|  | 

Жаһан жаңалықтары

Украинадағы соғыс: Майданда не болып жатыр?


АҚШ пен Ресей арасындағы бәсі жоғары келіссөздерден оқ атуды тоқтату жайлы ықтимал келісімге дейін Украинадағы соғысты тоқтату төңірегіндегі әңгіме қызу жүріп жатыр. Өйткені АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау алдында Ресей мен Украина арасында жедел келісім орнатып, соғысты тоқтатуға уәде берген. 

Алайда жуырдағы дипломатиялық талпыныстарға қарамастан, 28 ақпанда Вашингтонда Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің соғысты аяқтау мәселесі бойынша сөз таластыруы бұл мәселеде терең қайшылықтар барын аңғартты. Сарапшылар бейбіт келісім былай тұрсын, оқ атуды тоқтату жайлы келісімнің өзінің ауылы алыс дейді. Соған қарағанда, үш жылға созылған соғыс тағы жалғасатын сияқты.

«Жергілікті жерлердегі жағдай мен оқ атуды тоқтату, бітімгерлер, жағдайды реттеу жайлы саяси дискурс арасында үлкен алшақтық бар. Оның ауылы ұзақ», — дейді Берлиндегі неміс халықаралық және саяси зерттеулер институтында Ресей бойынша сарапшы болып істейтін Янис Кульге.

АҚШ және Украина басшылары Дональд Трамп (оң жақта) және Владимир Зеленский. Вашингтон, 28 ақпан 2025 жыл.

Ресей мен Украин күштері әлі де қиян-кескі соғысып жатыр. Тараптардың адам шығыны жоғары, жаулап алған территориясы да аз. Кейінгі кездері қақаған қыс әскери қимылдарды баяулатқан. Ресей де бірнеше айға созылып, ақырын болса да, тұрақты нәтижеге әкелген ауыр шайқастардан кейін әскер қатары мен қару-жарақ қорын толықтыруға көшті. Украин күштері шетте қалып, әскер тапшылығынан зардап шегіп жатыр. Бірақ Ресей шабуылын бәсеңдету үшін жаңа тактика мен технологиялар қолданып, соғысқа бейімделіп үлгерді.

Вашингтондағы соғысты зерттеу институты (ISW) талдау орталығының дерегінше, кейінгі күндері Ресей әскері Курскідегі украин позицияларын әлсіретуде кішкене жетістікке жеткен. 2024 жылы тамызда Киев Ресейдің Курск облысындағы шағын аумақты басып алған еді. Украин әскері Ресейге майдан шебінің барлық бөлігінен шабуыл жасап жатқанын хабарлады. Мәселен, Покровск қаласы мен Донецк облысының батысындағы Надиевка ауылы маңында шабуылдар болған. Сол маңда украин әскері ақпанның соңында қарымта шабуыл бастап, Котлыне ауылын қайтарған.

«Майдандағы негізгі жағдай өзгерген жоқ. Мәскеу бұрынғыдай мықты позицияға ие», — дейді Кульге. «Ресей баяу әрі жоғары құн төлеп болса да, алға жылжып жатыр».

МАЙДАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Соғыстың алғашқы күндері Украина мен Ресей әскерінің үлкен территорияларды жаулап алуы кейін адам шығыны көп, ауыр артиллерия мен ұшқышсыз басқарылатын аппараттар араласқан шабуылдарға ұласты. Қазір Украина территориясының 20 пайызы — Ресейдің бақылауында. Мәскеу Украинаның төрт облысын — Луганск, Донецк, Запорожье мен Херсонды аннексиялап алғанын мәлімдеді. Аталған облыстардың кей бөлігі әлі де Киевке тиесілі.

Украин күштері 1500 километрге созылған қорғаныс шебін ұстап тұр. Курск облысындағы 400 шаршы километр жер де — Киевтің қолында.

