|  | 

Шоу-бизнис

«Жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер»: Алматыда 300-ге жуық кәсіпкер қарсылық акциясын өткізді

WhatsApp Image 2021-03-03 at 9.00.03 PM

Алматыда 300-ге жуық кәсіпкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Олар отыз жылдай тұрған базар жабылуы мүмкін деп қауіптенеді. Алматы қаласы әкімдігі саудагерлердің орнын жиһаз фабрикасын салу үшін басқа компанияға бере салған. Шешім осыдан екі жыл бұрын шығып қойған. Кәсіпкерлер барахолканың ортасынан зауыт салуға рұқсат берген әкімдіктің әрекетіне наразы. Олар ұзақ жыл кәсіппен айналысқан адамдардың мүддесі қорғалды деп санайды. Кәсіпкерлердің айтуынша, базардағы 1 гектар жерді “ТКМ” ЖШС ұзақ жылдар бойы жалға алып, жүздген адам сауда жасап келген. Кезекті жалға алу мерзімін жауапты мекемелер ұзартпай, «зираттың санитарлық қорғау аймағында орналасқанын” алға тартып, жұмыс істетуден бас тартқан. Жалға беру мерзімін ұзартпай тастаған. Есесіне әкімдік осы аумақтағы 1 гектар жерді Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген “Алматы CPS” компаниясына жиһаз фабрикасын салу үшін 5 жылға жалға бере салған.
«Базардың ортасына зауыт, фабрика салу туралы идеяны кім ұсынды? Бұл кімге тиімді? Миға қонымсыз іс. Сонда мына базардағы халық қайда баруы тиіс? Біздің бәріміз отбасымыздың асыраушыларымыз. Несиелеріміз, бала-шағамыз бар. Сонда бізді бұл жерден қуып жібергенде әлі несиелерімізді кім төлейді? Біз тасымалдаушыларды, сатушыларды жалдадық, яғни қосымша жұмыс орындарын құрдық. Мемлекетке тұрақты салық төлеп келдік. Неге қарапайым халық, саудагерлер азап шегуі тиіс? Біз мемлекеттен ештеңе талап етпейміз. Жәрдемақы, ақша сұрамаймыз. Бізге тек бір нәрсе ғана керек, Кәсіпкерлерге тыныш жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік берілсін, тыныштық беріңдер халыққа» – деп ашуланды жеке кәсіпкердің бірі Ләззат Көпербаева.
Наразылық білдірушілер өздерінің сауда орындарын тастап, құқықтарын қорғау үшін қолдарына жаппай плакаттар алған. Олардың айтуынша, мұндағы саудагерлердің алды 27 жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде көпшілік табыс әкелетін және тұрақты клиенттерді тартатын бизнестерін құрып алған. Осының арқасында олар жеке кәсіпкерлер ретінде бюджетке үнемі салық төлеп келеді. Алайда олардың тыныш өмірін Алматы әкімдігі мен оған қарасты басқармалардың шешімі бұзып отыр. Кәсіпкерлерге аты аңызға айналған «Рахат» базарының жақын арада жабылатындығы туралы хабарланған. Демек, 300-ден астам адам табыссыз қалады.WhatsApp Image 2021-03-03 at 9.00.02 PM
«Неге осыншама ашуланып, амалсыз жиналып тұрмыз? Себебі, көпшілігі 25 жыл бойы осында жұмыс істеді, өмірлерін бинес ашуға арнады. Бәрін қолымызбен жасадық. Ал ең соңында біз бұл жерде ешкімге керек болмай қалдық. Тиісті органдар бұл мәселеге көңіл бөліп, халықтың пікірін тыңдау керек. Бәрімізде несие бар, көптеген жалғызбасты аналар жұмыс істейді және олар басқа базарлардағы сауда орындарын жалдау төлемдерін көтермейді. Жалға алу ақысы Барахолка базары бойынша осында ең төмен, сондықтанда осында саудагерлер көп. Контейнерді жалға алу үшін айына 21 мың теңге төлейміз, басқа жерлерде оның бағасы 65 мың теңгеден жоғарлап кете береді», – деді кәсіпкер Александра Баранова.

Барахолканың көп жерінде жаңа сауда ғимараттары тұрғызылған, кебірінің құрылысы әліде жүріп жатыр. Ал жерден айырылған кәсіпкерлер заманауи сауда орталығын салуға дайын болғанмен, оны да билік бекітпеген.

«Біз мұнда заманауи сауда орталығын салу үшін қаржы шығаруға дайынбыз. Бірақ ғимаратты сылтау тауып, бұзып тастай ма деп қорқамыз! Біз тек бір нәрсені ғана сұраймыз – халыққа жұмыс орындарын қалдырсын. Елмен санасу керек. Президентіміз көңіл аударады, халықтың зарын тыңдайды деп сенеміз. Жекелеген судьяларға, жекелеген тұлғалардың әрекетіне сенуден қалдық», – деді тағы бір кәсіпкер Айбар Әлбіков.

Халықтың пікірінше, бұл жер фабрика, өзгеде өндірістік орындарын салуға келмейді. Оның үстіне Алматының өндіріс салуға арналған арнайы индустриялық аймағы бар. Заңгердің сөзінше, халықтың арыз-талабын бірнеше жылдан бері бір ғана судья қарап, үнемі бір шешім шығарып келеді. Бұлда көңілге күмән ұялатады.

«Санитарлық аумақты сылтауратып бізге бұрынан ашық тұрған базарды бермегенде, қалайша басқа біреуге оп-оңай бере салады? Әкімдік «Алматы CPS” ЖШС өтінішін 3 күннің ішінде қарап, 20 минутта шешім шығара салған. Әдетте, жерді жалға алу үшін заңда бекітілген 2 айда шаруасы бітпей, адамдардың айлап-жылдап жүретіні белгілі. Екіншіден, Жер инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында берілген. Инвестициялық жобаның базарға қандай қатысы бар және заманауи сауда орталығын бұл жерді бұрынан басқарып келе жатқан компанияда іске асыра алады. Ең қызығы, бұл мәселе Жер комиссиясында мүлдем қаралмаған. Үшіншіден, мемлекеттік меншіктегі жерді инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында беру мәселесі Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуы тиіс. «Алматы СРS»-тің жобасы кеңесте қаралмаған.Төртіншіден, Барахолкідегі 25-тен астам базар, сауда орталықтары орналасқан аймақта фабрика салудың қажеттілігі бар ма? Әлде, бұл бизнесті рейдерлік жолмен тартып алудың қитұрқы тәсілі ме? Алматы қаласы мамандандырылған экономикалық сотының әрекеті күмәнді, «ТКМ» ЖШС-нің талаптары бойынша барлық істер бір ғана судья Қазымбетованың қарауына түсіп отырған. Істерді автоматты бөлу жүйесі саналы түрде бір ғана судьяға бөлуі күмән келтіреді», – деді “ТКМ” компаниясының заңгері Жамила Төленова.

Сәрсенбі күні саудада үзіліс жасап, наразылыққа жиналғандардың бұл әрекетін заңсыз деп тапқан қала әкімдігі, кәсіпкерлерге дереу тарауды ескертті. Жетісу аудандық әкімдігінің хабарлауынша, базар басшылары өтінішті өздері кеш берген.

«ТКМ» ЖШС жерді жалға алу мерзімі 2018 жылдың наруыз айында аяқталған. Жерді ұзартуға уақытылы өтініш бермегендіктен «Рахат» базарының жері инвестициялық жоба аясында басқа компанияға берілген. Қазір екі заңды компанияның арасында сот процесі өтіп жатыр. Мәселенің шешімін сот шығарады. Мына жердегі саудагерлерді әзірге ешкім ешқайда қуып жатқан жоқ. Өзге базарлада сауда жасайтын бос орындар бар. Жеңілдікпен орындарды беру туралы ұсыныста болған. Барахолкадағы барлық жерлерде бос орындар бар. Жерді басқа компанияға беру туралы әудан әкімдігі емес, шешім қабылдап беретін комиссия бар», -деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дамир Акежанов.

Related Articles

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: