|  | 

Жаһан жаңалықтары

Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?


Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта "армениялық әскерилердің позициясын жойдық" деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл. 

19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады.

“Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян.

Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды.

Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл.

Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл.

Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені Гегам Степанян шабуылдан бір ересек адам, бір бала қаза тапқанын; сегіз бала, үш ересек адам жараланғанын айтады.

ЖАҒДАЙДЫҢ УШЫҒУЫНА НЕ СЕБЕП БОЛДЫ?

Әзербайжан ұлттық қауіпсіздік қызметі “Қарабақтағы армян әскерилері Ахмедбейли-Физули-Шуша автожолына диверсиялық жолмен кіріп, танкіге қарсы мина қойып кеткен. 19 қыркүйекте сол миналар жарылып екі бейбіт тұрғын қаза тапты” деп мәлімдеді.

Бұған қоса Баку Ходжавенд ауданындағы жолда да мина жарылып, төрт полицей қаза тапты деп отыр. Әзербайжанның айтуынша, бұл полицейлер “терроризм әрекеті болған жерге бара жатқан” дейді. Бұл екі жол да Ресейдің бітімгер әскерінің бақылауында еді.

Таулы Қарабақтың әскері Бакудың бұл мәлімдемелерін жоққа шығарып, “Әзербайжан жалған ақпарат таратып, әскери шабуылға сылтау іздеп тапты” деді.

БАКУДЫҢ ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ?

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Қарабақтағы әскери операцияны “арандату әрекеттерін тыю үшін”, “Армения қарулы күштерін Әзербайжанға тиесілі жерлерден шығару үшін”, “Әзербайжанның бейбіт тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін” бастағанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ресми Баку операцияның мақсаты “конституциялық құрылымды қалыпқа келтіру” деп отыр.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтан армян әскери күштерінің толық шығуын, Степанакерттегі “режимнің” тарауын талап етті. Ведомство “аймақта бейбітке келісімге келудің жалғыз жолы – осы” дейді.

Әзербайжан әскерилері Қарабақта “дәлдігі жоғары қару қолданып”, Армения қарулы күштерінің қаруларын жойып жатырмыз дейді. Елдің қорғаныс министрлігі бейбіт тұрғындарды Қарабақтағы қауіпті аймақтан эвакуациялау үшін гуманитарлық коридор мен қабылдау орталықтары ашылды дейді. Бірақ бұл ақпарат тәуелсіз дереккөздер арқылы расталған жоқ.

АРМЕНИЯ ТАРАБЫ НЕ ДЕЙДІ? 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты елдің қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізіп, “Бірінші кезекте ресейлік бітімгерлер шара қабылдауы тиіс. Екіншіден, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шара күтеміз” деді.

Қарабақтағы армян үкіметінің бұрынғы басшысы Рубен Варданян интернетте “аймаққа артиллериядан шабуыл жасалып жатқанын” жазды. Ол Арменияны тез арада “Таулы Қарабақты мойындап, Әзербайжаннан қорғауға шақырды”.

Ал Армения қорғаныс министрлігі Қарабақта “армениялық әскерилер жоқ және болмаған” деп мәлімдеді.

“Әзербайжан тарабы Таулы Қарабақта Арменияның қарулы күштері, әскери техникалары бар деп тағы да жалған ақпарат таратып отыр” дейді ведомство.

Еуропа одағы Әзербайжанды Қарабаққа шабуылды тоқтатуға шақырды.

Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Әзербайжан қорғаныс министрлігінің “ресейлік бітімгерлерге “антитеррорлық шара” туралы алдын ала ескерттік” деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Ол “ресейлік әскерилер жағдай жайлы антитеррорлық шара басталардан бірер минут бұрын білді” дейді.

ТАУЛЫ ҚАРАБАҚҚА ТАЛАС

Таулы Қарабақ ресми түрде Әзербайжан аумағы саналады, бірақ бұл аймақта этникалық армяндар басым. Таулы Қарабақтағы армяндарды Ереван қолдап отыр. Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ аймағы үшін 1988 жылдан бері қақтығысып келеді. 1988-94 жылдары арасындағы соғыста 30 мыңдай адам қаза болды. 1994 жылы екі ел қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Кейін Таулы Қарабақ этникалық армяндардың бақылауында болды. Таулы Қарабақ аймағы 1991 жылы тәуелсіздік жариялап алған. Бірақ бұл тәуелсіздік халықаралық деңгейде мойындалмады.

2020 жылы қыркүйекте Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақта қайта қақтығысты. Бұл қақтығыстан соң Әзербайжан Таулы Қарабақтағы Степанакерттен басқа барлық аймақты, сонымен қатар Мардакерт және Мартуни қалаларын өзіне қайтарып алған. Ал Таулы Қарабаққа Мәскеу бітімгер әскерін кіргізген.

Биыл Таулы Қарабақта жағдай қайта ушығып, тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптай бастады.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: