|  |  |  |  | 

Көз қарас Саясат Шоу-бизнис Әлеумет

Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

488760975_9785449218178750_7957175374969037707_n
Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті.
Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған қиянат – ұлттың жүйкесіне түскен сызат екенін халық жақсы түсінеді.
Егер біз расымен демократиялы, әділетті қоғам құрамыз десек, ол бірінші кезекте тілдік әділеттіліктен басталуы керек. Екі тілді саясат қаланың кеңсесінде немесе «құжат тілі» аясында қалуы мүмкін. Ал Қазақстанның шынайы бет-бейнесі – ауыл. Ол ауылда бүгінгі таңда жұрт тек қазақша сөйлейді. Орысша біліу деген ұғым онда баяғыда-ақ маңызын жоғалтқан. Қазақ мектептері мен балабақшалары күн санап артып, орыс тілінен сабақ беретін мұғалімнің өзі орысшаны шала білетін күйге түскені жасырын емес.
Демек, мемлекеттік және қоғамдық қызмет көрсету орындарында қазақ тіліне басымдық беретін кезең әлдеқашан келді. Бұл талап ешқандай шеттетуді, өшпенділікті туғызатын талап емес. Әділетті талап. Ал Magnum сияқты ірі сауда желісінің мұндай жалтақтық танытуы – үлкен қателік болды.
Осы тұста дүниежүзіндегі кейбір елдердің тәжірибесін еске түсірелік. Мәселен, Канадада француз тілі Квебек провинциясында басты тіл саналады. Ол аймақтағы кез келген қызмет түрі французша көрсетілуі тиіс. Егер бір мекеме ағылшын тілінде ғана қызмет көрсетіп, француз тілін елемесе, сол мекемеге айыппұл салынып, лицензиясынан айыруға дейін барады. Бұл – тілге деген құрметті заңмен қорғаудың бір үлгісі. Ал Швейцарияда төрт мемлекеттік тіл бар. Бірақ қай аймақта қай тіл басым болса, сол тілде қызмет көрсетілуі міндетті.
Ал бізде ше? Қазақ тілін білмегені үшін емес, білетін адамның сөзін тыңдамағаны үшін жұмыстан шығу керек. Оқиғаға мән берсек, курьер ауылдан келген қазақ баласы. Өзінің ұлты мен тілі үшін ешкімге жалтақтамай, жұмысына адал еңбек етіп жүрген азамат. Ал оған қарсы тұрған – өз ұлтының өкілі болғанымен, өз тілінен безген, өзге тілде үстемдік құрғысы келетін сана. Magnum басшылығы осы тартыста қай тараптың сөзін сөйлеп тұрғанын түсінбей қалды.
Қазір заман басқаша. Жаңа ұрпақ – тілді ту ететін ұрпақ. Олар орысша сөйлемейді, сөйлеуді де қаламайды. Себебі, бұл ұрпақ үшін қазақ тіл – тұлғалық ерекшелік, ұлттық бедел, болмыстың басты белгісі. Егер бүгін біз оларды «орысша сөйлемейсің» деп жұмыстан қусақ, ертең олар бұл елден әділеттік таппай, радикалдық жолға түседі. Міне, қауіп осы жерден басталады. Ендігі жерде қазақ тілін кемсіту – ұлттың ашу-ызасын ояту деп қабылдануы керек.
Magnum кеше тек бір курьерді емес, бір ұлттың жүрегін жаралады. Бірақ бұл – соңғы нүкте емес. Бұл – бастау. Қоғам енді үнсіз қалмайды. Бұдан кейін әрбір жарнамада, әрбір кассада, әрбір сөреде қазақ тілінің үні анық естілуі керек. Бұл – әділет үшін, теңдік үшін, елдік үшін қажет.
Енді мемлекет те үнсіз қалмауы керек. Қазақ тілі – мемлекеттің тірегі. Бұл тірек шайқалса, елдің іргесі сөгілмек. Қазақ тіліне қарсы жасалған әрбір әрекет – ұлттық қауіпсіздікке қарсы жасалған әрекетпен теңестірілуі тиіс. Сонда ғана біз тілге деген шынайы құрметті орнықтырамыз.
Бұл оқиға – ескерту және қоғамның оянуы. Бұдан кейін қазақ тілін елемейтін әр мекеме – байкоттың нысанасына ілігетінін көрсетіп берді. Бұл заң емес, бұл халықтың ішкі тыйым салуы – нағыз қоғамдық имунитеттің көрінісі. Осы ретте көзі ашық, қоғамдағы оқиғаны дәл басатын Шыңғыс Мұқан, Диана Елгезек сынды азаматтардың байкотқа үн қосуынан тіл үшін күрес өмір үшін күрес екенін байқауға болады. Бұл күресте енді ешкім тоқтата алмайды.

Related Articles

  • Қақпаннан босаған Көк бөрі.

    Қақпаннан босаған Көк бөрі.

     Олжас Бектенов үкіметі «экономикалық ғажайыпқа» бір табан жақындай түсті Биылдың төрт айы бойынша Қазақстан «орта табыс тұзағынан» құтылып отыр. Егер осы көрсеткішті жыл аяғына дейін ұстай алсақ, онда мұнай бағасы құлаған уақытта ішкі жалпы өнімді 6 пайызға өсіре алған «феноменалды экономика» иесі атанамыз. Бізге мұнай көмектеспесе, өсім ненің есебінен келді? 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан экономикасының өсуі 6% болды. Ең мықты импульсті көлік және тасымал саласы беріп отыр. Осы сала 22,4 пайызға өскен. Біз жаңа темір жолдарын пайдалануға беру арқылы теміржолдағы жүк тасымалын жақсы арттырғанбыз. Яғни көбірек жүк таси бастадық. Бұл еліміздің транзиттік логистикалық бизнесті жақсы жолға қойғанын байқатады. Онымен қатар, транзиттік құбыр арқылы шикізат тасуды да жақсы дамыттық. Тасымалдан

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны Ресеймен 15 мамыр күні Стамбұлда келіссөз өткізуге”дереу” келісуге шақырды. “Ресей президенті Владимир Путин Украинамен атысты доғару туралы келісімге қол қоюға ұмтылып отырған жоқ – оның орнына бейсенбі күні Түркияда осы қанды қасапты тоқтатуға қатысты келіссөз өткізуді ұсынды. Украина ол кездесуге дереу келіскені жөн”, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Трамптың жазбасынан Украина ұсынған және Еуропа одағының жетекші елдері қолдаған басты шарт – әуелі майдан шебінде 30 күнге атысты тоқтатуды талап етіп отырмағаны аңғарылады. “Кем дегенде, қандай да бір мәмілеге келу мүмкін бе, соны айқындауға болады. Ал егер мүмкін болмаса – Еуропа елдерінің басшылары мен АҚШ жағдайды толық түсініп, тиісті әрекет жасай

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: