|  | 

Тарих

Қалқа- тұңғыс-манчжур текті халық.

Oraliqtar1

Нұрболат Пірімбет

Қалқа- тұңғыс-манчжур текті халық. Ғалымдар олардың жұрнағын Амур өзені жағалауы мен Сунгари өзенінің батыс бөлігінен тапқан ( Таң династиясы, 618 -908 жылдар аралығында). Біз шивей халықтары туралы Қытайдың Таң династиясы жылнамасынан жазылған үзінді келтіреміз;

«… соғыс қаруы ретінде олар сүйекті садақ пен «ху» ағашынан жасалынған жебелерді пайдаланған, өздері кереметтей мерген садақшылар болған. Мезгіл – мезгіл лақтыруға арналған шағын найзаларымен аңға шығып тұрған. Олар жер өңдеп, шағын үйлер тұрғызды. Үйдің төбесін терілермен жапқан. Үй жануарлары ретінде ит пен шашқа ұстады…
Бұл кісілер жер өңдегенде ағаштың басын сүйірлеп одан соқа жасайды. Оны бір адам тартып жүреді, сол арқылы егіс егеді. Бірақ, одан алатын өнімдері шамалы… Әдетте өзен бойлап қоныстанады. Он немесе тіпті жүздеген отбасылар бірігіп, шағын қауым құрып өмір сүрді . Шаштары сабалақ, киімдері сол жағына қарай түймеленген. Неке құру тәртібін реттейтін заңдары: күйеу жігіт алдымен қыз үйіне барып 3 жыл жұмыс істеуі қажет. Сол себептенде ол болашақ жарымен тығыз қарым-қатынас жасай алады. Үш жыл жұмысқа жалданып келген соң, кұйеуі әйелін ертіп, бір арбаға отырады да, оны қызға берген жасау – жабдықпен толтырады. Сөйтіп, барабандатып, сайрандатып, жігіттің еліне қайтады. Жерлеу рәсімдері: әр шивейлердің отбасылары шағын қалқа тұрғызып, оның үстіне өлгендердің мүрдесін тастайды. Өлген адамның соңынан үш жыл аза тұтып жүреді… Шивейлер бұқа жеккен арбаға мініп жүрген. Үйлерін терімен немесе жас талдарды қиып жапқан. Өзеннен өту үшін тал мен теріден қайық, сал жасаға. Аттарын жайылымға емін-еркін жібереді. Олар қой ұстамайды және жылқы малдары да аз. Олар үстеріне теріден немесе былғарыдан тігілген мохе киді…»
Жоғарғыдағы айтылған суреттеме қазіргі моңғолдарға келеді. Мәселен, моңғолдардың жерлеу рәсімі (адам денесін жер қойнына бермей сақтау) әлі күнге дейін сақталған. Тіпті, коммунистер заманында да олар мүрдені үйінен қырық-елу шақырым қашықтыққа дала немесе орман ішіне апарып, бос тастап кетеді. Әдетте жерлеу рәсіміне қатысушылар одан кейін үйіне басқа жолмен қайтып келеді. Себебі, моңғолдар өлген адамның елесі өздерімен бірге еріп келуінен қауіптенген.
Біз қалқалар мұндай дәстүрді өздері бұған дейін көп жылдар бойы мекен еткен солтүстік мәңгі мұзды аумақтардан өздерімен бірге алып келген болуы керек деп болжаймыз. Ал, мұндай жерлеу рәсімі түрік халықтарына мүлдем жат. Моңғолдар бүгін де осыдан 9 ғасыр бұрынғы шивейлер сияқты қалыңдығының үйіне барып тұра береді. Ал, түріктер де мұндай ғұрып жоқ. Осыған қарағанда шивейлер Шыңғыс хан заманында түріктердің ісіне мүлдем араласпай, Амур бойы мен оның салаларында тып-тыныш өмір сүріп жатқан болды. Тек, тиыш жатқан халықты бір уақыттарда түрік дәстүрін ұстанған ел екендігін дәлелдеп есіміз шығып жүрген біздің өзіміз.

facebook әлеметтк желден алынды

 

Related Articles

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    Шағын сараптама (Жанабіл Смағұлұлының қазасына арнаймын) Бірінші, ХХ ғғ.-дағы Қытай қазақтарының интеллигенциясын үлкен масштабта үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1911-12 жылдардағы саяси төңкерістен кейін қалыптасқан қазақ интеллигенция. Бұл кезеңдегі интеллигенцияны екі санатқа бөліп қарастыруға болады. 1) Рухани ағартушы интеллигенция; 2) Саяси интеллигенция. Рухани ағартушы интеллигенцияның өзін екі топқа бөлуге болады: бірінші топ, жәдиттік мектептің ағартушылары; екінші топ, қазақы дүниетанымның ағартушылары. Ал, бұл кезеңдегі саяси интеллигенцияны да екі топқа бөліп қарастыра аламыз. Бірінші топ, қазақтың дәстүрлі саяси билік жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенциясы; екінші топ, 1914-1922 жж. шығыстық білім беру жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенция. Екінші, шығыстық білім беру жүйесінің интеллигенциясы 1912 жылғы Пекинде өткен президент сайлауынан соң қалыптаса

  • Шоқай Торғайұғлы

    Шоқай Торғайұғлы

    “Ақмешіт уезінде белгілі қазақ ақсақалдарынан Шоқай Торғайұғлы 23-нші декабрде опат болды. Қазақша атқа мінген жұрт кісісі болғанның үстіне өнер, білімнің керектілігін ерте сезіп, заманға лайық істерге кіріскен адам еді. Мұстафа деген баласы осы күні Петербор университетінде оқып жүр” “Қазақ” газеті, №46, 1914 жыл Суретте: Шоқай Торғайұлы. Сурет Н.Гродековтың кітабынан алынды. Серікбол Хасан

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: