|  |  | 

Руханият Тұлғалар

КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады…
Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт қарайтынымыз да рас” деген ой жалғыз маған ғана емес, басқа тыңдаушыларға да келді деп ойлаймын.
“Ал біз осылай болғанда мынау отырған жастар ше?” деп, әлсін- әлсін артқы қатарларда отырған жастарға қарап қоям. Іштері пысып отырғандай көрінді маған. “Қалай түсіндіруге болады бұларға? Көкбай сендерге “ескі ақынның” бірі емес, ерекше ақын екенін қай қырынан көрсетіп беруге болар еді?” деп ойлап қоям.720874039_18561141592066773_522928909170250963_n
Қазақтың ата-бабасы ұлы идеялар туғызған биік парасат иесі. Көкбай шығармаларында осыны растайтын қаншама мысал бар емес пе? Осыны жастарға көрсетіп, насихаттай алсақ, сол идеяларға қайта жан беруге болады ғой. Сол кезде тағы ұлы істерге жол ашуға болады ғой?! “Бұрын су жүгірген арықпен және аршып, қазып жіберсе және жүреді” емес пе? НЕГЕ БІЗ МҰНЫ ЖАСТАРҒА ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ЖҮРМІЗ? НЕГЕ БІЗ МАҚТАНЫШ ТУДЫРАТЫН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ КӨРСЕТЕ АЛМАЙ ЖҮРМІЗ?! Орнымнан атып тұрғым келді. Мына қалғып- шұлғып отырған жастарға арнап біраз сөз айтқым келді… Әттең, уақыт тар. Баяндамашы да асықты, жүргізуші де жиынды қорытындылай бастады… Ал менің жеткізгім келгені мынау еді.
Бірде институтқа бір белгілі саясаткер жігіт іздеп келді. “Мына балама бата берсеңіз деп келдім. Дарынды инженер-зерттеуші ретінде халықаралық деңгейде танылып жүрген бала, “стартапер”. Осы ұлыма бата сұрап келдім. Халықаралық зерттеу командасын басқарады, Ұлыбританияда аса беделді халықаралық байқау өтпек, командасы соған қатысқалы жатыр еді”- деп, ағынан жарылды.
“Бата” дегенде менің есіме Бөгембайдың жас Абылайға бата бергені есіме түсті. Сосын Арқадағы Шақшақ Жәнібекке арнайы бата сұрап барғаны… Көкбай ақынның «Сабалақ» дастанындағы. “Сабалақ”, әлі елге таныла қоймаған жас Абылай, қарт Бөгенбайға еріп, жоңғарға аттанып, мол олжамен оралғанда: «Ал, бала, тиесілі олжаңды ал, еңбек сенікі» дегенде баланың айтқан жауабы санамда қалқып шыға берді:
Бала айтты: “Бөке, мен олжа алмаймын,
Дүниеге мойын бұрып көз салмаймын.
Ықыласыңмен бір бата берер болсаң,
Құдайым қабыл қылса құр қалмаймын”.
Міне сөз! Бәлки бабаларымыздың ұлылығының кілті осы жерде! Олар үшін дүние-мүлік, олжа, жеке пайда ешқашан маңызды болған емес. Неге? Себебі олардың жүрегінде биік мұрат, игі мақсат болған! Сондықтан жастарымыздың парасаты биік, пайымы кең болуы үшін, “дүние, күнкөріс” деп ұсақталып кетпеуі үшін олардың жүрегіне ұлы мақсат, ізгі арман орналастыру керек деп тұр ғой ақын Бабам!
Ал енді Түркістанда хан тағына мінген жас Абылай Арқадағы Шақшақ Жәнібектің батасын алу қажет болып, нөкерлерімен Торғай даласына келеді.
Шақшақ Жәнібек қазақтың білімдісі,
Өзі ер, өзі тақуа, молда кісі.
Сол уақытта қазақтың бір ден қойған
Ақсақал, ел ағасы, ырымдысы.
Біз білетін Жәнібек — батыр, ел басына күн туғанда бас көтерер төреге жарымай, жерге қарап қалғанда бар жауапкершілікті өз мойнына аударып алған ел ағасы, шебер дипломат. Ал мына жерде “өзі ер, өзі тақуа, молда кісі”. “Ер” деп қазақ кімді айтады? Дүниеге мойын бұрып қарамайтын хас сопыны айтады, жүрегінде бір Аллаға деген махаббатын аялап сақтаған? Сондағы Шақшақ Жәнібектің Абылайға айтып тұрған сөзі қандай ғажап.
- Тәж-тағың құтты болсын, балам,- деді,
Дүниеге болма ешқашан алаң,- деді…
Таныдыңыз ба – тағы сол сөз емес пе? Осы екі ауыз сөзде тұтас далалық философия жатыр емес пе?! Қара бастың қамын қайғырушы қашан хан болушы еді?! Хан үшін байлық та, мансап та мұрат емес! Оның жалғыз уайымы — елдің қамы: ел жүгін қалай жеңілдетемін, әділетті қалай сақтаймын, елдің бірлігін қалай ұстаймын? Жалғыз осының қайғысындағы адам ғана хан болуға ылайық! Қазақтың түсінігі осы. Көкбай ақын ойдан шығарған емес. Керек болса, хан таққа отырғанда халық бар малын “ханталапай” ғып талап алады! “Дүние емес енді саған керегі!” дегенге ишара болар бәлкім…
Ал Абылай ханның таққа отыру сәті де қандай көркем суреттелген:
Жұрт шуылдап айтады ақсарбасын,
Хан салды мойнына ақ сәлдесін…
Ақ сәлде — “Мен әділдіктің кепілімін” деген ишарат. Жауапкершіліктің, тазалықтың ишарасы. Хан әділдіктің кепілі болуы тиіс! “Мен тақта отырғанда ешбір қазы, сот әділетсіз шешім қабылдамайды, ешбір жуан озбырлық жасамайды” деген мағына бар сәлде салмақта. Керек десеңіз, ақ сәлде өлгендегі ер кебіні, “қара бастың қамы емес менің уайымым” дегенге ишара. “Сабалақ” боп, кебенек киіп жүргені де, бәлкім, соның нышаны…
Жас бала таққа мініп, киді тәжді,
Бірдей көріп қалтқысыз көп пен азды.
Тақуа, жас күнінен сопы болып,
Ұстатты руза, намаз, зекет, хажды…
Хан мойнына ақ сәлдесін салып, таққа отырып жатқанда халық ханталапай жасап жатыр – ханның малын талап алып. Өйткені бұдан былай ханға жеке дүние тиесілі болмауы керек: “Сен енді жеке адам емессің, елдің адамысың, енді сен халыққа қалтқысыз қызмет ету керексің” деген халықтың сенімі шығар бұл. Бәлкім, “Патша- көңіл” деген сөз соған дәлел. Мал үшін, пайда үшін қам жеген адам қашан “патша- көңіл” болады?! Керісінше, патша болмаса да, көңілі патша адамдар болады. Әділдігіңе елдің көзін жеткізе алсаң, елге адалдығыңды мойындата алсаң, қара халыққа пана бола алсаң, сен ештеңеден мұқтаж болмайсың. Халықтың өзі-ақ сені ардақтап, төбесіне жыға ғып шаншып көтереді, қолына ту ғып тұтады. Билік пен халықтың жұмылған жұдырықтай бірлігі деген осы!
Міне, Көкбай ақын жазған дала демократиясының түп негізі! Нағыз демократия — ұранда емес, қағазда да емес, биік мінберден айтылатын әдемі сөздерде емес. Далалық демократия — сенімге құрылған демократия. Ел алдындағы жауапкершілікке. “Елім” деген ханына халқының сүйіспеншілігіне. Сол — қазақ ханы үшін ең биік мәртебе, құрмет, ең әділ, ең мейірбан хандар ғана бөленген ондай сыйға.
Осыларды айтып:
- Міне, көрдің бе?- дегем сонда әлгі балаға. – Ал сен Көкбай деген ақынның атын да естімегенсің, солай ма?
Бала үндемей бас изеді, әкесі шынын айтты:
- Бұл түгілі мен естімеппін”,- деді…
- Ал сен осындай биік пайым, осындай асқақ идеялар насихатталаған Еуропаның қай шығармасын айта аласың?
Біз әлі Ұлы Даланың ұлылық сырын пайымдай алмай жүрміз. Рухани қаһармандарын, идеалдарын танып білген жоқпыз. Ақындарымыз бен жырауларымыздың көкірегінде қандай ұлы мұрат тұтқанын, олардың шығармаларында қандай биік дүниетаным көрініс тапқанын әлі бағалай алмай жүрміз. Осымен қайтіп ел боламыз?!
“Өркениеттік субъектілік” деген ұғым бар ғылымда. Ол халықтың жалпы ел ту ғып ұстанарлық құндылықтар, принциптер тудыра алу қабілеті. Әр сөзден МӘН іздеп, әр істі терең МАҒЫНАҒА байлағысы келетін қабілет. Мағнауият, яки руханият деген осы. Біз қазір өзге мәдениет, өзге өркениеттің принциптерін көшіріп, калька жасамақпыз. Бар өнеріміз осы. Сосын кеп “Бізде неге креатив жоқ?” деп таңқаламыз. Егер халық үнемі өзгенің үлгісімен өмір сүріп, өзін өзгенің көзімен сынап, бойына өзгенің көйлегін өлшеп жүре берсе, өркениеттік тұрғыда ол субъект емес, объектінің статусына түседі. “Тұтынушылық психология” осыдан туады – қазақ оны “құл-құтан” дейді.
Ал қазақ мәдениеті өзге өркениеттің көшірмесі емес, өзіндік болмысымен ерекшеленетін, ерекше дүниетанымға, биік пайымға, терең рухани парасатқа негізделген. Біз 165 жылдығын тойлап отырған Көкбай ақынның шығармашылығы тағы соның айғағы. “Біз қазіргідей тарихтың бір шеткері қуысында үнсіз тұрған кездейсоқ периферия емеспіз. Біздің өз өркениеттік үніміз бар” деп айқайлап тұрған асқақ үн бар оның дастандарында. Қазақтың сана болмысына тән орасан зор өркениеттік қуат бар. Оның поэзиясында өзге жұрттың дайын үлгісімен емес, қазақтың еп-ерекше рухани өзегінен туған жасампаздық потенциал бар…
Менің кешегі кездесуде жастарға айтқым келгені осы еді…

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: