Моңғолияда қазақ этникалық тобының қалыптасуы жайында
Алтай тауының теріскей беті – Қобда өңіріне 1751 жылдардан қоныс теуіп [1, 1860 жылдардан қомақты көзге түсіп, онан әкімшілік-аудандық бірлікке де-факт және де-юре негізінде қазақтардың ұлттық дербес аймақ құру мақсаты оңай емес әлде неше дәуір, ұрпақтың ақыл-ой, күш–қуатының арқасында іске асқаны белгілі. Бруннерт И.С және Гагальстром В.В-лердің көрсетуінше 1910 жылы Қобда өлкесінің құрылымы төмендегідей болыпты [2. Онда Қобда әкімшілігі немесе Қобда хэбэй-әмбісінің басқаруында жеке қазақ жері кіргені толық айтылғаны осы күнгі Баян-Өлгий, Қобда аймағының қазақтары мекен етіп отырған өңірлер еді. Бұл өлкенің қазақтары 1905-1911 жылдары Қобда хэбэй-әмбісінің басқаруында, ал, 1911 жылы Сыртқы Моңғолия тәуелсіздігін жариялағанда, қазақтар да жаңа мемлекеттің шаңырағын бірге көтерісіп, оның құрамдас бөлігіне айналды [3. Алтай