Былтыр Украинадағы майданда Ресей әскері басым түсіп, әскери қимылдар қарқынын бақылауда ұстап отырды. Мәскеу оптоталшықты кабельдер көмегімен ұшатын бомбалар мен жарылғыш дрондар арқылы жаңа жетістіктерге жетуге тырысты.

Бірақ шектеулі территориялық жетістіктер Ресейге қымбатқа түсті.

ISW ұйымында майдандағы жағдайды бақылау тобын басқаратын Джордж Баррос Ресейдің жергілікті жерлердегі әскери операциялары баяулағанын айтады. Бұл әсіресе, Мәскеу 2024 жылы ақпанда Украинаның шығысындағы Авдеевка қаласын жаулап алғаннан кейін байқалған. Украина бұл қаланы соғыс басталғаннан бері қорғап, соңында үдеген шабуылдан қажыған украин жауынгерлері қоршауда қалған еді.

«Былтыр Авдеевка қолға өткеннен бері Ресей өз майдан шебін едәуір кеңейте алмады», — дейді ол. “Бұған қоса, адам мен техника шығыны артты”.

ISW дерегінше, 2024 жылы Ресей әскері 4168 шаршы километр территорияны жаулап алған. Бұл қос тарапты да көп жауынгерінен айырды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубио (оң жақта), Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) және Ресей президентінің сыртқы істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков 18 ақпан күні Эр-Риядтағы кездесуде.

АҚШ-Ресей сыртқы істер министрлерінің Сауд Арабиясындағы кездесуі қалай өтті?

Майдандағы адам шығынын дәл есептеу қиын, бірақ 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі соғыс алаңында 46 мың украин жауынгері қаза тауып, 380 мыңы жараланған. Бұл туралы жақында Украина президенті Владимир Зеленский айтты. Сарапшылардың көбі шын мәніндегі адам шығыны бұдан да жоғары дейді.

Соғыс басталғалы Ресей әскерінен 600 000-750 000 адам қаза тауып немесе жараланған. ISW есебінше, Мәскеу күніне 1000 немесе айына 25 000–30 000 жауынгерінен айырылуы мүмкін.

Ресейдің әскер саны көп болғандықтан, осындай адам шығынына төтеп беріп, Курск облысынан Солтүстік Кореядан мыңдаған жауынгер алдырды.

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының (IISS) бағалауынша, 2024 жылы Украина шабуылы салдарынан Ресейдің 1400 танкісі жойылған. Мәскеу ішкі өндірісті арттырып, Совет Одағынан қалған қорын пайдаланып, әскери қимылдарын уақытылы қолдап отырды.

Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының ресейлік әскерилер бойынша сарапшысы Майкл Кофман Мәскеу майданда басым болып шыққанымен, жедел түрде маңызды жетістіктерге жете алмағанына қынжылып отыр дейді.

«Олар әскер саны мен материалдық тұрғыдан басымдыққа ие болғанымен, бұл басымдықтарды майдан алаңындағы үлкен жетістіктерге айналдыра алмады», — деді ол соғыстың үшінші жылдығына орай өткен онлайн-конференцияда.

2025 ЖЫЛЫ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Соғысты тоқтату жайлы әңгімелерге қарамастан, әскери қимылдар жалғасып жатыр. DeepState мониторинг тобының есебі Ресей әскерінің 2025 жылғы шабуылдарының жартысына жуығы Украинаның шығысындағы Покровскіге бағытталғанын көрсетті.

«Тараптардың бірде-бірі ірі оперативті қимылдар жүргізе алмайды, бірақ орыстар украиндерге қарағанда көбірек ресурс жұмсап жатыр», — дейді Баррос.

Сарапшылар соғыс үлкен территорияларды жаулау емес, қарсы тарапты техника, оқ-дәрі, құрбандар саны бойынша үлкен шығынға ұшыратуға мәжбүрлеуге айналды дейді.

Украинаның басты әлсіз тұсы — адам шығынының орнын жабатын жауынгер тапшылығы, Батыс көмегіне қатысты белгісіздік, Трамп әкімшілігінің Киевті бұрынғыдай қолдағысы келмеуі.

Соғыс жалғасып, АҚШ-тың әскери көмегі тоқтаса, Украина үшін маңызды сұрақтар туындайды.

Әлемдік экономика бойынша Кильский институты ұсынған деректерге сәйкес, Еуроодаққа кірмейтін Ұлыбритания мен Норвегияны қосқанда, Еуропа елдері Украинаға 2024 жылдың соңына дейін – 64 млрд доллар, ал АҚШ 66 млрд доллар әскери көмек берген.

Берлиндегі ғаламдық мемлекеттік саясат институтының ғылыми қызметкері Джулия Фридрих Украинаға жеткілікті әскери көмек беру үшін еуропалық әскерилерге өндірісті арттыруға біраз уақыт немесе жылдар керек дейді.

«Украиндарға керегі мен еуропалықтар бере алатын дүние арасында үлкен алшақтық көріп отырмыз», — дейді ол. «Украинаның өндірісіне инвестиция құюдан пайда болуы мүмкін, бірақ ол үшін ақша жинауға көп уақыт керек».

Еуропа үкіметтеріне бұл алшақтықты жоюға қанша уақыт кетері белгісіз. Бұл соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің жылдам әрі сәтті жүруіне байланысты. Ал соғыс жалғасатын сияқты.

«Ресейлік келіссөз жүргізушілер тәжірибелі, олар қолынан келгеннің бәрін алуға тырысады. Мәскеу соғысқа барын салды, сондықтан оған Ресейді тоқтату үшін достық телефон қоңырауы мен кездесуден де көбірек нәрсе керек», — дейді Фридрих.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін бас тарта ма?

    АҚШ НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін бас тарта ма?

    Қай заманда да әскери доктринаның жүрегінде сенім тұрады. Сенімсіз одақ – қабырғасы қаланбаған қамал. Соңғы кездері АҚШ-тың НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін өзге елге беруі мүмкін деген сыбыс Вашингтон мен Брюссельдің арасындағы сенімге сызат түсіргендей… Дәл осы мәселеге қатысты генерал Кристофер Каволидің Сенаттағы сөзін Америкадағы стратегиялық ойынның беташары деуге болады. Каволи – жай ғана генерал емес, қазір НАТО-ның Жоғарғы одақтық қолбасшысы (SACEUR). Бұл титул 1950 жылдан бері тек америкалық генералдарға ғана тиесілі болып келеді. Әуелі Дуайт Эйзенхауэрдің қолына тиген бұл тізгін, АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасындағы үстем ролін білдіретін символ ғана емес, ядролық тежеу мен стратегиялық үйлестірудің кілті болғанын білеміз. Каволи СACEUR лауазымының басқа елге берілуі – ядролық командалық жүйенің бүтіндігін

  • Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Стив ГУТТЕРМАН АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің суреттерінен коллаж Бұдан нашар болуы мүмкін емес… Владимир Зеленскийдің Ақ үйге сапары біраз мүмкіндікке жол ашатындай көрінген. Кездесу нәтижелі болған жағдайда, шартты түрде Украина мен АҚШ-ты байланыстыратын сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қойылуы мүмкін еді. Сонымен бірге Дональд Трамп үшін Киевті Ресейдің шабуылынан қорғауға қосымша ынталандыру болар еді. Бұған қоса, ел басшыларының кездесуі Ресеймен бітімге келу немесе бейбіт келісімге қол қою жағдайында Вашингтон Киевке қандай қауіпсіздікке кепіл бола алатынын көрсетіп, жалпы кепіл бола ала ма, жоқ па, соны анықтап берер еді. Тіпті мұның ешбіріне қол жетпеген күннің өзінде, таяуда ғана бір-біріне сын айтқан Зеленский мен Трамп кемінде достық

  • Киевтегі саммитте Еуроодақ лидерлері Украинаға қолдау білдірді

    Киевтегі саммитте Еуроодақ лидерлері Украинаға қолдау білдірді

    Киев, Украина. 24 ақпан, 2025 жыл. Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда Киевте өткен “Украинаны қолдаймыз” деп аталған саммитте ондаған мемлекеттің басшысын қарсы алды. “Лидерлер, онлайн да, оффлайн да біздің егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды қолдап жатыр. Бұл Ресейдің Украинаға қарсы негізсіз, қылмыстық соғысы екенін бәріміз түсіндік” деді Зеленский. Ол Киевте 13 мемлекеттің лидерімен кездесті. 20-дан астам ел басшысы жиынға онлайн қатысты. Бұл саммит АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігінің соғысты тоқтату бойынша жаңа дипломатиялық бастамаларынан кейін өтіп жатыр. Вашингтон мен Мәскеудің Сауд Арабиясында өткен келіссөздерінен кейін Украина мен Еуроодақ өзіне тиімсіз келісім қабылданады деп қауіп еткен. “Соғысты бастаған – Ресей” деді саммитке онлайн қатысқан Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер. Ал Еурокомиссия төрағасы Урсула фон

  • Шольц Трамптың Зеленский туралы пікірлері «қате және қауіпті» екенін айтады

    Шольц Трамптың Зеленский туралы пікірлері «қате және қауіпті» екенін айтады

    Олаф Шольц Der Spiegel апталығына берген сұхбатында: «Шындық сол, Владимир Зеленский Украина мемлекетінің заңды түрде сайланған басшысы», – деді. Германия канцлері Олаф Шольц АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина лидері Владимир Зеленскийді диктатор деген мәлімдемесін үзілді-кесілді жоққа шығарды. «Президент Зеленскийдің демократиялық заңдылығы жоқ деп айту дұрыс емес және қауіпті», – деді Шольц Der Spiegel апталығына. “Шынында, Владимир Зеленский Украина мемлекетінің заңды түрде сайланған басшысы болып табылады. Соғыс жағдайында дұрыс сайлау өткізу мүмкін еместігі Украина конституциясы мен сайлау заңдарының ережелеріне сәйкес келеді. Және ешкімнің мұның керісінше талап етуге құқығы жоқ”, – деді Германия үкіметінің басшысы. Ол Украинаға қарсы соғысты Владимир Путин бастаған Ресей бастағанын еске салды. “Украина Ресейдің аяусыз агрессиясынан үш жылға

  • Джо Байден Ақ үйден кетер алдындағы сөзінде сыртқы саясат жайлы айтты

    Джо Байден Ақ үйден кетер алдындағы сөзінде сыртқы саясат жайлы айтты

    АҚШ президенті Джо Байден Мемлекеттік департаментте сөйлеп тұр. Вашингтон, 13 қаңтар, 2025 жыл. АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйдегі қызмет мерзімі аяқталар алдындағы соңғы сөзінде сыртқы саясат жайына тоқталып, Ресей президенті Владимир Путинді мысқылдады. “Путин Украинаға басып кіргенде Киевті бірнеше күнде аламын деп ойлады. Ал іс жүзінде соғыс басталғаннан кейін Киевтің орталығында ол емес, мен тұрдым. Ол жерде Путин болған жоқ”, – деді АҚШ мемлекеттік департаментінде сөйлеген Джо Байден. Мен америкалық әскердің бақылауынан тыс жердегі соғыс аймағына сапармен барған жалғыз Жоғарғы бас қолбасшымын”, – деп сөзіне қосты АҚШ президенті. Байден сөзінде Украинаға көбірек назар бұрды. Айтуынша, ол ресейлік басқыншылықтан қорғанған Украинаға халықаралық қолдау ұйымдастыруды және ядролық жанжалға жол бермеуді өзіне

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: