|  |  | 

Көз қарас Шоу-бизнис

Халықтан салығын жасырған Мәдениет министрі отставка кетсін…

Unknown-1

        Мәдениет пен руханият, спорт салалары – елімізді әлем алдында танытатын бірден бір алтын көпір саналады. Төрткүл дүниені дүр сілкіндірер өнер, спорт  додаларында аталған қос саланың асығы алшысынан түссе еліміздің байрағын желбіретіп, намысын асқақтататыны сөзсіз. Өкінішке орай, соңғы уақытта  мәдениет пен спорт салаларының салы суға кете бастады. Мәдениетті дамытудың  бағыты мардымсыз, ісі қарқынсыз, ал өнер мен өнерпаздар қорғаусыз күйге түсті.

           Қазақ өнері мен мәдениетінің соғыстан қалған жапан даладай хәлге енуі Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жанын ауыртпайтын секілді. Саусақпен санарлықтай аз ғана уақыттың ішінде қалың елдің көз алдында өтіп жатқан қаншама оқиғалар халық пен мәдениет саласы арасын жақындатудың орнына алыстата түскенін мойындамасқа амал жоқ. Театрды тәрбие көзі, мәдениет майталмандарын тәлім алатын тұлға ретінде бағамдайтын халық театрға күліп, өнер адамдарын қағытып отыратын жағдайға түсе бастады. Бұл олқылықтарға кінәлі кім? Мәдениет және спорт министрінің тәжірибесіздігі ме, әлде командасының ниетінің бұрыстығы ма? Жуырда ғана теледидар мен түрлі ақпарат көздерінде Әкемтеатр жайлы жайсыз хабар тарады. Қызметкерлердің жанайқайы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына дейін жетті. Президентке Үндеу жолдап, араша күту қандай жағдай болса да ең соңғы шарасыз хәлде ғана жасалатын әрекет. Демек, министрлік тарапынан бұл іске тосқауыл қойып, қызметкерлердің ашуына қозғау болған өз әрекеттерінің мақсатын түсіндіруге ешқандай қадам жасалмағаны аңғарылады. Халық екіге бөлінген әртістерді көріп, жаны жабырқады. Оған дейін кино, театр арқылы сүйсіне қарап, үлгі еткен әртістерінен теріс айналды. Бұл көрініс айрандай ұйыған қазақ өнерінде алауыздық тудырушы індет таралғанын байқатты. Қоғамның індеті – кадр саясаты, команда жасақтау, қудалау мен түрлі амал-әрекеттер. Театрдың тыныштығына қол сұғып, өз мақсатын ғана көздеген министрліктің іс-әрекеті салдарынан әртістер зардап шегіп, абыройына үлкен нұқсандар келді. Қорғап, қолдап, бағыт берудің орнына айғай-шуды еселей түсуге әрекет еткен басшылықтың  ішкі ойы театр ұжымымен кездесуде түрлі сауалдардан қашқан  министрдің әрекетінен анық аңғарылады. Бір қызығы, әділдік күтіп министрге телмірген театр қызметкерлеріне мекеме директорының отбасылық мәселесін қозғап, кекесінді кейіппен ұжымға құтты болсын айтуы Үкімет мүшесінің қызметтік этикасына лайық па? Театр қызметкерлерін өнердің абыройын асқақтатып, ынтымақ пен бірліктің үлгісі болуға шақырудың орнына алауыздық уын өз қолымен шашып кетуі мәдениетті дамытуға бас ауыртып жүрген министрді байқатпады?  
            Театр ғана емес кино саласында да шым-шытырық дау-дамай күн санап өршіп барады.  Осы күнге дейін 30-ға жуық кино түсірген танымал режиссер Ақан Сатаев пен «Қазақфильм» киностудиясы сотта жүздесіп жүр. Тізе қосып еңбек етіп, білек біріктіріп ұлттық киноның деңгейін көтерер шақта қазақтың қос режиссері заң алдында түйісуі де дер кезінде күрмеуі шешілмеген істің әсері екені даусыз. Жер әлемге «Томирис» фильмімен жар салған Мәдениет және спорт министрі  киностудиялардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танымал болып жатқан дауларына нүкте қоюға әрекет етуді қаперіне алар емес.

            “Ер тұғырыл” киносының режиссері Метин Гюнай Елбасының шақыруымен Қазақстанға келіп үлкен жобаны қолға алғаны белгілі. «Қазақ хандығы» фильмінің жалғасы іспетті  көп сериялы «Қасым хан» фильмі 2019 жылдың күзінде басталуы тиіс болатын. Режиссер көктем айында Түркістан облысындағы тарихи орындарды аралап, түсірілім алаңдарымен танысқаны жайлы ақпарат көздері хабарлады. Алайда министрлік қолдау көрсетуі тиіс тарихи фильм  сөз күйінде аяқсыз қалды. Фильмнің түсіріліміне қарсылық білдіріп, хат жазған жазушы Смағұл Елубаевтың айтқан уәжі мен министрлік қолдаған сценарийге қатысты пікір білдіре алмаған Ақтоты Рахметоллақызы тарихи  тұлғаны жаңғыртып, ұрпақ баласына насихаттауға құлық танытқысы келмеді. Екі сөзінің бірінде жазушының қызымын деп көзіне жас алудан әрі аса алмайтын министрдің бұл әрекеті адамдар мен камера алдындағы шарасыз рөлі секілді. Себебі,  руханият патшалығынан нәр алған қыздан қазақ руханияты мен мәдениетіне жаңаша леп, ерекше қарқын алып келер деген үмітіміз ақталатын түрі жоқ.

МӘДЕНИЕТ ТАБЫС КӨЗІ МЕ?

Олай дейтініміз, мәдениет министріөз лауазымын пайдаланып заңсыз былыққа қорықпай кіріскен сыңайлы. Адам Капанов либреттосының «Аспан көші» желісі бойынша қойылған Ксения Звереваның «Заман тынысы» бір бөлімді балетінің музыкасын жазған Ақтоты Райымқұлова  3 миллион 430 мың теңге гонарар алған. Алайда аталған қаржы салық комитетінен жасырылып Ермек Шынарбаев басқаратын “Төлтума” компаниясының шотына аударылған. Мемлекет қазынасынан бөлінген қаржыға осындай амал-айламен қол жеткізген лауазым иесінің басқа салалар бойынша да тағы қандай айла-шарғыларға барып жатқаны белгісіз.

Жуырда ғана Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде Алматы қаласынан арнайы келген ата-ана өз шағымдарын жеткізбек болған. Өкінішке орай министр сауалды жүре тыңдап, министрлік өкілдері анаға бөгет жасап, үнтаяқтың дауысын өшіріп сарсаңға түсті. Министр бала тағдырына немқұрайлы қарағанына қарамай оқуынан қол үзген жас сппортшы халықаралық байқауда топ жарып, алтын жүлдені еншілеп қайтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай халық пен билік арасындағы ашық диалогты орната алмаған Ақтоты Райымқұлова мен оның командасы әлі де  біз білмейтін қандай былықтарға батып жатқаны белгісіз.

Жүсіпбек Қорланбек;

 

Мәдениет қайраткері, 

 

Нұрғали Тұрлыбек 

 

Мәдениет саласының үздігі“, 

Халықаралық конкурстардың лауреаты .

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: