БІРЕСЕ «ДИГРАФ», БІРЕСЕ «АПОСТРОФ», ЕКЕУІ ДЕ ОҢЫП ТҰРҒАН ЖОҚ.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры
Е.Қажыбек мырзаға!
Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры
Е.Тілешов мырзаға!
Латынға өтеміз. Елбасы осылай деп кесіп айтты. Халық та қолдап отыр. «Келісіп пішкен тон,
келте болмайды» деген қазақ мақалына сай ел арасында талқылау да қызу жүріп жатыр. Соған
сәйкес, соңғы нұсқа бойынша жүргізген өз зерттеулерімнің қорытындысын Сіздердің
назарларыңызға ұсынамын:
11 қыркүйекте ҚР Парламент мәжілісінде таныстырлған латын әліпбиінің алғашқы нұсқасында
25 әріп, 8 диграф берілген. Қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиінің екінші нұсқасында
32 әріп, оның тоғызы апострофпен белгіленген.
Бірінші нұсқадағы қазақы әріптерді толықтай латын әліппесі мен пернетақтаға тәуелді етіп «Ә» – ае,
«Ө»-ое, «Ү» – ue болып, диграфпен белгіленуі бәріміз үшін тосын жай болып, көпшілікке да, маған да ұнаған
жоқ. Жасыратыны жоқ, мына нұсқаны жасаған қазақтар ма, әлде басқалар ма деген ойға қалғанымды да
жасырмаймын. Себебі, қазақи сөздердің бәрі буынға бөлінетіні, бір буында міндетті түрде бір дауысты
дыбыстың болуы тиіс екені, сондықтан екі дауысты дыбысты қосарлауға болмайтыны кім-кімге де белгілі
емес пе? Абырой болғанда бұл нұсқа қабылданбады.
Түсініктеме: Буын деп қазақ, бір дауысты және бір дауыссыз дыбыстан тұратын сөздерді айтады.
Дауысты дыбыс – ер адам, дауыссыз дыбыс – жолы жіңішке әйел адам дегенді білдіреді. Екі дауысты
дыбыстың қосарланып таңбалануы, бұл біздің өзімізді азғындығы шектен шыққандығы үшін Алланың
қаһарымен жер бетінен аласталған Лұт қауымының ұрпақтарымыз деп мойындағандығымызды білдірген
болар еді. Бұл соңғы кездердегі «гендерлік саясаттың» жемісі Құрманғазы Атамыз бен Пушкинді сүйістіріп,
әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жұптасуларын заңды түрде бекіткен болып шығар едік. Мен мұны
бірінші нұсқаға қайта оралуға мүлдем болмайтынын ескерту үшін айтып отырмын.
Екінші нұсқа, біріншіге қарағанда біршама жақсы болып, диграфтардан тазарыпты. Бірақ бұл жобадағы
9 таңбаның үстіне қойылған үтір белгілердің (апостроф), сөздер мен сөйлемдердің асты мен үстінде тым
көбейіп кетуі көкейімізге қонып тұрған жоқ. Бұл таңбамен жазу бір сөздегі әріптердің арасын ашып,
жыпырлаған «үтірлерге» толтырып жібереді және 9 әріп 18 таңбаның орнын иемденеді. Мысалы, а’n’gime
(әңгіме), s`yn`g`a (шыңға), o`n`es` (өңеш), tay`yn` (тауың), u`n`girs`ik (үңгіршік), s`es`y`s`i (шешуші) болып,
әріптердің арасы ажырап кетеді.
Түсініктеме: Қазақтың әрбір сөзінің түбірінде (өз түбінде) сол сөздің Атасының есімі сақталады. Біз қазір
оны «авторлық құқық» деп атап жүрміз. Ал, сөйлемдер болса, осы сөздердің тіркесінен жасалып, олардың
арасы мен соңына: үтір, нүкте, үтір-нүкте мен қос нүктелер сияқты тыныс белгілері қойылады.
«Үтір» мен «нүктенің» шығу тарихына келсек, «Үтір» дегеніміз Ұлы Жаратушы Алланың адамзатқа
жіберген Һұд және Лұт пайғамбарлардың есімі болса, қос нүктеміз – Қосай Нұқ атамыздың аты мен тегін
білдіреді. «Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һұд (жібердік)» (Құран Кәрім «Әз-Аъраф» сүресі 65 аят). Лұт
қауымы азғындықтың салдарынан Алланың қаһарына ұшырап жер бетінен аластатылған қауым. Қара:
(Құран Кәрім «Ән-Нәмл» сүресі 54-58 аяттар). Бір сөйлемнің ішінде бірнеше үтірдің болуы, осы
пайғамбарлар мен қауымдарға байланысты белгіленген.
Тағы қайталаймын. Сөз түбірі (өз түбі, өз Атасы) ешқашан жаңылыспайды. Һұд пен Лұттың сөз түбірі –
Ұд, Ұт (Үт), яғни үтір, Нұқ – Нүкте, яғни Нұқ Ата, ал Қосай Нұқ – қос нүкте. Бүкіл адамзаттың жетпіс мың
жылғы ғұмыры сөз, сөйлем және тыныс белгілерімен өмірде қалай болды, жазуда да тура солай жазылған.
Бір сөйлемнің ішінде бірнеше үтір қолданылса, ол күрделі сөйлем деп аталады. Сөйлем арасындағы
өзгешелігі бар сөздердің арасына, тура Лұт пайғамбар қауымы кезіндегі сияқты үтір қойылады. Ол
қырғында адам баласы түгел қырылған жоқ, жартысы тірі қалып өмір ары қарай, тура сөйлемдегідей болып
жалғасып кетті. Ал, Нұқ пайғамбар заманында, атамыздың кемесіне мінген оның өзі мен отбасы және
мұсылман болған азғантай адамнан басқаларының бәрі түгелдей топан суға қарық болғандықтан қырғынға
ұшырап, ол елдің көшіне Нұқ атамыздың есімімен соңғы нүкте қойылды. Алайда, ол «көшті» Адам атаның
екі баласының кішісі Қосай атамыздың ұрпағы Нұқ пайғамбар қауымы жалғастырып кетті. Қос нүкте мен
Қосай Нұқтың түбірлес болатыны осы. Қосай атты рудың Қазақтың және өзге де көптеген елдердің бәрінің
құрамында кездесетіндерінің сыры осы. «Қосайдан жолдасың болса, жолың болады» деген қазақ
мақалының да сыры осы. Қосай Нұққа жолдас болып кемеге мінгендердің жолы болып, аман қалды.
Қалғаны түгелдей апатқа ұшырады. Қосайдың сөз түбірі «Ос», яғни өзек. Жер өз осінде айналады.
Демек, азғындықтың салдарынан жер бетінен аластатылған Лұт қауымы атауын төбеге шығарып,
таңбалардың үстіне қоюға мүлдем болмайды. Жаңа әліпби үшін апостроф белгілері осындай себептермен
тиімсіз және ол шежіре-тарихқа сай келмейді.
Соңғы нұсқа да қазаққа тиесілі 31 дыбыс-таңба да 3 әріп: «Ф», «Ч», «В» артық, ал екі таңба «И» және
«Һ» дыбыс таңбасы жетіспейді.
Талқылау барысында, «ежелден бері келе жатқан ортақ сөздік қорда ф, ч, в әріптерімен жазылатын
сөздер мол» деген уәждер айтылуда. Егер Біз бүгін «Ф», «Ч», «В»-ларды қимасақ, ертең «Щ», «Ц», «Я», «Ю»,
«Э», «Ё»-ларды Алыпбиімізден іздейтін боламыз.
Жаңа нұсқадағы Ff (Ф), С’с’ (Ч), және Vv (В) таңбалары босқа тұр. Бұл дыбыс таңбалар Кирилге дейін
Ана тілімізде қолданыста мүлдем болмаған. Кейбір кірме сөздерде болмаса қазірде қолданылмайды десе
де болады. Ф-ның орнына перне, перде дегенде келетін «П» таңбасы, Ч-ның орнына «Ш», B-ның орнына
«Б» таңбалары тұр. Демек, бұл таңбаларды сол бұрынғыша таңбалап, қазақтың Ана тілін бұзып сөйлегісі
келетіндерге солай дыбыстай берулеріне әбден болады. Және бұл таңбалар қазақи әуезді жоғалтып
алуымызға ғана қызмет жасап тұр. Себебі, бұл дыбыстар қазақтың төл әуезінде «П», «Ш», «Б» деп
айтылады. Қазақтың төл әуенін үйрене алмай «акцентпен» сөйлейтіндерге арнайы дыбыстық таңба
белгілеудің түкке де қажеті жоқ.
Бұл дыбыс таңбалардың бәрі төрімізде 70 жылдан астам тайраңдаған кірме әріптер. Біреуін қалдырсақ,
қалғаны да сұранады. Елбасымыз айтқандай, жаңғыратын болсақ, Әліппемізде толықтай жаңғыртайық
дегім келеді. Әңгіменің қысқасы, кірме дыбыстарды жаңа әліпбиімізден түбегейлі аластауымыз керек.
Жаңа нұсқадағы Әке дегенде келетін «Ә» әрібін, Ата дегенде келетін А-мен (үстіне үтір қойып) таңбалау
дұрыс болмайды. Бұл қазақтың тектік шежіресі мен сөз жасау жүйесіне сәйкес келмейді. Қазақ баласы
әкесін Ата деп ешқашан айтпаған. Бұлар екі буын ұрпақ. Сондықтан Әкеге бұрында да бөлек таңба берілгені
сияқты, қазірде бөлек таңбаны еншілеуі тиіс. Ал, Әке дегенді білдіретін «Ә» таңбасы латында неге жоқ
дейтін болсаңыздар, Латын әліппесі қазіргі ғылыми тілмен айтқан да патриархат емес, матриархаттық жүйе
де дүниеге келген. Олар отбасылық жүйе де емес, топтасып ғұмыр кешкендіктен әкелерінің кім екенін
білмейтін болған, яғни адамдар тек қана аналарын білген. Ойланып көріңіздер, бізге осы қағида керек пе?
Қазақтың Ата дегендегі «А», Ер дегендегі «Е», Ілік дегендегі «І», Әке дегендегі «К», Отан дегендегі «О»,
тоғыз (толып, толысу) дегендегі «Т» таңбаларын қалдырғанда, қазақтың басқа таңбаларын қалдыруға
болмайды деген қағида көкейге қонымсыз. Демек, латын әріптеріне сәйкес келмейтін таңбаларды сол
бұрынғы қалпында қалдыра беруге әбден болады.
Жаңа жасалатын Әліппе кірме дыбыстардан арылып, негізінен «бір дыбыс – бір әріптік» ережені
сақтауы тиіс. Қазақ қазақ болғалы қазақ халқында «Бір дыбыс, бір әріп» қағидасы болған. Қазақтың бір
дыбысына, бір әріп белгілесек, Қазақтың Ана тілін балаларымызға да, өзге тілділерге де үйрену де, оқу да,
жазу да жеңіл болады.
Жаңа нұсқадағы әріптердің орналасуы 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Д, 5-Е, 6-Ф, 7-Г, 8-Ғ. 9-Х мен Һ, 10-І, 11-И иен Й, 12-
Ж, 13-К, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Қ, 22-Р, 23-С, 24-Ш, 25-Ч, 26-Т, 27-Ұ, 28-Ү, 29-В, 30-Ы, 31-У,
32-З Қазақтың Ана тілінің шежіре-тарихына сай келмейді. Бұл нұсқа да соңғы 32-ші таңба «З» мен аяқталып,
Қазақ деген ең ежелгі ұлттың өзіне де, тілі мен мәдениетіне де соңғы нүктені қойып тұр.
Әңгіменің қысқасы, көпшіліктің талқылауына ұсынылған мына екінші нұсқа да Елбасымыз айтқан
«Рухани жаңғыруға» сай келіп тұрған жоқ.
Қазіргі қолданыста жүрген 42 әріптің орналасу реті мынадай: 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-В, 5-Г, 6-Ғ, 7-Д, 8-Е, 9-Ё(ЙО)
10-Ж, 11-З, 12-И, 13-Й (қысқа й), 14-К, 15-Қ, 16-Л,17- М, 18-Н, 19-Ң, 20-О,21- Ө, 22-П, 23-Р, 24-С, 25-Т, 26-У, 27-Ұ,
28-Ү, 29-Ф, 30-Х, 31-Һ, 32-Ц, 33-Ч, 34-Ш, 35-Щ, 36-Ъ (айыру белгісі), 37-Ы, 38-І, 39-Ь (жіңішкелік белгісі), 40-Э,
41-Ю, 42-Я. Өздеріңіз көріп отырғандай, кирил әліппесінің соңы «Я (орысшасы мен)» деген дыбыс-таңбамен
соңғы нүктені қойып, қазақ халқының тарихына да, ұлттық болмысына да, ұлттық мәдениетіне де, Ана
тіліне де мен соңғы нүктені қойдым деп тұр.
Енді осындағы ежелгі қазақ та қолданыста болмаған, зорлықпен енгізілген 11 әріпті алып тастасақ,
мынадай болып шығар еді:
Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағын сақтап бүгінгі күнге жеткізген Қазақтың тектік шежіресінде
Адамзаттың дүниеге келуі, есеюі, кемеліне келуі мен толып, толысуы дыбыстық таңбалар және сандармен
белгіленіп бәрі қатар өріледі. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-
З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-У, 25-Ұ, 26-Ү, 27-Х, 28-Һ,
29-Ш, 30-Ы, 31-І деген дыбыстық таңбаларын қолданамыз. Адамзаттың жетпіс мың жыл ғұмырындағы ең
алғашқы әлемдік ұлы держава Қазақ қағандығының қолданған дыбыстық таңбалары осы. Бұл таңбалар
әлем тарихындағы адамдардың, елдердің, мемлекеттердің, қағанаттардың дүниеге келу рет санымен
толықтай сәйкес жасалған. Біз әліпби әлемінде өмір сүріп келеміз. Әліпби – халықаралық жағдайда түрлі
мемлекеттердің, ұлттардың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыратын және олардың шыққан тегін
анықтайтын құрал.
Кітапханаға бара қалсаңыз қажет әдебиеттер тізімі әліпби қатарымен реттеліп, жиналады. Бұл
келушілер мен кітапхана қызметкерлері үшін де өте ыңғайлы. Әліпби тізбегімен медициналық карталар
жинақталады. Науқастың ауру тарихы жайлы хабар оның фамилиясының алғашқы әрібі бойынша тізімге
ілінеді. Атлас (карта), телефон кітапшалары, күнделік, қала, аймақ аттары түгелдей әліппе тізбегіне
бағынады. Тіпті, ұялы телефонымыздағы аламдардың аты-жөніне дейін әліппе қатарымен тізіледі.
Әлемнің барлық елінде, сондай-ақ өзіміздің мемлекеттік мекемелерге тиісті базалардағы ақпарат осы
заңдылық негізінде сақталады, анықталады. Әріптер әліпби қатарымен де және Адамзаттың Ата тек
шежіресіне де сай болуға тиіс.
Егер Біз осы таңбалардың орнындарын қалай болса, солай ауыстырып қоя беретін болсақ, жаңа енгізген
Әліппе бізді Қазақи болмысымыздан ажыратып өзге елдің мүддесіне қызмет жасайтын болады. Сондықтан,
жоғарыда көрсетілген әрбір дыбыс-таңбаның дүниеге келу тарихын, сырын, мәні мен мағынасын бүкіл
қазақ баласына Ата шежіремізбен салыстырып зерттеуді ұсынамын! Бұл іске тарихшы ғалымдар бел шешіп
араласуға тиіс.
Жаңа әліппе де «Х» мен «h» дыбыстарын бір таңба ретінде қосарлап белгілеген. Ақиқатында бұл екеуі
екі түрлі дыбыс. Тіпті екеуінің дыбысталуында да, мағыналарында да айтарлықтай өзгешелік бар.
«Х» таңбасы Г,Ғ,К,Қ тобының жалғасы болып табылады. «Х» дыбыс-таңбасы Ана тілімізде берік орын
алған: Мысалы, хан, хандық, ханша, ханым, Ханшатыр, халық, тарих, тарихшы, тарихат, хат-хабар, хатшы,
сұхбат, жатақхана, сахна, сахара, мұхит, хал-жағдай, рух, рухани, руханият, Хақ (Хақтан тілек тілеу), қаһан,
дастархан, халайық, саяхат, махаббат, шахнама, археология, ғибадатхана, асхана, тойхана, кітапхана,
дәріхана, архар, рахат, ахун т.т. және сонымен қатар адам, ел, жер-су атауларында: Нұх, Хұн, Хұнну, Хазар,
Қарахан, Бурахан, Хорезм, Махмұт, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Қожахмет, Әбдірахман, Хайдар, Мұхамеджан,
Хамит, Әзірхан, Әз-Захир, Жұмахан т.т. болып көптеп қолданылады. Демек, қазақ әліпбиін «Х» таңбасынсыз
көз алдымызға елестете де алмаймыз.
«h» әрпі Ана тіліміздегі орны ерекше таңбалардың бірі болып табылады. Бұл дыбыс-таңбадан мынадай
айрықша мағыналы сөздер жасалады: Һа, Һе, Һә (осы үшеуінен басқа «h» дыбысынан басталатын сөз
жасалмайды), Аһа, Еһе, Оһо (таңданыс), және Һәм (жалғасы) ал сөз арасында баһадүр (батыр), қаһар,
қаһарлы, қаһарман, жаһан, жаһандану, жиһаз, шаһар, жиһангер, Мауреннаһр, Гауһар, Гауһартас, Ибраһим,
айдаһар, мәшһүр т.т. болып кездеседі. Мысалы: «Адам болсам жиһаннан» («Мұңалдың құпия шежіресі» 99
бет). «Һәмма жаһан, адамзат, …Һауа-анадан айырып» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы 1996.
287,351 беттер). «Мекке деген шаһарда дүниеге келіпті». (Ы.Алтынсарин «Мұсылмандықтың тұтқасы» 19
бет). «Ад еліне туыстары Һудты жібердік» (7.Ағраф-65). «Ғаламға мәшһүр аттарың» (Ұзақбай жырау). Һұд,
Жәһил, Мәшһүр (Жүсіп) адам аттары т.т. Үш саны Нұқ пайғамбардың тегі Қосай руының сандық атауы. Әрине
солай, адамзатты түгел жойылудан аман алып қалған Қосай Нұқ атамыздан асқан Қаһарман болуы мүмкін
бе? Міне қазақтың ешбір елде жоқ, осы ерекше «Һ» дыбысы Нұқ пайғамбар қауымының қазақтың Ана
тілінде сөйлегенін айшықтап көрсетеді. Осы үш сөзде, Қарт Қазақты Нұқ пайғамбардай ұлағатты ұлды
дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Қаһарман» деп ұлағаттау, «Аһа, Еһе, Оһо» деп олардың ерлігіне сүйсіну
және олардың артының «Һәм» деп жалғасып жатқанын көрсету бар. Қайран аталарым! Тарих жазсаң
осылай жаз. Бұдан асқан даналық болар ма? Сол үшін де ғой, Сіздердің Қас би (Каспий) атанып
жүргендеріңіз.
Қазіргі латын әрібінде де, өтуге байланысты ұсынылып жүрген жобалардың ешқайсысын да бұл таңба
жоқ. Бұл дұрыс болмайды. Бұл таңба қалуға тиіс. Мұны қоспай алып тастау, бұл ежелгі аталарымыздың
Алтын әріппен жазылған ұлы тарихының бір парасын жыртып алып, отқа лақтырғанмен бірдей дүние.
Үстіне еліміздің асқан Қаһармандары отыратын «Алтын тақтың» бейнесіндегі «Һ» таңбасы өте сәтті
жасалған. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
«Һ» таңбасы қазақ Алып биінің құрамында қалуға тиіс. Демек, қазақи дыбыс-таңбалардың бірін алып,
бірін қосып, таңбаларды қалай болса, солай сыза салуға болмайды. Бұлай жасау Ата тарихтан безген
мәңгүрттердің ісі болып шығады.
Қазақ әліппесінен бұл таңбаны алып тастау қазақ баласының елге айрықша еңбегі сіңген
қаһармандарын, баһадүр-батырларын, ел билеген хандары мен қаһандары сияқты елімізді інжу, маржан -
гауһарларынан ажыратып тобырға айналдырып жібереді және оларды қазақ халқының тарихи жадынан
ажыратуға қызмет жасайды. Және Біздің Нұқ қауымының қарашаңырағын сақтай алмай айдалаға қаңғып
кеткенімізді білдіреді.
«И мен Й-ді» I-нің үстіңгі жағына үтір (апостроф) қойып белгілеу де шежіре-тарихқа сай келмейді.
Қазақ шежіресінің барлығы дерлік қазақты «Үш Аналы қазақ» деп атайды. Ежелгі Қазақтың дыбыстық
таңбаларының бес таңбасы: Бірінші буын 10.И, 11.Й; Екінші буын 16.Н; Үшінші буын 29.Ы, 30.І деген
таңбалар баласы (ұлы, қызы), ұрпағы деген мағына береді. Бұл жоғары да айтқанымдай, Қазақ баласының
үш кезеңдегі Үш Анадан туған ұрпақтары дегенді білдіреді.
Біріншісі, (10.И, 11.Й) Біз қазақтар ең алғашқы қауым Адам Атаның тікелей ұрпақтарымыз, яғни
қарашаңырағының иелеріміз деген сөз. Ежелгі Шығыс ғұламаларының барлығы қазіргі «Ов» пен «ев» және
«ич»-тердің орнына осы «И» мен «Й»-ді қолданған.
Мысалы: Ахмет Жугінеки (әдебиет тарихында «Шындық сыйы» дастанымен мәлім), Әбу Нәсір Әл
Фараби, Махмуд Қашқари, Әл Бухари, Әбу Райхан Әл Бируни, Хакім ата Сүлеймен Бақырғани, Әлішер
Науайи, Пердауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі), Мұхаммед Шайбани
(Жошы ханның ұрпағы), Сайфи Сарайи, Хайдар Рази, Қадырғали Жалайри, Фазлаллах ибн Рузбихан
Исфахани, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қашқар ханы Әбубәкір Дулати т.т. болып есім сөздің сөз соңы, «и»,
«й» дыбыстарымен аяқталса, ұлы, баласы, ұрпағы деген мағына беріп тұр. Осы жерде сәл де болса өткен
тарихтан хабары бар адамдардың есіне сала кетейін ежелгі, әсіресе бізге көбірек белгілісі орта ғасырлық
ұлы ғұламалардың барлығының дерлік ата тегі осылай жазылған. Бұл қағида қазақта күні бүгінде
қолданыста бар. Мысалы, Мұстафа Шоқай, Әнес Сарай, Халипа Алтай, Ислам Жеменей, Сабыр Адай, Ордалы
Қосай, Ақылбек Жеменей, Тұңғышбай Ал Тарази, Қайрат Мами… Демек адам есімдерінің қай-
қайсысына да «и, й» әрібін жалғасақ ұрпағы деген мағына беріп тұр.
«Физули, Шәмси, Сәйхали
Науаи, Сағди, Фердауси,
Қожа Хафиз – бу һәммасы
Медет бер шағири фердияд,» деген Абай атамыздың сөзінде, өздеріңіз көріп отырғандай аттары
аталған алты ақынның есімдерінің соңы «и» дыбысымен аяқталады да, соңғы Қожа Хафизде атасының
(руының) есімі бірінші, екінші болып өз аты айтылады, Алшын Жалаңтөс, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Кете Жүсіп, Жаныс Төле би, Ескелді Сүгір т.т. деген сияқты.
Екіншісі, 16-шы орында тұрған «Н» дыбыс-таңбасының мынадай мағынасы бар:
Н – На, Нә, Не, Но, Нө, Ну, Нұ, Нү, Ны, Ні. Он түбір (буын) сөз. Нан, Нар, Най, Науа, Нәл, Нәр, Нән, Не зат?,
Немере, Немелтай, Ной, Ноғай, Ноқат, Ноян, Нулы жер, Нұқ, Нұра, Нүкте, Нысан, Ніл т.т. Ман ата есімінің
соңғы «Н» дыбысы баласы, ұрпағы деген мағына береді. Мысалы, Сарин (Сарының баласы), Майлин
(Майлының баласы), Мұстафин, Сералин, Сәйфуллин, Мағауин, Мамин, Карин, Нығматуллин т.т. болып кете
береді. Өздеріңіз көріп отырғандай Алып бидің екінші жартысы жер бетін түгел басқан топан судан аман
қалған Нұқ пайғамбардың (көшімен) басталып отыр.
Ман (15-1- 16). Демек, Адам ата есімінің соңғы «М» дыбысынан басталып, Ман есімінің қақ ортасына
«А» дыбысын қойып, Адам атаның ізін жалғастырып тұр. Бұл Нұқ пайғамбар қауымы топан судан аман
қалған Адам ата қауымын толық қамтиды деген сөз.
Үшіншісі, (29.Ы, 30.І) Нұқ пайғамбардан кейінгі Алаштың (Алты Алаштың) ұрпағы. Бұл бүгінгі ұрпақ.
