|  |  | 

Саясат Тарих

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

710556773_3706426316187595_7664598295916990522_nАрма әлеумет!
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас.
Алдымен суреттерге түсініктеме:
710746127_3706416089521951_3533070768332757012_nБірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі.
712444963_3706430652853828_6417511993594360484_nЕкінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар.
710299359_3706430752853818_3913546445676664073_nҮшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым.
710556773_3706426316187595_7664598295916990522_n-2Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала түрмесіндегі саяси тұтқындарды босатады. Өкініштісі түрмелегі саяси тұтқындардың кейбірі ату жазасына ұшырап мәйіті сол жерге тасталған еді. Суретте сол көріністің бірі көрсетілген. Көтерілісшілер түрме құрбандарының мәйітін тазалап, аурлап жерлеуде.
Бесінші сурет: арнайы көрнекілік үшін, жазба авторы.
Әлқисса
Шығыс Түркістан өңірі географиялық тарихы жағынан Жоңғария және Қашқария деп екі үлкен бөлікке бөлінеді. Қазақтар Жоңғарияның құрамындағы Іле аңғары, Еренқабырға-Боғда бөктері, Тарбағатай, Алтай таулары жүлгесінде өмір сүреді.
Шығыс Түркістан өңірі Цин империясы бақылауындағы шекаралық аймақ болғанымен 19.ғасырдың соңғы жартысында Ағылшын және Ресей империясының талас-тартыс зонасына айналды. Алпауыт елдер үшін Ауғанстан қалай буфферлік аймаққа айналса екі империя үшін Шыңжаң дәл солай саяси буфферлік зонаға айналды. Соған байланысты тұрғылықты қазақтар мен ұйғырлар ұзақ жылдар бойы империялық саяси пиғылдың үнемі құрбанына айналып отырды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары аталған аймақта Советтік саяси һәм экономикалық басымдық әлдеқайда терең сипат алды. Ағылшын империясының ықпалын әлсірету мақсатында Мәскеу нақты саяси жоспарларды кезең-кезеңі бойынша жүзеге асырды.
1934 жылы Совет Одағының әскери операциясы негізінде өңірде буфферлік үкімет құрылды. Уақытша үкімет Қытай орталық үкіметінен ат кекілін кесісті. Совет Одағының әуе күштері Құмыл қаласында әуе әскери базасын құрды, сонымен Орталық Гоминдань үкіметімен байланыс кілт үзілді.
Мәскеудің саяси мақсаты Шығыс Түркістанда буфферлік коммунистік үкімет құру арқылы социалистік база жасақтау және ішкі қытайда партизандық іс-қимылмен айналысып жүрген қытай коммунистерін Үрімжіге топтау еді. Сонымен қытайлық коммунистердің базасы Шыңжаңға жақын шекаралық аймақтарға қарай көшірілетін болды. Сол жылдары Коминтерн адамдары жүздеп, мыңдап қытайға жіберілді. Моңғолия географиялық жақтан ыңғайлы аймақ болғандықтан Өлгий өңіріне жіберілген Коминтерн адамдары Шығыс Түркістанға жіберілді.
Ресейлік империяның аймақтағы ықпалына байланысты қазақ интеллигенциясы екіге жарылды. Ш.Көгедайұлы бастаған төрелер ұрпағы Ресейлік ықпалмен санаса отырып ұлтты сақтап қалуды және Қазақ ССР-мен саяси, мәдени байланысты үзбеуді көздеді. Елісқан Әліпұлы бастаған аттөбеліндей аз ғана топ өзіне ерген 3000-ға жуық түтін көштің легімен Шыңжаңнан ішкі Қытай аумағына яғни Гансу, Цинхай өңіріне көшті. Салыстырмалы түрде бұл аймақ Ағылшын империясының қызығушылығы оянған күрделі аймақ еді. Тибет пен Гансу коридорына ғылыми экспедиция ұйымдастырып жүрген Еуропалық бақылаудың назарына енді көшпелі қазақтар іліге бастады. Елісқан Әліпұлының саяси мақсаты Гансу-Цинхай-Шыңжаң шекарасында әскери база құрып коммунистік билікпен күресу еді. Ол үшін алпауыт күш керек, мақсат- Гоминь билікпен ынтымақтасу және Гоминдань арқылы Ағылшын күштеріне жүгіну. Дегенмен ол кезде қытайдың өзінде орталықтанған саяси-әскери билік жоқ-тын. Оның орнына аймақ-аймақты жекелеген әлі жеткен әскери және қаржылық топтар билейтін. Елісқан елі көшіп барған Гансу мен Цинхайды Ма әулеті билеп төстейтін.
Қош, Советтік билікті жақтаған қазақ интеллигенциясы буфферлік үкіметтің әкімшілік, саяси және мәдени салаларына тығыз араласты. Үкімет қаржысымен мәдени-ағарту ұйымдары құрылды және жаппай мектеп ашу, театр құру, мәдени өмір мен баспасөз қызметін жақсарту науқаны басталды. 1934-39 жылдары бір ғана Алтай өңірінің өзінен 60-қа жуық қазақ мектебі бой көтерді. Ірі және шағын қалалар мен ауылды елдімекендерде педагогикалық курстар ашылды. Ол жерде жүздеген орта деңгейлі мектеп мұғалімдері білімін жетілдірді. Мәдениет пен баспасөз, рухани салаларға үкіметтік жоспар енгізіліп қаражаты бөлінді. Тұтас бір кезеңді қамтыған алтын дәуір басталды.
Дегенмен 1937 жылдан бастап барлау органдары құрылды. 1938 жылдан бастап бақылау мен барлау қызметі күшейді. 1939 жылдан бастап саяси тұтқындау басталды. Дәл осы жылы неше он мың азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Үрімжі, Шәуешек, Құлжа мен Алтай қалаларында саяси лагерлер мен түрмелер салынды. Ол жерлерде қазақ оқығандары мен атқамінерлері тергелді, ауыр азапты сұраққа тартылды. Барлау және тергеу қызметі Советтік НКВД-ның жүйесі бойынша жасалды. Тіпті кей жағдайда Советтік НКВД тергеушілері де Шыңжаңда белсенді қызмет атқарды.
Алтай, Тарбағатай, Іле және Еренқабырға мен Боғда, Баркөл өңірінен неше мыңдаған адамдар тергеуга алынып түрмеге жабылды. Түрмеден тірі шыққан адамдар қатары аз болды. Басты тағылған айып – “Жапон тыңшысы”, “Ағылшын шпионы”, тб. Нәтижесінде 1939-41 жж. аралығында қазақ оқығандарының дені саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. 1940 жылдан бастап саяси қысым мен қуғын-сүргінге байланысты ұлт-азаттық көтерілістер пайда болды. Көтеріліс негізінде 1943-44 жылы Ақүй үкіметі, кейін Құлжа қаласында Шығыс Түркістан Республикасы құрылды. Уақытша үкімет Совет Одағының буфферлік аймақтағы ықпалын сақтауға жоспарланған нысанға айналды. Нәтижесінде халықтың қаны мен жаны арқылы келген үкімет стратегиялық ойыншыққа айналды. 1946 жылы уақытша үкімет таратылып орнына келісімпаз коалициялық билік жасақталған соң қазақ интеллигенциясы тағы екіге бөлінді. Бірі Советшіл-Шығыс Түркістаншылдар; екіншісі Ағылшын әлеміне үміт артқан Гоминданьдық Чин Түркістаншылдар. Манас өзені екі саяси зонаның шекара сызығына айналды. Дарияның екі жағалауы мыңдаған әскерилердің шеп құрған аймағына айналды.
Ұлт азаттық көтеріліс алғаш рет бұрқ ете қалған тұста Советтік майлы жілікке мойынсұнбаған Елісқан елінің бағыты Гансудан өтіп Цинхай мен Тибет арқылы Ағылшын империясы бақылауындағы Пәкістанға жеткен еді. 3000-нан астам түтін үй, 18 мыңнан астам қазақтың дені Гансу мен Тибетте қалып тек үш мыңға жуығы (жолда көрмегенді көріп) Пәкістанға жетеді. Пәкістандағы Ағылшын үкіметі оларды таулы аймақта оңашалап жыл бойы карантинге ұстайды. Карантин салдарынан және ұзақ жыл 6000 метр биік Тибет жоталарында өмір сүріп бірден ылғал аймаққа келгендіктен түрлі оба тарап үш мыңның басым бөлігі тағы қырылып қалады. Көшті бастап барған Елісқан Әліпұлы да сол жерде көз жұмды. Аман қалған аз ғана қазақ он жылдан астам уақыт Пәкістанда тұрып кейін Түркияға көшеді. Көштің жұқанағы ғана Түркияға жетеді.
Чин Түркістаншыл қазақ интеллигенциясының бір бөлігі 1950 жылдан кейін Тибеттің сары жон жотасы арқылы Үндістан бақылауындағы Кашмир аймағына жетеді. Кашмирге орныққан соң олар 1930 жылдары елден көшіп кеткен Елісқан елімен байланыс жасап Пәкістанмен қарым-қатынас орнатады.
Арғы беттің тарихы қысқаша осындай, біліп жүрейік, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдерін еске алып жүрейік. Рухы шад болсын!
Елдес ОРДА
31.05.2026

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: