міне!!!” деп шәңкілдей шулайтын overexcited бала-шаға. Қазақша нұсқасы: “Тағы бір қауіпті сә-ә-әт! Тағы бір қауіпті сә-ә-әт!” Кейбір қазақстандық футбол комментаторларының кімге еліктейтінін енді ұқтым. Бұл бала-шаға матч комментаторы болудың мынадай негізгі шарттарын түсіне алмаған екен: 1. Матч комментаторы 90 минут сөзінің кем дегенде 90 пайызын алаңда болып жатқан тартысқа арнауы тиіс, 10 пайызы сол матчқа тікелей қатысты бэкграунд пен статистика болсын. Матчқа қатыссыз википедиялық мәліметтер, болжау,