Қазақтардың Алаш, Алты Алаш, Алшын, деп ауыздарынан тастамайтындарының сыры осы.
Мысалы, Дәулеталы Жары, Тоқтамыс Жары, Әкім Таразы, қажы Құсайын Шеразы (Жасауи кесенесін
салушы шебер), Бөрте Бөрі (әйгілі Шыңғыс қағанның арғы атасы), Әбубәкір Кердері, Қадыр Мырза Әлі т.т.
Соңғы екі «Ы» мен «І» дыбыстары олардың жалғасы бар дегенді білдіреді. Бұл екі таңбаның бізге айтып
тұрғаны «бір рулы ел» толып, толысып ұлтқа айналып Ата жұрттан (Қазақтан) енші алып «Ы» мен сыртқа
шыға алады, бірақ адасып, адасып «І» мен Ішке қайта кіретінін айтып тұр.
Жаңа нұсқадағы оныншы болып тұрған «И мен Й» таңбалары мынадай себептермен бөлек тұруға тиіс:
«И» – Адам Атаның қарашаңырағы деген сөз.
Мына дыбыстың кереметі «И»-ден басталып, оған «А» дыбысы жалғанып бірде-бір сөз жасалмайды.
Себебі, оныншы буындағы баласы Атасының алдына шыға алмайды.
Тіршілік иелерінің ішінде И-дің алдына А-ны салып, «Иа, Иа, Иа-а- а-а- а» деп ақыратын жалғыз ғана есек
деген жануар бар. Ұлы Аталарымыздың есектен мисыз мақұлық жоқ дейтіндері осыдан. Есектің күші адал
болса да, етінің арамға шығарылғанының негізгі сыры да осы.
1.Иә (Азиә, Қиян, Қазақия), 2.Иб (Иба сақтау), 3.Иг (Игі істер жасау), 4.Ид (Иді, басын иді, мойындады),
5.Ие (Әулетке иелік етті), 6.Из (басын изеді, мақұлдады), 7. Ик (Икемне келді), 8.Ил (Илеу, құмырсқаның
илеуі), 9.Им (Иман, Иманды адам, имену), 10. Ин (Инабатты адам, ине), 11.Ир (Ирек, иретілу), 12.Ит (Ит елі
(ит баққан ел), Ителгі), 13.Иш (Ишара білдіру), 14.Иы (Иық тіресу), 15. Иі (Иін, Иілу).
Біз «И» таңбасының тарихтағы орнын Адамзаттың алтын бесігі Азия атауынан айқын көреміз. Ел атымыз
Қазия мен Қазақияның түбірінде Азия тұрғанын бағамдауға тиіспіз.
Иә (алдындағы 10 буын Аталарды растайды, мақұлдайды), Иба (олардың алдында иба сақтайды (ізет
білдіреді), атадан қалған дүниеге ие болуды игереді, игілік істерді жасайды, ұрпақтарын иманды болуға
тәрбиелейді т.т.
«И» таңбасы атына сай жасалған, екі бағана, яғни ұл мен қыз, Ата мен Ана сияқты басы мен белінен
емес, ұлдың аяқ жағы мен қыздың бас жағын жалғап тұр. Және қыз бала екінші болса да, оның дәрежесі
ұлдан биік екенін және қазақ қыздарының орны төрде болатынын айқын көрсетіп тұр.
«Й» – ұрпағы, баласы (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы. Таңба да өте сәтті жасалған. «Й» таңбасының үстінде
бесік тұр.
Он мен он бірдің дыбыстық таңбасы «И мен Й» айырмасы – біріншісі қарашаңырақ дегенді білдірсе,
екіншісі ұрпағы, баласы, (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы.
Латын әліпбиінде «И мен Й» дыбыс-таңбаларының болмайтын себебі, олар өз тектерін Атадан
(патриархаттан) емес, матриархаттан таратады. Ал, матриархат қоғамында Ата мен Әкенің кім екені белгісіз
болады. Қазіргі жүргізіліп жатқан «гендерлік саясаттың» жемісі «азаматтық неке» келешекте бәрімізді сол
жерге қайта апарады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде төмендегідей нұсқаны зерттеп, зерделеуді ұсынамын:
реті Қазақ-кирилл Қазақ-латын Қазақша айтылуы
1 А Аа A
2 Ә Әә Ә
3 Б Вb БЫ/БІ
4 Г Gg ГІ
5 Ғ Ғ ҒЫ
6 Д Dd ДЫ/ДІ
7 Е Еe Е
8 Ж Jj ЖЫ/ЖІ
9 З Zz ЗЫ/ЗІ
10 И Ии И
11 Й Йй ЫЙ/ІЙ
12 К Kk КІ
13 Қ Q ҚЫ
14 Л L ЛЫ/ЛІ
15 М M МЫ/МІ (Адам 1-6- 1-15).
16 Н N НЫ/НІ (Ман 15-1- 16).
17 Ң Ң ЫҢ/ІҢ
18 О O О
19 Ө Ө Ө
20 П P ПЫ/ПІ
21 Р Rr РЫ/РІ
22 С Ss СЫ/СІ
23 Т Tt ТЫ/ТІ
24 У Ww ҰУ/ҮУ
25 Ұ Uu Ұ
26 Ү Yy Ү
27 Һ Һ Һ
28 Ш Cc ШЫ/ШІ (Алаш 1-14- 1-28).
29 Ы Ы Ы
30 І i i
31 Х Х Х
АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАН ТАҢБАЛАР: в, ё, ф, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я барлығы 11 әріп.
Бұл таңбалар бүкіл әлем елдерінің қазақтың Ана тіліне тәуелді екенін және Адам баласының тілі шығып
сөйлеген кезінен бастап толық мәлімет береді. Егер Біз Ұлы Қазақ халқының Адам Ата мен Ауа Ананың
қарашаңырағының иесі деген статусін сақтап қалғымыз келсе, бұл таңбалардың ешқайсысын алып тастауға
және орындарын ауыстыруға болмайды.
Кейбір ұсыныс жасаушылар "Түркітектес халық ретінде, дамыған ел ретінде болсын латынға көшуіміз
орынды деп есептеймін. Әрі тиімді, артық әуре жоқ, клавиш дайын" дейді. Бұған айтарымыз: Бүкіл әлем
елдерінің қарашаңырағы Қазақтың Ана тілін "Клавишаға" тәуелді ету дұрыс болмайды. Қазақтың Ана тілі
"клавишаға" емес, клавиша қазаққа қызмет етуге тиіс.
«А» ны айтқасын «Б»-да айтуымыз керек. Билік иелері Латынды тек қана қазақ тілділер үшін жасап
жатырмыз, орыс тілділер сол кирилде қала береді дегенді айтып жатыр. Бұл дұрыс болмайды. Қазақстан
ұлттық мемлекет. Мемлекеттің бірден-бір иесі Адам-Адам болғалы, өз Атамекен туған жерінде отырған
ҚАЗАҚ халқы. Ұлттық мемлекетте үш тіл, екі дыбыстық таңба болуы еш мүмкін емес. Латын әліппесіне
өтпестен бұрын "Мемлекеттік тіл" туралы арнайы заң қабылданып, орыс тілді билік түгелдей мемлекеттік
тілге көшулері керек. Әйтпесе, бәрі бос сөз.
Егер біз жасаған осы нұсқа үкімет тарапынан қабылданып жатса:
Біріншіден, қазақ тілінің дыбыстық таңбалары өз шыққан тегіне сай болады. Қазақтың Ана тілі бүкіл
әлем елдері тілдерінің Анасы деген өз статусін толықтай сақтап қалады.
Екіншіден, қазіргі 42 әріптің 31 әріпке дейін, яғни 26 пайызға қысқаруы Ана тіліміздің дыбыстары мен
әріптерін жас буынға да, шетел азаматтарына да үйренуге жеңіл болады.
Үшіншіден, латын әріптеріне ешқандай қосымша таңбалар: диграфтар мен апострофтар
қосақталмайды.
Төртіншіден, жаңадан жасалған осы әліпби арқылы қазақ қауымы дүниежүзілік интернет жүйесіне
еркін қосыла алады.
Бесіншіден, Атамыз қазақтың бағзыдан келе жатқан «Бір дыбыс, бір таңба» қағидасы толықтай
сақталады.
Алтыншыдан, А. Байтұрсынов атамыздың «Әріп пен таңба үшін тілді бұзуға болмайды, керісінше тіл
үшін әріп пен таңбаны бұзуға болады» деген қағидасын басшылыққа алғанымыз жөн болады.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
kerey.kz
Пікір қалдыру