|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Әдеби әлем

Сарсүмбе, Қаракөпір

 

Ғалым Жайлыбай

 

ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары,

 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Galim JAYLIBAY

 

Сарсүмбе, Қаракөпір Осы көпірдің оң босағасына жауыздар

Зуқа батырдың басын бірнеше күн іліп қойған деседі.

Qara kopir(Altayqalasi)

Qara kopir(Altayqalasi)

Боздайды ботасы өлген ғасыр – інген,

Сен менің алшы түскен асығым ба ең!

Сұлтаным ұлтан болған сонау жылы,

Зуқаның бұл көпірге басын ілген.

 

Бас мұнда…

қайда қалған жансыз дене?!

айналса опат дей бер нар сүлдеге.

Қартайдым қара көпір саған жетіп

Алтайдың алқасындай Сарсүмбеде.

Сарысүмбе,

Сен не дейсің, Қыран өзен?

Сауалға жауап таппай жылады өзен.

Жасында жазмышымның тамшысы бар

– басыңда тұрса қандай мына кезең.

Сарғайған сағым күнге санам өкіл,

Қайысып қайғы ойламас қала нөпір.

Ғаламның ғазауатын сенен көрдім,

Бабамның басы ілінген, Қаракөпір!

 

Жартасы,

жағалауы жасыл орман,

Әр тасы өр Алтайдың асыл арман.

Ақынның осы өлкеде шерлі жыры–

Батырдың бұл маңайда басы қалған.

 

Жалғанға күнде елеңдер шерлі көшім,

алғанда дүрбелеңдер елдің есін.

Сор,

қайғы батырыңның басын алса–

Ол жайлы Қаракөпір,

Сен білесің…

Қолымда қара кітәп,

қап­қара күн,

Уақыттың шер­шеменін ақтарамын.

Қыранның үстіндегі – Қаракөпір

Арасын бөліп жатқан ақ­қараның.

 

 

Айт енді,

маған бүгін,

қозға,

сырды!

Білемін Рухым өлмей тозбасымды.

Зуқаның басы ілінген,

Қаракөпір

– Мен сенен іздеп келдім

өз басымды…

Өр Алтайдың бұлттары Жарық барда

жаныңда лауласа үміт,

Хас батырдай аттанған жауға асығып.

Анам түткен түбіттей үлпілдейді,

Өр Алтайдың бұлттары тауға асылып.

Сырбаз кейпі ұқтырып сыртқа дерек,

Жаратылған пендедей жұрттан ерек.

аспандағы аққудың ұлпасындай,

Өр Алтайда бауырым,

бұлт та бөлек.

Әнге басып тұрғандай бала ғашық,

көктің бүгін қалқатай,

жанары ашық:

«…Ауылың көшіп барады таудан асып,

Таудан асқан бұлттармен араласып…».

Бұл өлкенің мінезі таудай бұла,

аспанында ақ нұрлар аунайды ма?

дүркіретіп,

қанатын сілкіп өтіп

– Бүгін жаңбыр жауа ма, жаумайды ма?…

таудан сағым жоғалар жыраққа асып,

тірлік кешсек қайтеді мұраттасып.

 

 

…Өр Алтайдың жұртына жұртым ғашық,

Өр Алтайдың бұлтына бұлақ ғашық.

Елді көріп тіктейін еңсемді енді,

Көз суарып кетейін өлсем де енді…

Өр Алтайдың бұлттары­ай,

өре көшкен,

Енді қашан көремін мен сендерді!..

Зер іздесең боларсың зердеңе абай,

Мен келгелі соңымнан ерген Арай.

…Бура бұлтты бұйдалап таң бозында,

тартып кеткім келіп тұр Елге қарай.

Қазақ әдебиетi

 

 

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: