|  |  |  | 

Жаңалықтар Спорт Шоу-бизнис

Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды

Екінші орында боксшы жоқ екенін ескерер болсақ, Қанат Седрик Витудан кейінгі екінші боксшы деп айтуға да негіз бар-Бұл туралы vesti.kz  хабарлайды.

Kanat Islam Team

Kanat Islam Team
Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды.

Отандасымыз осыған дейін “IBF Intercontinental” рейтингінде бірінші орынға шыққан болатын. Мамыр айының соңындағы жекпе-жек қорытындысы бойынша ұйымның ресми рейтингінде ең үздік үштік құрамға қосылды. Өткен айда 6-орында еді.

Қанат Ислам бақ сынайтын бірінші орта салмақта IBF чемпиондық атағы америкалық Джарретт Хёрд еншісінде. Ал үздік рейтинг көшін франциялық боксшы Седрик Виту бастап тұр. Екінші орында боксшы жоқ екенін ескерер болсақ, Қанат Седриктен кейінгі екінші боксшы деп айтуға негіз бар.

Айта кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында мексикалық боксшы Норберто Гонсалесті жеңіп, “WBO NABO” және “WBA Inter-Continental” чемпиондық атақтарына ие болған еді.

Орта салмақта бақ сынайтын Жанқош Тұраров болса, 12-орыннан 14-орынға төмен сырғыған. Ол да мамыр айында жекпе-жек өткізіп, мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта нокаутпен жеңген еді.                                 vesti.kz 

Related Articles

  • Cыбайлас жемқорлықпен күрес

    Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасын іске асыру жоспарында сыбайлас жемқорлықты жоюды маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың

  • Терроршыл Челахтың қайталанбауына кім кепіл?!

    2019 жылдың 8-21 қыркүйегінің аралығында, ресейлік Екатеринбург қаласында әуесқой бокстан кезекті әлем біріншілігі өтті. Мен осы жаһандық додаға журналис ретінде аккредитацияланған едім. Алты медаль жеңіп алған қазақ құрама командасы тағы да жер жүзіндегі жұдырықтасудың көшбасшысы екендігін дәлелдеді. Сатқын қазы-билердің зымияндығы болмаған жағдайда, Свердловск аймағы шаршы алаңындағы былғары қолғап шеберлеріміздің жетістіктері одан әрі ұлғая түсер еді. Дегенмен, 81 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жаңа әлем жеңімпазы, соққылары жойқын маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтың қарқынды өрлеуіне ешкім тұсау сала алмады. Әр қарсыласын есеңгіретіп жіберді жас чемпионымыз! Тіпті, аты аңызға айналған кубалық Олимпия жеңімпазы Хулио Ла Крустың өзі біздің боксшыдан ойсырата ұтылды. Бір қызығы, ширек финалындағы жеңісінен кейін Ла Крустың қолтаңбасын алдым және ақтық сындағы жеңісінен

  • Этно туризм. Балхашта этно туризімді қаладй дамытуға болады?

    Бейсен Ахметұлы  Әлемде біз естіменген елді мекендер, ғажайып салт-саналар мен ғұрып-әдеттер, ойлап көрменген тіршілік тәсілдері бар. Сонай ғажап өңірдің бірі Балқаш. Қарны тойып, қалтасы қалыңдаған әр пенде өмірден ләззат алғысы келеді. Өзі аңсаған жерді көріп, қызыққан өмірді қызықтайды. Дем алады және өмірдің мәнін салыстарды. Өмір теңіз бойында жасаған адам сусыз жапан даланы елестете алмайды. Бірақ естісе барып көруді аңсайды. Қазқастан да сол ғажайып әлемнің бір бұрышы. Онда елді таң қалдырар ғажайыптар өте көп. Ендеше сол мүмкіндікті қалай ашуға болады? Біз сөзді Балхаш көлі маңынан бастайық. Балқаштың қандай кереметтері бар? • Балқаш әлемдегі ең үлкен тұйық көлдердің бірі. Аумағы 19 мың шаршы шақырымға жетеді. Су тұнық таза және тұздылығы төмен. Қысы

  • Талдықорған-Өскемен тас жолы «тасбақаға» арналған ба?

    Республикалық маңызы бар автомобиль жолының  313,5 шақырымы  Алматы облысына тиесілі. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» облыстық филиалы басшылығы жол үстінде жылдамдықты сағатына 40 километрден асырмау керек деп отыр. Талдықорған-Өскемен тас жолы шығыста Алакөлмен шектеседі. Осы бағытта  «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының тапсырысымен  уақытша жол салынған. Уақытша деген аты болмаса, ойдым-ойдым жолмен жолаушылар бес жыл жүре тұруы тиіс. Былтыр төселген жаңа жол арқылы күніне орташа есеппен 3 жарым мың көлік өтеді екен. Сапарға шыққандар діттеген жеріне діңкесі құрып әрең жетеді. Көпшілігі Алакөлдің шипалы суына шомылуға асыққан туристер. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының директоры Жанабай Қобыландиннің сөзіне сенсек, көлік жүргізушілері жол бойына қойылған белгілерді ескеруі тиіс. «Сіздер біріншіден журналист болсаңыз өзіңіздің машинаңызға отырыңыз

  • Жанашыр азамат Молдияр Нұрбаев Мамания мектебін қайта жаңалады

      Еліміздің әр аймағындағы ауылдарда тозығы жетіп қаңырап қалған нысандар жетерлік. Содан ба кезінде тіршіліктің қыз-қыз қайнаған ордасына айналған өлкелер бұл күнде сұрқай тартып, суықтанып бара жатыр. Әрине, оны қайта тірілту, өңі қашқан өлкенің шырайын кіргізу – біз бен сіздің, ел азаматтарының міндеті. «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін» де­­ген ұстаным, осы жолы да ал­дан шығады. Мемлекет қам­­қорлығы жетпей жатқан шал­ғай ауылдарға сол жерден шық­қан, бүгінде кәсібі мен нәсібі тасыған азаматтар кө­мек қолын созып жатса, бұл әл­бетте, құптарлық іс. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Пат­рио­тизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: