|  |  | 

Жаңалықтар Оқиға

Алматыдағы ҰҚК “Әділ Қытай” қылмыстық тобының мүшелерін ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Алматыда арнайы операция барысында “Әділ Қытай” ұйымдасқан қылмыстық тобының басшылары мен мүшелерін ұстағанын мәлімдеді.

Алматыдағы ҰҚК "Әділ Қытай" қылмыстық тобының мүшелерін ұстады

КОЛЛАЖ NUR.KZ (ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ)

“Арнайы жасақтардың қатысуымен бір мезетте Алматының әр түрлі жерінде А.Зайнаудиннің ұйымдасқан қылмыстық тобының (“Әділ Қытай” лақап атымен танылған) басшысы мен мүшелері және Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы басшысы полиция полковнигі Қасабеков ұсталды, ұсталғандардың саны – 16“, – делінген ҰҚК ресми жауабында.

Күдіктілердің үйінде және жұмыс орындарында тінту шаралары жүргізілген. Олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылады.

Еске салайық, Алматы прокуроры Ғабит Миразов Алматыда арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталғанын хабарлаған. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды.Дереккөз: Tengrinews.kz

Related Articles

  • Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

    Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы және министрліктің биылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді-деп хабарлайды Ақорда баспа-сөз қызметі. Қазақстан Президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді. Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елбасыға жалдамалы тұрғын-үй мен тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің тетіктерін пайдалану арқылы әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау және 2017 жылы ел жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті

  • ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады

      ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. «ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды. Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды. Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен

  • Бішкек: Назарбаев өз үкіметіне шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырды

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, 11 қазан 2017 жыл. Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды талқылады деп хабарлады Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі. Кездесу Ресейдің Сочи қаласында өткен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында болған. Исаков Назарбаевқа шекарадағы жағдайды айтқан. Ол шекарадағы жағдайдың нашарлауынан қырғызстандықтар ғана емес, Қазақстан мен өзге елдің азаматтары да зардап шегетінін де айтқан. Қырғызстан үкіметінің хабарауынша, келіссөзден соң Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке шекарада туындаған мәселелерді шешуді тапсырған. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан өту 10 қазаннан қиындаған. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан шекарадан өту тәртібі мен тексеруді күшейткен. Бұның салдарынан шекарадан өту бекеттерінде кезек пайда болған. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Назарбаевтың Қырғызстан үкімет басшысымен кездескені

  • Астанада Азиядағы Ядролық кооперация форумының 18-ші Кеңесі өтті

    11 қазанда Астанада 12 елдің ірі лауазымды тұлғаларының қатысуымен Азиядағы Ядролық кооперация форумының (FNCA) министрлер деңгейіндегі 18-ші кеңесі өтті. Екі жылда бір рет өтетін шарада «Қоршаған ортаны қорғау үшін ядролық ғылым мен технологияларды қолдану» тақырыбы қарастырылды. Қазақстан Республикасының энергетика Министрі Қанат Бозымбаев Кеңесті алғы сөзбен ашты. Кеңестің жоғары деңгейн атап өткен Қ.Бозымбаев Азия аймағының дамуы үшін оның маңыздылығына тоқталды. «Қазақстан Азиялық ядролық кооперация форумының құрамына 2010 жылдан бері мүше. Содан бері еліміз ұйым жұмысына белсене қатысып келеді. Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша әлемдегі қоғамдастықтармен әріптестік орнатуға мүдделіміз», деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев. «Форумның қызметіне қатысу Қазақстанда ядролық медицина саласындағы жаңа әдістерді және ауыл шаруашылығына арналған жаңа материалдар өндірісін ілгерілетуге

1 пікір

  1. Медет Дакен

    Ассадаумағалейкум, кеше бір үлкен ағай былай дейді, Абақ керкй орта жүзге кірмейді, ұлы жүзге жатады деп қоймайды, Түп тұқияннан өзіме дейін деген кітапта жазылған деп қоймайды, осыны көріңіздерші

POST YOUR COMMENTS TO Медет Дакен (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: