|  | 

Көз қарас

Қытайдағы ЖАҢА БУЫН- Қытайтілді Қазақтар туралы

55901749_1331152267048357_7019620743864385536_n

Қытайдағы ЖАҢА БУЫН- Қытайтілді Қазақтар туралы

Қытайдағы кландар ара қақтығыс алдағы уақытта қытайдың ішкі және сыртқы саясатына ықпал етуі сөзсіз дүние. Қытайдағы әрбір саяси оқиғалар мен күрделі шиленістер кландар арасындағы күреспен тікелей қатысты-дұр. Зәудеғалам, кландар арасындағы қақтығыс тым терең сипат алып кетсе, орталық азия елдері үшін анша түсініксіз жәйіттер ақпарат әлеміне жарқ ете қалуы ғажап емес. Бір заттың басын ашып алайық, қытай ұлттық капитализмі өркендей берген сайын және белгілі ұлттық дағдарысқа да дөп келе берген сайын қытай режиміндегі компартияға деген сенім де соншалық солғындай береді, бұның соңы қытайға өте ауыр тиеді. Бұл- қытайдың ішкі саясатын ғана емес сыртқы саясатына да ықпал ететін көп фактордың бірі. Бұны тілге тиек етудегі себебім- қытай қазақтарының жаңа буыны дәл осы саяси, әлеуметтік һам экономикалық құблыстарға мүлде басқа форматта дөп келуі мүмкін.

Қытайдағы қазақтардың қытайтілді жаңа қауымы деп 2000- жылдан кейінгі яғни 21-ғасырда туған саяси, әлеуметтік һам экономикалық таным, көзқарасы мүлде бөлек ЖАҢА БУЫНДЫ айтамыз. Қытайдағы қытайтілді Жаңа Буын Қазақтарды мынадай категорияға бөлеміз:

Формасы жағынан:
Қалада қалыптасқан қытайтілді қазақтар;
Ауылды елді-мекенде қалыптасқан қытайтілді қазақтар;
*** *** ***

Тілдік факторы жағынан:
Қазақша білетін қытайтілді қазақтар;
Қазақша және шет тілін білетін қытайтілді қазақтар;
Қазақша білмейтін қытайтілді қазақтар;
*** *** ***

Әлеуметтік орны жағынан:
Қалталы, бизнесмен қытайтілді қазақтар;
Қытайша шығармалар жазатын қытайтілді қазақтар:
Шенеунік қытайтілді қазақтар;
*** *** ***

55680201_1331152257048358_8201041065877176320_nҚытайтілді қазақтар 21-ғасырда туғандар, олар алда қытайдың барлық саласына ендеп кіреді, кіріп те жатыр. Біз (Қазақстандықтар), қытайда қазақтілді орта, мектеп, ұлттық дәстүр және руxаният жоғалып бітуде деп налумен боламыз, ал, жауа буын қытайтілді қазақтар туралы әлеуметтік анализ жасауға мүлде назар салмаймыз. Негізінде, қытай қазақтарының тағдыры- қытайтілді қазақтардың қолында. Олардың тілі мен тәрбиесі қытайша болғанымен келешекте ҰЛТТЫҢ НЕБІР САЯСИ ТҰЛҒАЛАРЫ солардың арасынан шығады. Бұл заңдылық!

Қытайтілді қазақтың жаңа буыны үшін алдағы болуы тиіс мүмкіндіктер:

Еуропалық демократия мен буржуазияға қытай тілінің мүмкіндігі арқылы танысу. Ол үшін олар демократшы қытай зиялы қауымымен, элитасымен етене араласуы керек;
*** *** ***

Қытайдың саяси һам экономикадағы ірі кландық жүйесіне біте қайнасу тиіс. Яғни қытай кландарының буржуазиясымен осы бастан араласа беруі, олардың форум, симпозиумдарына, қозғалыстарына белсенді позицсия танытып қатыса беруі керек;
*** *** ***

Қытайтілді және қазақтілді қазақтар арасында белгілі ортақ мүдде және диалог болуы керек;
*** *** ***

Қытайтілді Тибет, Ұйғыр және Манжур, Моңғолдармен де тығыз байланыс жасап, қытайтілді қытай еместер арасындағы саяси, мәдени һам әлеуметтік түсіністікті арттыра беруі керек. Бұл кейбір ұлттық және руxаният мәселелерін көтеруде өте керекті фактор;
*** *** ***

Қаласақ та қаламасақ та қытайтілді қазақтар қытайдағы қазақтың алдағы ТАҒДЫРЫ. Қытай қазақтарының әлеуметтік, саяси және әкімшілік саладағы барлық орнын келешекте ҚЫТАЙТІЛДІ қазақтар басатын болады. Яғни дәлірек айтсақ қытайша ойлап, жазатын жаңа нәсіл басатын болады. Олардан бізге ҚАУІП те, ҮМІТ те бар. Тілі қытайша болғанмен небір ұлтшылдар, демократтар, ақын, жазушы, философтар тіпті елдің алқауына бөленген әкімқара елбасылары да шығуы мүмкін. Бұл ШЫНДЫҚ!

Қытайдағы қазақтілді ескі буын негізгі тізгінді ұстап отырса да жыл аунап заман өзгерген сайын олардың байырғы қатары азая береді. Олардың орнын мүлде басқа форматтағы ұрпақтар басып озады. Қаласақ да қаламасақ та шындығы осы! Біз Қазақтандықтар, қытайтілді ұйғыр мен қазаққа басқаша форматта мәдени, саяси һам экономикалық байланыс құруды жоспарлай бергеніміз дұрыс. Яғни үрейленіп, үміт үзіп, құр қарап отыра бермеуіміз керек!

Қазақтілді қазақтар:

Олар, жалаң қазақ ортада қалыптасты, саяси һам әлеуметтік санасы қазақы ортамен шектелді. Қытайдың ірі саяси қазанында, экономикалық базарында аз қайнады;
*** *** ***
Олар, қазақы рулық һам аймақтық ортадан аспай тар әлеуметтік қарым-қатынасты кеңге өркендете алмады. Қытайдың ең жаңа олигарxы мен кландық топтарына ҚАЗАҚ ДЕЛЕГАЦСИЯсы ретінде көрініс таба алмады;
*** *** ***

Олар, 80- жылдан кейін қалыптаса бастаған қазақтілді буын күрделі таңдаудан өтті. Мысалы: Қазақстанға көшу; Саяси белсенділіктен көрі сауда, бизнес, тб.
*** *** ***

Қытайтілді қазақтарға ҚАЗАҚСТАН факторы:

Қазақтілі бренд және заманауи модыға айналуы керек;
*** *** ***

Саяси азаттығымен, демократиялық еркіндігімен ҮЛГІ болабілуі керек.
*** *** ***

Әлемдік деңгейде ойлана білетін еркін шығарма, туынды, кино-фильмдер болуы керек. Тіпті, ондай дүниелер қытай тілі арқылы қытайға танымал болса тіптен керемет;
*** *** ***

Алаш Орда, Зұлмат, Ұлт өркениеті туралы сауатты шығармалар қытай тіліне аударылуы керек;
*** *** ***

Қазақстандық өнім, модель, рекордтық көрсеткіш көп болуы керек. Бұл қытайтілді қазақтарды өзіне байланыстырудың ең тиімді меxанизмі. Ұлт мүддесі тіл мен әдебиеттен бөлек теxнология арқылы сана жадысында қалудың келешектегі көрінісі;
*** *** ***

Қазақстанның орталық азиядағы ықпалы барынша артуы тиіс. Тіпті орталық азия елдерінің одағын құрып барлық орталық азияның саяси, экономикалық әлеуетін қытайға қарсы шоғырландыру. Бұл 60 миллионнан асатын жаңа демографиялық ішкі энергияның реакцсиясы қытайдағы қазақ пен ұйғырға жаңа серпін береді;
*** *** ***

Қытайдың кландар ара қақтығыс жүйесі қытайтілді қазақтар үшін үлкен мүмкіндік. Қытайтілді қазақтар жалаң қытай режимі- компартияға ғана иек сүйеп қалмайды, жаңа саяси таңдаулар мен платформаларға ұмтыла бастайды. Қытайдың жаңа буын саяси қозғалысына қатыса бастайды. Былайша айтқанда қытайдағы алда болатын өзгерістерге қара танытып жүретін жаңа буын пайда болады. Қытайдың демократиялық қозғалыстарында, дискусында қытайтілді қазақ ұрпақтары пайда болады. Үміт пен Үрей соларда!

Eldes Orda

Kerey.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: