|  | 

Жаһан жаңалықтары

Кулеба: Еуроатлантика қауіпсіздігінің болашағы Қазақстанда емес, Украинада шешілмек


Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Азаттықтың Украин қызметіне (Радiо Свобода) берген сұхбатында Еуроатлантика қауіпсіздігінің болашағы жайлы пікірін айтты.

“Еуроатлантика қауіпсіздігінің болашағы Украинада шешіліп жатыр. Және дәл қазір мұны негізгі астаналар түсінді. Әлемнің өзге бөлігінде болып жатқанның барлығы – периферия. Бұл маңызды, мұны түсіну, есепке алу қажет, бірақ қазір біз орталықпыз” деді миинистр.

Оның сөзінше, Киев әлемдік дипломатия орталығына айналған, ал әлем Украинада болып жатқан жағдайды жіті бақылап отыр.

Бұған қоса министр, Ресей мен Қазақстан өздерінің “тез әрі қатаң” әрекет ете алатынын көрсетті дейді. Сондықтан сол аймақтағы позицияларын күшейткенін атап өтті.

“Әскери тілмен айтқанда, бұл Ресейдің ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында жылдам әрекет ете алатынын көрсеткен жергілікті операция болды. Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін ҰҚШҰ күштерінің қажеті болды ма дегенге тоқталмай-ақ қояйын, бірақ Ресей тез әрі қатаң әрекет ете алатынын сездірді. Оны тек Вашингтон емес, Пекин де көріп, естіді. Мұндай шарадан кейін бұл аймақта Ресей позициясы күшейе түсері анық” деді Кулеба.

2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары екі есе қымбаттаған сұйылтылған газ бағасын төмендетуді талап етіп митингіге шықты. Кейін Жаңаөзенді қолдаған бейбіт митинг легі бүкіл Қазақстанды қамтыды. Экономикалық мәселелермен бірге саяси талаптар көтерген жұрт бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатқа мүлде жоламауын, оның өз орнына президент етіп қалдырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметтен кетуін, елде саяси реформалар жүргізілуін талап етті.

5 қаңтардан бастап билік “деструктивтік күштерді” желеу етіп, халыққа қарсы қару қолдана бастады. Үкімет Алматыға шетелде дайындықтан өткен-мыс “20 мың террорист” шабуылдағанын мәлімдеген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады.

Билік орындары аймақтарда “террорға қарсы операциялар” басталғанын хабарлап, президент күш құрылымдарына “ескертпестен оқ атып, жоюды” тапсырды.

Қазақстанға ҰҚШҰ әскерін кіргізу елдің ішінде де, сыртында да қатты сынға қалды. Әскери кіргізуді айыптаған акциялар осы ұйымға мүше елдердің кейбірінің астанасында өтті.

7 қаңтарда Ресей қорғаныс министрілігі негізінен ресейлік әскерилерден тұратын ҰҚШҰ бөлімшелері Қазақстанда “алға қойған міндетті атқаруға кіріскенін” хабарлады. 11 қаңтарда президент Тоқаев Ресей бастаған әскери альянс күштерінің елдегі миссияся аяқталғанын, олардың 13 қаңтардан Қазақстаннан кете бастайтыны, он күнде толық шығып кететінін мәлімдеді. Қазақстан билігі мен Ресей қорғаныс министрлігі 19 қаңтарда ҰҚШҰ күштері Қазақстаннан түгел шығып кетті деп жариялады.

Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде кемі 227 адам, соның ішінде күш құрылымдарынан 19 адам мерт болған. Билік өлгендердің кейбірін “қарулы бандиттер” мен “террористер” деп атап, тәртіпсіздіктерге солар кінәлі деп мәлімдеді. Бірақ оған дәлел көрсетпеген. Билік қаңтар қырғыны кезінде мерт болғандар арасында бейбіт тұрғын саны қанша екенін әлі күнге айтпай отыр.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: