|  | 

Тұлғалар

Марал ишан

8450688d125e7d620c213fc65ea305e1_big

Үш жүзге пір болған Марал ишан керемет әулие болған кісі. Оның зираты Сыр өңірінде Қармақшы топырағында жатыр. Әкесі Құрман Кенжебайұлы Абылай ханның емшісі әрі батыр болған кісі. 1740 – жылдары Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен, тұтқынға түскен Абылай сұлтанмен келісім жасасып, оған екі қызын  береді. Елге келген соң Абылай кіші қызды емшісі Құрманға қосқан екен. Сол қыздан Құлжа, Арал, Марал деген үш бала туылады. Марал ишан Кенесары ханмен бөле екен.
Қызылжардың Обаған өзенінің алқабында, «Қайран көл» деген жерде Марал ишан 1780 жылы дүниеге келген. Марал әкесінен тоғыз жасында жетім қалады. Он үш жасында анасымен бірге Ақмешіт маңына келеді. Негізгі мақсаты білім іздеу болады, бірақ қаржысы жоқ, жоқшылықтың зардабын шегеді.
Сыр бойында Құланбай ишанның үйіне келіп тұрақтайды. Ишан да көзі қарақты кісі болса керек. Оның пірі Жалаңаяқ ишан екен. Өзіне жетерлік байлығы да бар адам болған. Марал сол үйдің жалшылығында болып, малын бағып жүре береді.
Бір күні Құланбай түнектегі қойды көре кетейінші деп бұрылса, қараңғы түнде қой ортасындағы алаңдағы жарықты көреді. «Бұл не қылған шам», — деп таңырқап келіп қараса: екі қолын екі жаққа жіберіп, шалқасынан түсіп, ұйықтап жатқан қойшы бала Маралды және оның үстіне аспаннан түсіп тұрған сәулені көреді. Баланың қасиетіне көзі жеткен Ишан оған өзінің қызын атастырады. Болашақ күйеу баласын Жалаңаяқ ишанның тұрған жеріне аттандырады.
Қазіргі Өзбек Республикасының Қаттақорған қаласынан батысқа қарай 70, ал Бұхара қаласының шығысында 50 шақырым жердегі, осы екі қаланың ортасындағы Жам тауының үңгіріндегі мешіт-медресенің ғұламасы, атақты әулие Жалаңаяқ ишанның қарауына Марал, көп қалпенің бірі болып қабылданады.

Маралдың адами артықшылығы мен қасиеті

Оқуға зерек әрі Алла берген жеке басының қасиеті арқасында Марал шәкірттер арасында айрықша дараланып көзге түседі. Мұны қатар балалары көре алмай, қызғаныш ете бастайды. Осыны сезген әулие, бірнеше рет шәкірттерге сынақ жүргізеді.
Бірде шәкірттерге түнгі жатар алдында «Маған таң намазына тұрарда қайсысың дәрет суымды жылытып бересің?» — дейді ұстаз. «Мен», — деп тұс-тұстан шулайды олар. «Таласпаңдар, кім бұрын жылытып берсе, сонымен дәрет аламын», — дейді әулие. Кейбіреуі ұйықтап қалады. Бірсыпырасы «ерте тұрдық-ау», — деп «енді су ысытып береміз», — деп қамданып жүргенде, Марал таңғы елең-алаңда «Мінекейіңіз», — деп ишанның қолына құманды ұстата қояды.
Балалар түнімен ұйықтамай, бекерге алаңдап жүргенде, ол су толтырылған жез құманды түнде жылы төсек астында, бауырына басып жатқан екен.
Бір күні медресенің алдына бір ақ боз атты кісі келеді. Астындағы атының алдыңғы екі аяғы аспанға көтеріліп, жер баспай тұрады.
— Менің атымды ұстап тұруға арнайы бір адам керек. Сонда ғана мен түсемін. Мұны ұстау оңай шаруа емес, — дейді әлгі кісі.
— Мен ұстап тұрамын.
— Мен ұстайын, — деп жан-жақтан шуылдасқан балалардың ешбірінің оған әлі келмейді.
— Мен ұстаймын, — депті соңында бала Марал. Оның қолы тигеннен ат тырп етпей тұра қалыпты. Әлгі кісі атынан түсіп, Маралға оның ұстап тұру тәсілін айтыпты.
Марал шәкірт атты түнімен ұстап тұрады. Әрі қолтығында, бұрынғыдай ұстазына су жылытып беретін жез құманы жүреді.
— Қолыма су құйып жіберші, — дейді ұстазы. Марал құманмен ұстазының қолына су құя бергенде, селк ете қалып, қолын тартып алады да:
— Пүштүң күйсін, — депті. Су ыстық екен, екі алақанының терісі сыдырылып түсіп қалыпты.
— Мен суды отқа қойғаным жоқ, тақсыр! Күндегіше қолтығымның астына жылыттым, — дейді шәкірті. Оның жазықсыз екенін түсінген Жалаңаяқ ишан:
— Қап болмады ғой, тұқымың құритын болды-ау. Енді сенің қолыңа мен құяйын, сол қарғысты маған сен де айт, — депті.
— Тақсыр, не дегеніңіз ол болмайды ғой, — деген Марал.
— Әйтпесе қарғыс қайтпайды, — деп Маралдың қолына ыстық суды ол да құйған.
— Пүштүң күйсін, — депті шәкірті де.
— Міне, енді болды, сол бұрынғыша қалды. Тұқымың көбейетін болды деп әулие жайбарақат оның арқасынан қағыпты.
Ақ боз атты кісінің ертемен жүріп кететін әдеті екен. Жалаңаяқ ишан: Келген шаруаңызды айтыңыз! – депті.
— Мен шілтендердің басшысымын, қырық шілтеннің біреуі өліп, соның орнына осындай қасиетті орындардан адам іздеп жүрмін. Мен мінген ақ боз атты кім ұстап тұра алса, сол шілтен болатын еді. Түндегі ат ұстаған баланы алып кетемін, — дейді ол кісі. Бұған Жалаңаяқ ишан келіспепті.
— Шілтен болған соң, ол тұқымсыз кетеді ғой. Бұдан небір жақсы адамдар тарайды, мінекей көрмейсіз бе? – деп ұйықтап жатқан шәкіртінің бөксесін көрсетіпті. Сонда олар бала Маралдың болашақ ұрпақтарын корген екен. Оны ұстазы шілтендікке бермей алып қалыпты.
Ауылдан келгеніне бірнеше жыл болған Маралдың анасын сағынып жүргенін сезген Жалаңаяқ ишан бір күні тау үңгіріндегі мешітінен далаға шығарып әкетіпті. Оңаша жерде оң қолының бас бармағы мен сұқ саусағының ұшын қосып дөңгелек жасапты да:
— Балам, мынаған қара – деген екен.
Марал қараса, шешесі сиыр сауып, жылап отыр екен. Анасының өзін қатты сағынып жүргенін іштей сезген жасөспірім жігіттің де көзінен еріксіз аққан жас екі бетін жуып кетіпті.
— Ауылыңа барып қайта ғой, балам – деп, қатты толқып кеткен ұстазы оң тілек айтып, жолға шығарып салыпты. Ақмешіттегі атасының қолындағы анасын көріп, бірнеше күн болып, оқуына қайтады.
Жам тауында Марал тағы да бірнеше жыл оқуын жалғастырып, ғылым қызығына түседі. Бір күні ұстазы шақырып алып:
— Балам, сен өткен жолы қалыңдығыңды ренжітіп келдің. Ол: «менен біржола күдерін үзейін деген шығар», — деп қатты уайым үстінде жүр. Бар, бір ай мәуліт беремін, үйленіп қайт! – депті. Осы жолы Құланбай ишанның қызы Меңлібике анамызға некелесіп қайтқан екен.
Осы медреседе он жыл оқыған Маралға ұстазы еліне қайтуға рұқсат береді. Онымен бірге сонда оқыған 7 қалпе бірге қайтады. Оның төртеуі Әлім руының Төртқара аталығынан да, үшеуі басқа рудың жігіттері екен. Сонымен, оқуын бітірген Марал Ақмешітке атасы Құланбай ишанның ауылына келеді. Бірнеше жыл атасының ауылында болған кезінде үлкен баласы Қалқай туылады. Оның шын аты Қалмұхаммед екен.
Атасынан рұқсат алып, Ақмешіттен туған жері Қызылжарға қайтады. Сырдария өзенінің Қараөзек деп аталатын саласы қазіргі Қараөзек станциясында дариядан бөлініп, Қармақшы тұсында қайтадан өзеннің өзіне келіп құяды. Енсіз әрі өтуге қолайлы осы жерді жергілікті халық «Аша» деп атайды. Осы маңдағы елге Марал ишан тоқтап, қонақ болады.
Жиналған ақсақалдар мен ел билеушілері Маралдың алдынан шығып құрметпен қарсы алады, барынша сыйлап сыбағасын беріп, ел болып қошемет көрсетеді. Сонда қариялар жиналып келіп:
— Уа, Марал сізді бізге Құдай айдап әкелген шығар. Халық Құдайдың бір аты деген, ел атынан өтініш етіп сұраймыз, біздің ортамызда қалыңыз, — депті.
Сол жолы әулие, кейін оралып келуге, осы арада халықпен бірге болуға уәде берген екен. Қайда жүрсе де, басқа жерде қаншама қошемет көрсе де Сыр еліне берген осы сертін ұмытпапты.
Ақсақалдармен уағдаласып, қош айтысып аттанған Марал ишан, осы елден қозы көш жердегі басына шоқ-шоқ ну қарағай, сексеуіл өскен биік төбенің басына тоқтапты. Осы араға аттарын тұсап, өздері биік төбеге шығыпты. Ол өзіне аян берген әулие кемпірдің жатқан жерін, бас сүйегін табады. Дәл түсінде көргендей, айналасындағы белгілер, солардың арасындағы ойпаң жер бәрі көз алдына оттай басылады. Бұл былай болған еді.
Жам тауының үңгірінде ұйықтап жатқан Маралға бір кемпір былайша аян береді: «Балам менің басымды қарайт, белгі сал. Болмаса өзің осы жерді мекендеп, менің жатқан жеріме өзіңе жай сал», — депті. Ертеректегі аласапыран заманда бала-шағасы опат болған бір кемпір: «Ей, Алла бұл дүниеден ұрпақсыз өтіп барамын. Ең соңғы тілегім – маған әулиелік қасиет бер немесе басыма бір әулиені әкеп орнат», — деп мінәжат етіп жылаған екен.
Марал осы түсін Жалаңаяқ ишанға айтыпты. Сонда әулие әлгі кемпірге дұға оқып: «Тілегің қабыл болсын», — деп бата жасаған екен. Және Жалаңаяқ ишан Маралға қарап: «Түпкілікті мекенің сулы жер болады», — деген екен көрегендікпен.
Осылай әулие шешесінің жатқан жерін айнытпай тапқан Марал бір мал сойып, ол кісінің рухына садақа жасапты. Кетерінде әулие анасының басын қастарлеп көміп, Құран Хатм жасайды.

Талғат Жолдасұлы

degdar.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: