|  | 

Жаһан жаңалықтары

Украина Курск облысында қайта шабуылға шықты. Не болып жатыр?


Курск облысында "кетіп бара жатқан" Украина колоннасы. 5 қаңтар 2025 жыл.

Курск облысында “кетіп бара жатқан” Украина колоннасы. 5 қаңтар 2025 жыл. 

Украина әскері 5 қаңтарда Ресейдің Курск облысында жаңа шабуылға шықты. Бұл туралы Украина шенеуніктері мен Ресейдің z-блогерлері жазып жатыр. Қазір Курск облысындағы ахуал қандай? Украина неге Курск облысында қайта шабуылға шықты? 

КУРСК ОБЛЫСЫНДА ҚАЗІРГІ АХУАЛ

Украина кеңсесінің басшысы Андрей Ермак 6 қаңтарда “Курск облысынан жақсы жаңалық, Ресей сазайын тартып жатыр” деп жазды. Ал Украина ұлттық қауіпсіздік қызметінің жалған ақпаратпен күрес орталығының жетекшісі Андрей Коваленко Курск облысында бірнеше бағытта шабуыл жүріп жатқанын айтты.

Z-каналдардың жазуынша, қазір шайқас Пушкарное, Леонидово және Тёткино ауылында жүріп жатыр. Бұл ауылдар Украинаның бақылауындағы Суджа қаласына жақын орналасқан. Кремльшіл блогерлер Курск облысында кетіп бара жатқан украиналық колонна деген видеолар мен фотолар да жариялады.

Курск облысында кетіп жатқан Украина колоннасы. 5 қаңтар 2025 жыл.

Курск облысында кетіп жатқан Украина колоннасы. 5 қаңтар 2025 жыл.

Ал Курск облыс басшысының міндетін атқарушы Александр Хинштейн шабуыл жайлы ештеңе жазбауды, тек қорғаныс министрлігінің ақпаратына сенуге шақырды. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі Курск облысындағы жаңа шабуыл жайлы 7 қаңтарға дейін ешқандай мәлімдеме жасамады. Хинштейн Украинаның шабуылдаушы тобының бетін қайтардық дейді. Курск облысында соғысып жүрген “Ахмат” тобының командирі Апти Алаудинов та Украинаның шабуылына тойтарыс бердік деп отыр.

“Қазірге дейін Суджа бағытында үш шабуыл болды. Үш шабуылға қолданылған техникалардың 13-і бір күнде жойылды. Олардың арасында төрт танк бар, басқалары айтуға тұрмайтын техникалар” дейді Алаудинов.

Украина президенті Владимир Зеленский 6 қаңтарда Курскідегі шайқасқа бес ай толғанын айтып, бұл майдандағы “Ресейдің шығыны көп екенін” мәлімдеді.

– Курск облысындағы буфер аймақты ұстап, Ресейдің әскери потенциалын жойып жатырмыз. Курск операциясы басталғалы бұл бағытта жауымыз 38 мың солдатынан айырылды, оның ішінде 15 мың солдат өлтірілді, – деді ол.

Соғыс уақытында тараптардың мәлімдемелерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

Украинаның Курск облысында жаңа шабуыл басталған соң Ресейдің Харьков облысындағы қарқыны азайған. Бұл туралы Харьков аймағында соғысып жүрген украиналық әскерилер Reuters агенттігіне айтқан.

– Қазір жағдай өзгерді, атыс азайды. Бұған Курск операциясы себеп деп ойлаймын. Украина қарулы күштері Курск облысында шабуылға шыққан соң жаудың артиллерия және ракетамен атқылауы желтоқсанмен салыстырғанда қысқарды, – дейді “Гефест” (лақап аты) деген украиналық әскери.

“РЕСЕЙ ҮШІН КҮТПЕГЕН ШАБУЫЛ”

Украинадағы соғысты тәуелсіз бақылап отырған ресейлік әскери сарапшы Ян Матвеев “бұл Ресей үшін айтарлықтай күтпеген шабуыл болды” деп топшылайды.

– Себебі Курск облысында біраз тыныш еді, ол жақтағы майдан да үлкен емес. Бұған қоса Украина әскерінде адам мен техника тапшы болып жатты. Сондықтан Украинадан белсенді шабуылды ешкім күтпегені анық. Осы тұста біз алдын ала дайындалған, көп техникамен тұтқиылдан ірі шабуылды көріп отырмыз. Демек Украинаның мақсаты да маңызды болғаны, – дейді әскери сарапшы “Настоящее время” телеарнасына.

Ал израильдік әскери сарапшы Давид Гендельман Азаттықтың Украин қызметіне “Украинаның бұл шабуылына бірнеше себеп болуы мүмкін” дейді.

– Қазір Украинаның әскерінің алдында Курск облысындағы платцдармды ұстап тұру тапсырмасы бар. Ал басып алған жерлерді тек қорғаныспен ұстап тұру қиын. Күзде Украина әскерінің Курск облысында бақылауға алған жерлерінің біразы Ресейге қайтты. Сондықтан бұл бағытта қайта шабуылға шығуды түсінуге болады. Бұл Ресей әскерінің назарын бұру тактикасы да болуы мүмкін. Ал негізгі шабуыл басқа бағытта болып қалуы да мүмкін. Украина әскерінің бас командирі Сырский жыл соңында қарымта шабуыл болады деген. Бәлкім қазір көріп отырғанымыз сол қарымта шабуыл болуы мүмкін.

Украина Ресейдің Курск облысына 6 тамызда шабуыл бастап, қыркүйектің басына дейін шамамен мың шаршы шақырым жерді басып алған. Кейін Ресей қарымта шабуылға шығып, Украина бақылауындағы жердің жартысын қайтарған еді. Ресей негізгі әскерін Украинаның Донбасс аймағына салып, Курск облысына Солтүстік Кореядан әскерилер алып келгені айтылған.

Зеленский қаңтардың басында Курск облысында Солтүстік Кореяның 3800 солдаты жараланды я қаза тапты деген. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Сеулге келгенде Курск облысында Солтүстік Кореяның мыңнан аса әскериі қаза тапты не жараланды деп мәлімдеген.

Блинкен “Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы позициясы маңызды, себебі бұл 2025 жылы болуы мүмкін келіссөзде сөзсіз есепке алынады” дейді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: